Макроэкономика


Ақшаға сұраныс, оның теориялары мен моделі



бет37/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85
Байланысты:
treatise137692

Ақшаға сұраныс, оның теориялары мен моделі

Енді ақша сұраныс мәселесіне көңіл бөлейік. Ақшаға сұраныс – бұл шынайы ақша қорына сұраныс. Бізге ақша шынайы түрде керек, яғни біз оның сатып алу қабілетін ескереміз. Ол баға деңгейінен тәуелді (Р). Шынайы ақша қорына сұраныс мына формуламен анықталады:


, (4.5)

мұндағы,


М – ақшаның номиналды мөлшері;

Р – баға индексі;

D – сұраныс. Ақшаға сұраныс қандай факторлардан тәуелді?

Қазіргі экономикада Дж.М.Кейнс артынан, экономикалық субьектілер ақшаға деген сұранысты көрсететін бірнеше себептерді атап өту керек



  1. Трансакциялық себеп. Осыған байланысты біз келісім шарт үшін ақша сұранысын қарастырамыз. Ол деген күнделікті келісімде жүзеге асыру үшін экономикалық субьект қанша ақша ұстайды екен. Яғни тамақ өнімдерін, ұзақ қолданатын тауарларды қолдану, тұрмыстық-коммуналды шаруашылық, оқуға төлеу т.б. Осы сұраныс шамасы атаулы ЖІӨ көлемінен тәуелді, онда құнды қағаздар бойынша пайыздық кіріс алу мүмкіндігі жоғалады. Пайыздық ставка өсуі экономикалық субъектіде өз ақша қорын М2 ақша агрегатына бөле алады, солайша қаржы активтерінің үлесін қысқартады, ол қолма-қол ақша мен депозиттер түрінде болады (М1 ақша агрегаты), ол күнделікті келісімді іске асыруға арналған.

  2. Сақтану себебі экономикалық субьектінің ақшасын кездейсоқ жағдайлар тындауына сақтауға арналған. Яғни кездейсоқ жайға арналған ақша сұранысы. Осылайша мұндай жағдайларға деген ауру, соған байланысты өтімділік болуы керек, маңызды келісім жасау, экономикадағы макроэкономикалық кездейсоқтық (Ресейде­гі 1998 жылдағы дефолт сияқты). Сақтану мотиві бойынша сұраныс тек ЖІӨ көлемімен байланысты емес, ол сонымен бірге кірісті жіберіп қоюмен байланысты, яғни онда құнды қағаз алуға ақша салмай, экономикалық субьект пайыз алу мүмкіндігінен айырылады.

Ақша сұранысының осы екі түрі, ең алдымен ақшаны алмастыру құралы ретінде анықтайды.

  1. Алыпсатарлық себебі ақша құралының құндылықты сақтау функциясы ретінде негізделген. Сонымен, әр индивид өзінің ақша құралын қандай түрде сақтауға пайдалы екенінін өзі шешеді. Ақша абсолютті өтімді, бірақ пайыз әкелмейді. Ал облигациялар өтімділігі аз болса да, кіріс әкеледі. Осылайша, әңгіме ақшаға алыпсатарлық сұраныс туралы болмақ. Біз портфельді таңдау туралы айтамыз, онда әртүрлі қаржы құралының қолайлы үйлесуі туралы айтылған. Алғаш рет соңғы екі мотивті Дж.М.Кейнс қарастырды, ақшаға сұранысты ескере отырып. Кейнс бойынша алыпсатарлық ақша сұранысы құнды қағаз бойынша пайыздық ставкадан тәуелді. Кейнс тек бір құнды қағазды қарастырды – мем­лекеттік займ облигациясын. Мұндай қадам тәуекелді ескертпейді. Мемлекеттік облигациялар тәуекелсіз құнды қағаздар делінеді. Олар біршама сенімділікпен ерекшеленеді.

Ақшаны қолда ұстау немесе облигация алу облигация бойынша пайыздық мөлшерлемеден тәуелді. Облигация бағасы мен оның кірісі кері тәуелділікте болады.

Экономикалық субьект облигация бойынша пайыздық мөлшерлеме өсуін көре отырып, өзінің өтімділігінен босап, облигация алуға бет бұрады. Осылай, облигация бойынша пайыз­дық мөлшерлеме жоғары болған сайын, өтімділікке сұраныс төмен болады. Керісінше, облигация бойынша пайыздық төлем төмен болған сайын өтімділікке деген сұраныс жоғары.

Шынайы әрекетте баламалы ақша ұстау тек купондық облигациялар ретінде ғана емес, басқа қаржы активтері яғни пайыз­дық пайда әкелетін – жылдам және жинақ депозиттері, әртүрлі эмитенттер облигациялары түрінде көрінеді. Жоғары инфляцияда шынайы қаржы қоры валюта курсы өзгеруімен күтіледі.

Сонымен, ақшаға деген жалпы сұраныс MD трансакционды сұранысты, кездейсоқтықтан сақтану мотиві бойынша сұраныс пен алыпсатарлық ақшаға сұранысты көрсетеді де Ү кірісінен және пайыз мөлшерлемесінен і тәуелді болады:


MD=L(Y,i) (4.5.1)
мұндағы L – өтімділікті таңдау функциясы.
Ақшаға деген сұранысты графикті түрде мына суреттен көруге болады. Ақшаға деген сұраныс пайыздық төлемге кері тәуелді, себебі MD қисығы кері көлбеулі (4.1 сурет).

4.1 сурет. Ақшаға деген сұраныс
Пайыздық төлем жоғары болған сайын облигация арзан болады, сәйкесінше өтімділікке деген сұраныс та аз. Адамдар өзінің ақша активтерінің үлкен бөлігін облигация немесе депозиттер түрінде ұстайды, солай өзінің қолма қол ақшасын қысқартады. Ақша сұранысы графигі ақша көлемінің қандай қоры әртүрлі пайыздық төлемде қандай экономикалық субьектіні қалайтынын көрстеді.

Ақшаға деген сұранысты талдай келе, экономикалық ғылымның маңызды теорияларының бірі – ақшаның сандық теориясына көңіл бөлеміз. Бұл концепция әртүрлі экономистер мен философтардың – Д.Юм, А.Маршалл, А.Пигу, М.Фридменнің еңбектерінде көрініс тапқан. Ол XVIII-ғасырда ұсынылған, өзгерген түрде бүгін де дамуда.

Ақшаның сандық теориясы мынадай айтылады: ақша ұсынысы елде баға деңгейін анықтайды. Басқаша айтқанда егер ақша ұсынысы өссе, онда баға деңгейі де өседі. Ақшаның сандық теориясы сипатында И.Фишер теңдеуі қолданылады:
MV=PQ, (4.6)

мұндағы,


М – айналымдағы ақша мөлшері,

V – ақша айналымының жылдамдығы,

Р – әр келіссөздің орташа бағасы,

Q – белгілі мерзімдегі сатып алу-сату келіссөз мөлшері.

Ақша айналу жылдамдығы көрсетіледі, орташа бір жылда қанша рет ақша бірлігі қызмет пен тауар айналуына жұмсалды.

Бірден айтсақ, келіссөз мөлшері – эмпирикалық қиын анықталатын шама. Сондықтан Q көрсеткіші шынайы ЖІӨ алмастырады, немесе Y, келіссөз мөлшері шынайы ЖІӨ көлеміне пропорционал деп ойлай отырып. Онда теңдеу мынадай болады:


MV=PY (4.6.1)
Ақшаның сандық теориясының теңдеуін пайыздық формуламен көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет