Оқыту әдiстері: Сұрақ-жауап, интербелсенді әдіс, түсіндірмелі-иллюстративтік, анализ-синтез әдісі
Сабақ барысы:
І. Қарастырылатын тақырып бойынша студенттерге «Семантикалық үшбұрыш туралы не білесіздер?» деген сұрақ қойылады.
Әр студент осы сұрақ төңірегінде берілген уақыт ішінде жекелей ой қозғайды, ойларын дәптерлеріне жазады.
ІІ. Студенттерге бірінші тақырып бойынша баяндалады, оны студенттер конспект түрінде дәптерлеріне жазады.
К.Огден, И.Ричардстың семантикалық үш бұрышының лингвистикалық мәні
Тіл білімінде сөздің табиғатын анықтауда «Семантикалық үш бұрыш» түсінігі де қалыптасты. Бұл терминді алғаш рет ғылымға қосқан 1927 жылы «Значение значения. Исследование влияния языка на мышление и научный символизм» деген еңбегінде американдық ғалымдар К.Огден мен И.Ричардс болды.
Семантикалық үш бұрыштың әр бұрышының өзіндік атауы бар. Сонымен қатар семантикалық үшбұрышты құрайтын элеметтерді әр ғалым басқаша түсініп, әр түрлы атады. Мысалы, Огден мен Ричардстың семантикалық үшбұрышының В бұрышы – ой, ал А бұрышы – символ деп белгілесе, даниялық Г.Стерн бұны сәл басқашалау түсіндіреді. В бұрышын – ұғым, А бұрышын – сөз деп атау берді. Семантикалық үшбұрыштыңбұрыштарының атаулары әр қилы және бір-бірімен сәйкес келмеуі – сөз құрылымын тереңінен қарастырып, жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |