Маханбетова күНСҰлу нұраддинқызы


ІІІ ЛЕКСИКАЛЫҚ СЕМАНТИКАНЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТУ



бет36/46
Дата07.04.2022
өлшемі368,58 Kb.
#30253
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
Байланысты:
Қазақ тілі білімінде лексикалық семантиканың зерттелуі, сөз мағынасын оқыту

ІІІ ЛЕКСИКАЛЫҚ СЕМАНТИКАНЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТУ

3.1 Сөз мағынасын оқыту әдістемесі

Қазақ тілін оқыту әдістемесі – қазіргі таңда кеңінен талқыланып, талданып келе жатқан мәселенің бірі. Ғалымдар күн сайын терең, жүйелі білім беру үшін қолданылатын тиімді әдіс -тәсілдердің алуан түрін ұсынып жатыр. Оның басты себебі – Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті тілдік тұлғасын қалыптастыру саясаты. Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай, бүгінгі жоғары оқу орындарында тұрған басты міндет – өзіндік айтар ой - пікірі бар, жоғары саналы, белсенді, бәсекеге қабілетті азамат тәрбиелеп шығару. Студенттердің ойлау қызметін дамыту, ой пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту – маңызды және күрделі мәселелер болып табылады. Төрткүл дүниедегі кез-келген ұлттардың ұйытқысы болар тұлғалы азаматтарының барлығы ең алдымен ана тілін ардақтауға, ана тілін сақтауға баса назар аударған. Демек, қазақ тілі әдістемесінде лексикалық семантиканы оқытуда оқытушыларға түсетін жүктің салмағы ауыр.

Қазақ тіл білімінде семантикаға лексиканы оқытқанда тоқталады. Сондықтан алдымен, лексиканың оқыту жайына тоқталсақ. Лексиканы қарастырған профессор Қ.Жұбановтың, академик І.Кеңесбаевтің, Ғ.Мұсабаевтың, Ә.Болғанбаевтың, Ғ.Қалиұлының көптеген зерттеу жұмыстары біршама жетістіктерге жеткізді. Ал лексиканы оқыту әдістемесі көп зерттеле коймаған сала. Алайда осы саланы зерттеуде орыс ғалымдары А.А.Текучевтің және М.Т.Барановтың зерттеулерінен методикалық бағыт алуға болады. Қазақ ғалымдарынан 1965 жылдан бастап қазақ тілін оқыту методикасына үлес қосқан Б.Кәтенбаеваның "Сөз құрамын” оқыту (1968), А.Айғабыловтың "Лексиканы оқытудың кейбір мәселелері” сияқты еңбектерін атауға болады. Сондай-ақ лексиканы оқытуға қатысты әдістемелік көзқарастарды Г.Уайсова, Б.Хахина, Ф.Оразбаева, Н.Шадиевалардың еңбектерінен кездестіруге болады.

Лексиканы оқыту мәселесі алдымен мектеп қабырғасынан бастау алып, 1962 жылы жасалған жаңа бағдарламадағы өзгешеліктер, негізінен, мынадай бағытты көздеді: біріншіден, бағдарламаға "Лексика” бөлімі енгізілді. Бұның енгізілу себебі мектепте жүйелі түрде сөздікпен жұмыс істеу болмайтын, оқушыларға негізгі лексикалық түсініктер берілмейтін. Тек мағыналық ұғымдар (сөз мағынасы, омоним, антоним, синоним) ғана өтілетін. Сондықтан бағдарламада лексикаға арнайы орын берілді. Екіншіден, сөздің жасалуы бағдарламаға да, оқулыққа да енгізілмеген еді. Бұл материал тек "Сөз құрамы” деген атпен жол-жөнекей ғана өтілетін. Демек, оқушының тілін дамытуда болсын, логикалық ой-өрісін жетілдіруде болсын сөз тудыру, оның жасалуы жөнінен мәлімет берудің қажеттілігі ескерілді. Әсіресе, сөз тудыру мәселесі лексика, грамматика, орфография тарауларын оқытуда негізгі мәселелердің бірі деп саналып, бағдарламаға "Сөздің жасалу жолы” тақырыбы қосылды.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде лексика тарауын оқытудың міндеттері мен мақсаттары анықталып, берілетін дидактикалық жаттығулардың тақырыптары мен көлемі белгіленді. Бұл лексиканы оқытудың білімдік, танымдық маңызы тіл білімі туралы ұғымды терең меңгертумен қатар, тілдің ең кіші бөлшегі – сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксис және стилистикамен байланысын түсіне білуге, яғни бүкіл тілдік жүйені меңгерту аса маңызды екенін көрсетеді. Алайда, ана тілінде сөйлей білген адамның барлығы да сол тілдің заңдылықтарын, қыр-сырын, сыр-сипатын толық біле береді деуге болмайды. Сондықтан лексиканы оқытудың практикалық маңызы зор.

Тіліміздегі сөз байлығын тексеретін ғылым саласы – лексика болса, сөздің ажырамас бөлігі мағынаны – семантика ғылымы зерттейді. Сол үшін лексикалық семантиканы оқытудың маңызы зор. Лексикалық семантиканы жоғары оқу орындарында оқытудағы мақсат – студенттерге тіліміздің сан қырлы сөз байлығын меңгерте отырып, бастысы – сөз сырына үңілту. Сондай-ақ сөздік қорымыздағы небір көркем сөздеріміздің мағынасын анықтай отырып, тіліміздегі өнегелі нақыл, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер арқылы оқушыларды адамгершілік, ізгілік, имандылық қасиеттерге баулу. Студенттің сөздік қорының дамуы, сөздерді дұрыс және мағыналық тұрғыдан дәл қолдана білуі – оның бейнелі әрі әсерлі сөйлеу дағдысын, өз ойын анық та айқын жеткізе алу қалыптастыратыны сөзсіз. Студенттерге тілдегі сөздердің мағынасы мен мәнін меңгертудің маңызы зор. Себебі Тіл – ұлттың бүтін бір құндылығы. Тілде сол халықтың тарихы, тыныс-тіршілігі, жан сезімі, діні мен ділі көрініс табады. Сонымен қазақ тілінің лексикалық семантикасын меңгеру арқылы студент тілдің небір терең қабаттарындағы тылсым қырларын меңгеруге мүмкіндік алады.

Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында сөз мағынасын лексиканы оқытқанда қарастырып келеді дедік. Бұған өзіміздің үлкен білім ордамыз мысал бола алады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасында мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бойынша лексиканы оқытудың жұмыс бағдарламасын құрастырған. Бұл жұмыс бағдарламасы оқу бағдарламалары комитетінің мәжілісінде бекітіліп, пәннің оқу жүктемесінің бөлінісі және оқу жұмысының түрлерін төмендегідейше берген:





Сем

Кредит көлемі

Апта саны

Лекция

Практ.

Жазбаша бақылау

Арал.

бақ


Қорыт.

бақыл.


Барлығы

1

3

15

30

15

1

2

1

49


Ұсынылған оқу бағдарласындағы 30 лекция сабақтарының тақырыптары:




Тақырып



Тақырып,

дәріс аттары



Тақырып мазмұны

Бар

лығы (сағат)



1-тақырып

Кіріспе

Қазақ тілінің шығу тегі, сипаттамасы, зерттелу тарихы мәселелеріне шолу

2

2-тақырып

Қазақ тілінің

Лексикологиясы, салалары, олардың зерттеу нысандары



Лексикология туралы түсінік, мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны, тіл білімінде алатын орындары, зерттеу нысандары

2

3-тақырып

Сөз мағынасы

Лексикалық мағыналардың негізгі типтері, көп мағыналылық, синоним, антоним, антонимдер, табу және эвфемизмдер мен дисфемизмдер

2

4- тақырып

Сөздік қор және сөздік құрам

Сөздік қор мен сөздік құрам, олардың ара қатынасы, түркі тілдеріне ортақ сөздер.

2

5-тақырып

Кірме сөздер

Араб-парсы тілдерінен енген сөздер, моңғол тілімен қарым-қатынасы, орыс тілінен енген сөздер, өзге шетел тілдерден енген сөздер.

2

6- тақырып

Сөздердің қолданылу өрісі

Жалпылама лексика, диалектілер, олардың отілде алатын орны, арнаулы лексика және оның қызметі.

2

7- тақырып

Сөздердің стильдік қызметі

Бейтарап лексика, сөйлеу тілінің лексикасы, кітаби лексика, экспрессивті-эмоционалды лексика

2

8-тақырып

Сөздердің қолданылу сипаты

Актив және пассив лексика, көнерген сөздер, неологизмдер

2

9- тақырып

Қазақ тілінің фразеологиясы

Фразеология және оның өзіндік белгілері, олардың түрлері, мақал-мәтелдерге қатысы

2

10-тақырып

Қазақ тілінің фразеологиясы

Фразеологизмдерге ұйытқы сөздер, сөз таптарына қатысы

2

11-тақырып

Қазақ тілінің фразеологиясы

Фразеологизмдердің көп мағыналылығы, фразеологиялық синонимдер, фразеологиялық варианттар,

2

12-тақырып

Қазақ тілінің фразеологиясы

Фразеологизмдердің шығу арналары, сөздіктерде берілуі

2

13-тақырып

Қазақ тілінің лексикографиясы

Сөздік түрлері, аударма сөздіктер, терминологиялық сөздіктер, орфографиялық сөздіктер

2

14-тақырып

Қазақ тілінің лексикографиясы

Түсіндірме сөздіктер, диалектологиялық сөздіктер, синонимдік сөздіктер

2

15-тақырып

Қазақ тілінің лексикографиясы

Абай тілінің сөздігі, этимолгиялық сөздік, фразеологиялық сөздік, орфоэпиялық сөздіктер. Қазақ лексикографиясының алдағы міндеттері

2

Осы оқу бағдарламасы негізінде студенттерге қазақ тілінің лексикология ғылымының қалыптасып, дамуы жайлы түсінік беріледі және қазіргі жағдайы туралы теориялық және практикалық білім негіздерін анықтап, сонымен бірге қазақтың ұлттық тілінің құрылысын зерттеп анықтайды. Пәнді оқытудың мақсаты төмендегідей мәселелерді шешуді көздейді:

А) қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына шолу жасау;

Ә) қазіргі қазақ тілі лексикасының семасиологиялық сипатына шолу;

Б) сөз табиғатын ашып көрсету, түсінік қалыптастыру;

В) қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы мен шығу арналарын зерделеу;

Демек, лексиканы оқытуда сөз жүйесін түсінуге, жазылу, айтылу нормаларын саналы меңгертуге және әр сөзді орынды қолдануға дағыдандырумен қатар, сөз және оның мағынасы туралы түсінік беріледі. Сондай-ақ сөз және оның мағынасы яғни сөз семантикасын оқытуға 2 сағаттың бөлінгенін көріп отырмыз. Және сөз және оның мағынасын жайлы түсінік аясы: Лексикалық мағыналардың негізгі типтері, көп мағыналылық, синоним, амоним, антонимдер, табу және эвфемизмдер мен дисфемизмдер мәселелер төңірегінде айтылып келеді. Сөз мағыналарының мұндай негізгі типтерге және түрлерге жіктеу жүйесімен таныстыра оқыту мектеп қабырғасынан (4 сыныптан) айтылып келеді.

Осылайша, жоғары оқу орындарында семантика ғылымы лексикологияның бір саласы ретінде қарастырылып, тек жалпылама шолу жасап кетеді. Алайда, семантиканың зерттелу аясы кең, жан-жақты талдауды қажет ететін ғылым саласы. Сондықтан сөз семантикасын оқытудың жұмыс бағдарламасын құрастырып, оны жоғары оқу орындарында ұсынудың маңызы зор.

Осы тұста С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, қазақ филологиясы кафедрасы «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттері үшін «Қазақ тілінің семантикасы» атты тәжірибелік оқу бағдарламасын ұсынғанын айтып кету керек.

Бұл оқу бағдарламасын ұсынушы доцент Қ.Т.Түсіпова пәннің мақсат міндеттерін былайша көрсеткен болатын:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет