Макроэкономика


ж. ақша агрегаттарының құрамы



бет35/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85
2016 ж. ақша агрегаттарының құрамы

млн. теңге6



 

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1. Ақша базасы (резервтiк ақша)

4 993 159

4 894 149

4 646 906

5 162 164

1.1 ҚҰБ тыс қолма-қол ақша

1 537 636

1 825 191

1 818 787

2 050 087

ҚҰБ-гі ЕДБ және басқа ұйымдардың депозиттері

3 455 522

3 068 957

2 828 119

3 112 078

2. Ақша базасы (тар мағынада)

4 127 715

4 285 886

4 451 053

4 792 611

оның ішінде

2.1 ҚҰБ-гі ЕДБ резервтік депозиттері



2 056 893

2 041 405

2 109 097

2 310 652

3. М0

1 302 768

1 582 258

1 560 761

1 748 751

4. М1

3 587 429

4 220 880

4 038 754

4 602 956

5. М2

9 738 474

10 669 976

11 173 979

12 589 931

6. М3 (ақша массасы)

17 787 745

18 399 437

19 188 844

19 912 578

Ақша базасы 2016 жылдың соңында ҚР ҰБ таза сыртқы активтерінің жəне таза ішкі активтерінің өсуі есебінен 3,4% кеңейді жəне 5 162,2 млрд. теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 4792,6 млрд. теңгеге дейін өсті. 2016 жылдың соңында ақша массасы 19912,6 млрд. теңгеге дейін өсті (жыл басынан бері – 12,0% өсті). 2016 жылы айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 1748,8 млрд. теңге (жыл басынан бері – 34,2%-ға өсті) болды, банк жүйесіндегі депозиттер 4603,0 млрд. теңгеге дейін өсті (жыл басынан бері – 28,3% өсті).


4.2 Ақша ұсынысы: коммерциялық банктердің ролі
Белгілі болғандай коммерциялық банктегі депозиттер – ірі ақша массасын құрайды. Қолма-қол ақшадан, яғни ҰБ эмиссиялық әрекетінен бас тарта отырып, алдымен қысқарған ақша ұсыны­сының қалыптасу моделін қарастырамыз. Бұл модельде келесідей субъектілер қатысады:

1) Ұлттық банк;

2) коммерциялық банктер (депозитті мекемелер);

3) салымшылар – жеке тұлғалар мен банкте депозиті сақталған ұйымдар;

4) қарыз алушылар – депозитті мекемеден несие алатын, ұйымдар мен жеке тұлғалар.

Банктер – кірісті тартатын қаржы делдалдары.

Қаржы делдалы салымшы мен кредитор арасында тұрған институт. Сондықтан қаржылық делдалдар рөлін тек коммерциялық банктер; зейнетақы қорлары, қамсыздандыру компаниялары да қаржылық жалғаушылар бола алады.

Депозиттік мекемелер чекті депозитті шот аша алатын қолма-қол емес түрде ақша ұсыну формасына қатыса алады. Мысалы, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, қаржылық жалғау­шылар бола алады бірақ олардың әрекеті ақша ұсыну қалыптасуы­мен байланыссыз.

Ақша ұсынысы дегеніміз – экономикадағы қазіргі уақыт мезетіндегі бар ақша көлемі.

Ақша ұсынысы мемлекеттік саясаттың негізгі құралы болып табылады, оны мемлекет атынан ҰБ реттейді. Ақша ұсынысын жиі ақша массасы деп те атайды. Ақша массасының көлемін реттеу саясаты ақша саясаты деп аталады.

Ақша ұсынысын реттеудің негізгі 3 құралы бар:

(1) Ашық нарықтағы операциялар, яғни мемлекеттік құнды қағазды сату және сатып алу. ҰБ құнды қағаздарды коммерциялық банктерге сатады. Бұл жағдайда артық ақшаның массалық резервтері төмендейді де, нәтижесінде экономикада мәмілелер азаяды, табыс та азаяды және керісінше.

(2) Міндетті резервтер нормасы. Ол былай белгіленеді: rr. Егер ҰБ міндетті резервтер нормасын өсірсе онда артық ақша массасы резервтері (M) төмендейді, нәтижесінде табыс деңгейі де төмендейді және керісінше.

(3) Есеп мөлшерлемесі. r пайыз өссе, артық ақша массасы резервтері төмендейді, оның нәтижесінде табыс деңгейі төмендейді және керісінше.

Ақша ұсынысы тек қана ҰБ саясатына ғана емес, сонымен қатар ақша иелері мен ақша сақтайтын банктердің іс-әрекетіне тәуелді.

Ақша құрамына халықтың қолындағы қаражаттар мен мәмілелер жасауға қолданылатын банктік шоттардағы қаражаттар кіреді. Ақша массасының көлемі:
M = Cu + D (4.2)

мұндағы,


Cu – қолма-қол ақша,

D – депозиттер, яғни ағымдағы шоттардығы қаражат сомасы.

Ақша ұсынысын анықтайтын факторларды анықтау үшін Cu мен D арасындағы өзара әрекеттесу механизмін және олардың әрқайсысына ақша-несие саясатының тигізетін ықпалын талдау қажет.

Сонымен, ақша ұсынысын кеңейтуді зерттеу үшін мына белгілеулерді енгіземіз:

D (депозиттер) – банкке салымшымен берілген сома;

Re (резервтер) – салушы талабын тез қанағаттандыратын жеткілікті сома.

Резервтер міндетті, ҰБ орнатылатын, және артық, яғни міндеттіден үстем, банк өз қалауы бойынша ұстайтын, резервтерге бөлінеді. Біздің мысалда оңай болу үшін коммерциялық банктер артық резерв ұстамайды, және барлық активтерді, міндетті резервті есепке алмай, ссуда беруге қолданады.

rr (резервтер нормасы) – бұл резервтер сомасының депозиттер сомасына қатынасы, яғни Re/D = rr. ҰБ орнатылған резервтер нормасы міндетті резервтер нормасы деп аталады.

Коммерциялық банктердің резервтері ҰБ-те сақталады – бұл ҰБ-тің пассивтері. Осы сақталған резервтерге пайыздар төленбейді немесе ол өте тар, сондықтан rr жоғарылауы коммерциялық банктер үшін кірісті түсіреді. Міндетті резервтер өзіндік «депозитке салық ретінде көрінеді». Міндетті резервтер мәнгі тек 100%-ды өтімділікті жабдық­тамайды. Міндетті резервтер нормасын қалыптастырудың басты маңызы – банктердің несиелік эмиссиясы.

Ақша массасын құру механизмінің екі жолы бар:



  1. 100%-қ банктік резервтеу;

  2. жартылай банктік резервтеу.

1. Мысалы, CU-1000$ қолма-қол ақша бар деп есептейік. Ол банкке келіп түсті. Депозитке D айға салынды деп есептейік. Бұл жерде салымдарды несиеге берілмейді деп қарастырайық. Әрбір коммерциялық банктің ішінде салымшылардың қолма-қол ақшаға сұранысын қанағаттандыру үшін және олардың төлемдері бойынша қаражатты басқа банктерге аудару үшін резервтер болады. Банктің резервтері оның ҰБ қолма-қол ақша мен депозит­терінен құрылады.
Актив Re=1000; Пассив D=1000, делік.

Резервтегі қаражатты тек салымшылардың өзі талап еткенде ғана қозғалтады. Сондықтан да ақша массасы өзгермейді. Яғни бұл механизмде ақша ұсынысына ешқандай әсері жоқ.

2. Cu=1000$ қолма-қол ақша банкке түсті. Ол депозитке айналды. Депозиттен банк резервтеріне және несиеге ақша бөлінеді. Несиенің нәтижесінен ақша массасы өзгерді.

Мысалы:


Бірінші банк: Актив Re-200; Пассив D-1000; несие-800

Екінші банк: Актив Re-160; Пассив D-800; несие-640

Үшінші банк: Актив Re-128; Пассив D-640; несие-512

rr – депозиттерді резервтеу нормасы. Резервке айналатын салымдардың үлесі 20%, демек резервке – 200$; ал несиеге 800$ беріледі. Бұл жерде бірінші банк ақша ұсынысын 800$ көбейтеді. Сонда салымшының шотында 1000$ және несиеде 800$ бар.

Енді қарыз алушы 800$ басқа банкке салады, екінші банк оның 20%(160$) резервке салады да, 640$ несиеге береді. Келесі үшінші банкте осындай операциялар жүргізеді.

Осылайша әр бір жаңа салым мен жаңа несие ақша массасын өзгертеді.

1 банк несиеге=(1-rr)·1000

2 банк несиеге=(1-rr)2·1000

3 банк несиеге=(1-rr)3·1000

М=, яғни резервке әрбір доллар 1/rr долларға тең жаңа ақша шығарылады.

Банкті ссуда беретін кезде құрады. Банк жүйесімен ақша құру процесін қарастыра отырып, біз депозиттік мультипликатор әрекетін қарастырдық, яғни депозиттер шамасы өсуінің алғашқы резервтер өсу шамасына қатынасы:
md = ∆D/∆R (4.2.1)
Депозиттік мультипликатор резервтің міндетті нормасына кері пропорционалды, сәйкесті оны мына формуламен анықтайды (4.2.1):
md = l/rr (rr – ондық бөлікте) (4.2.2)
Біз қарастырған депозитті кеңейту үлгісі бірқатар топшыламалардан негізделді:


  • біз қолма-қол айналу жүйесіндегі ағысты ескермедік. Қарыз алушы банктен ссуда алып оны міндетті емес басқа есептерде депонирлейді. Осылайша қарыз алушылар банк жүйесінде ақша құруда өз рөлін атқарады;

  • банктер ссуда ретінде міндеттіден басқа барлық резерв массасын бере алады. Шынайы әрекетте банктер белгілі бір жағдайда артық резервтер де ұстайды. Мұнда ақша ұсынысын құрғанда коммерциялық банктер рөлі көрінеді;

  • салымшылардың қолында қанша ақша ұстағысы келетіні ҰБ басқарылмайды. Сәйкесті ақша ұсынысын анықтағанда салымшылардың да рөлі зор.

Ақша ұсынысының моделіне 3 экзогенді айнымалы кіреді:

1) Ақша базасы. MB=Cu+Re

2) Депозиттерді резервтеу нормасы, яғни rr

3) Ақшаны депонирлеу коэффицентті, яғни қолма-қол ақшаны депозитке айналдыру коэфициенті, сr.

Ақша ұсынысын анықтайық:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет