Маханбетова күНСҰлу нұраддинқызы


ІІІ. Оқытылған лекцияны ортаға салып, студенттер өзара талқылайды



бет43/46
Дата07.04.2022
өлшемі368,58 Kb.
#30253
түріДиссертация
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Қазақ тілі білімінде лексикалық семантиканың зерттелуі, сөз мағынасын оқыту

ІІІ. Оқытылған лекцияны ортаға салып, студенттер өзара талқылайды.

Сабақты дамыта түсу үшін келесі тақырыптық мәселе бойынша лекция мәтіні студенттерге таратылып, оны оқу және талқылау тапсырылады.



  1. К.А.Алленфорф болжамының мәні.Г.Стерн көзқарасы. А.А.Новиков ұсынған трапеция теориясының ерекшелігі.

Қазақ тілінің семантикасын зерттеген М.Оразов кеңестік тіл білімі ғалымдарының ішінде К.А.Аллендорфтың ұсынған семантикалық үшбұрышын басқа ғалымдардың тұжырымдарынан өзгеше деп көрсетіп, лингвистикада ұсылынып келген ғалымдар көзқарасын үшке бөледі:

1. Шет ел традициялық семантикалық үшбұрышы

2. Шет елдер функциолналды семантикалық үшбұрышы

3. К.А.Аллендорфтың сызған семантикалық үшбұрышы /1.72б/

Шет елдер традициялық мектебінің семасиологтары және шет елдер функционалды семантика өкілдері семантикалық үшбұрыштың қызметін түсіндіруді В бұрышынан бастайды да, оны басқа бұрыштармен байланыстырады. Екінші сөзбен айтқанда, традициялық семасиологтар (1-сурет) ұғым (В) дыбыспен (А) байланысады және ұғым (В) денотатпен де (Д) байланысады, бірақ (А) сөз бен (Д) денотат тікелей байланысқа түспейді. Егер байланыс болатын болса, онда ол – жанама байланыс, ұғым арқылы өтетін байланыс болмақ деген көзқарасты ұстанады. Сондай-ақ, бұл топтың яғни дәстүрлі (традициялық) топтың өкілдері ұғымнан (В) денотатқа (Д) бағытталған бір жақты байланыс бар деп көрсетеді. Мұндай түсінік бойынша, адам санасында ұғымның пайда болуына денотат (зат) ешқандай әсерін тигізбейді деген көзқарас қалыптасады. Әрине, бұл көзқараспен келісу қиын. Егер сөз атауы өзі атап тұрған затпен ешбір байланыссыз болады деген қисынға құлақ қояр болсақ, онда бұл көзқарас тілдің пайда болуының кездейсоқ екендігі, сөз дегеніміз өзі атау болып тұрған затпен еш байланыссыз, тек оның шартты, келісілген, кездейсоқ қалыптасқан алмастырушысы ғана екендігі көрінеді. Әрине, қисынсыз көзқарас, бірақ қазіргі тіл білімі осындай көзқарасты ұстанып отыр.

Ал, функционалды семантика өкілдері тіпті сөз мағынасында денотаттық мағына элементтерінің болмайтындығын көрсетеді. Олар сөздердің мағынасын сөйлем құрамындағы сөздердің ара қатынасынан не лексико-семантикалық топтағы сөздердің орнына қарай анықтауды ұсынады. Сонымен қатар (В) ұғым мен (Д) денотат арасында тіпті байланыс болмайды деп түсіндіреді. Сондықтан бұл топтың өкілдері ұсынған семантикалық үшбұрышта байланыс (В) ұғымнан басталып сөзге, одан ұғымға қайта келеді. Бұл пікірге М.Оразов : «Сөз мағынасының денотатпен байланысы жоқ деген тезисті қабылдау мүмкін емес»,- деп қарсы ойын білдірді.

Жоғарыдағы ғалымдардың пікірлеріндегі семантикалық үшбұрыштар элементтерінің байланысуы нақты емес.



ІV. Лекция сабағын нақтылап, жүйелеу үшін үшінші тақырыпты интербелсенді тақтаны пайлана отырып, түсіндіріледі. Интербелсенді тақтаға семантикалық үшбұрыштардың кестесі және Ш.Бекмағамбетов ұсынған генетикалық ромбы ұсынылады.


  1. Ш.Бекмағамбетов ұсынған генетикалық ромб мәселесі

Ал, Ш.Бекмағамбетов сөз пайда болуының тілдік-логикалық жүйесін генетикалық ромба түрінде тану туралы идея ұсынамыз (сызбада).



Мұндағы алғашқы үшбұрыштың (ДВА) Д нүктесі денотатты (затты, мысалы ҮЙ заты), В нүктесі сол зат туралы санада пайда болған базистік сипаттағы логикалық ұғымды («қоршау» ұғымы), ал А нүктесі осы логикалық ұғымды бейнелейтін тілдік-дыбыстық материалды (бұл жерде – УП негізінен шығатын ЕБ/ЕВ тілдік-дыбыстық тұтастығы) белгілейді деп ұсынады.

А бұрышында дайын сөз емес, тек дыбыстық комплекс тұрады деп түсіндіріледі. (Бұл дыбыстық комплекстер адамның дыбысттық- артикуллияциялық аппараты ғасырлар бойы жетіле келе жасалған жоғарыда көрсетілген жеті түрлі тілдік негіздер. Бұл жағдайда логикалық ұғым (В) мен дыбыстық комплекс (А) екі бөлек тұр. Енді бұлардың бірігіп, алғашқы сөздер ретіндегі тілдік негіздердің жасалуы С бұрышында жүзеге асатынын айтады ғалым. Генетикалық ромбта белгіленген (А) дыбыстық комплекс пен (В) логикалық ұғым бірігіп, С бұрышында ең ежелгі тілдік екі дыбыстан (ГС) тұратын сөздерді құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет