Макроэкономика


Ұлттық шоттар жүйесі және оның негізгі көрсеткіштері



бет6/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
treatise137692

1.4 Ұлттық шоттар жүйесі және оның негізгі көрсеткіштері
Кез келген елдің экономикасында шаруашылықтық қыз­меттердің көптеген түрлері бар. Зауыттарда машиналар мен құрал-жабдықтар өндіріледі, ауыл шаруашылық саласындағы жұмыс­шылар халық үшін тауарлар мен өнеркәсіп үшін шикізаттарды өндіреді, қызмет көрсету саласындағы дәрігерлер, мұғалімдер мен банк жұмысшылары еңбек етеді. Белгілі бір уақыт аралығындағы белгілі бір мемлекет халқының экономикалық белсенділігінің нәтижесін өлшеу үшін макроэкономиканың негізгі көрсеткіштері: ұлттық байлық, жалпы ішкі өнім мен жалпы ұлттық өнім қолданылады.

Ұлттық байлық – заттық игіліктер қоры мен жердің құны. Ол ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар мен қорлардан (фирмалардың тауарлы-материалды қорлары және үй шаруа­шы­лықтарындағы ұзақ мерзімді қолданыстағы тұтыну тауарларының қоры) тұрады. Белгілі бір уақыт аралығындағы Ұлттық байлық өзгерісі (ағыны) ЖІӨ немес ЖҰӨ көрсеткіштерімен сипатталады.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – ұлттық территория шекарасында барлық өндіріс факторларын қолдану арқылы белгілі бір уақыт аралығында (әдетте, 1 жыл ішіндегі) ел экономикасында өндірілген соңғы тауарлар мен қызмет көрсетулердің ағымдағы нарықтық құны.

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – берліген ел азаматтарының меншігіндегі, соның ішінде басқа мемлекеттер шекарасында орна­ласқан, өндіріс факторларымен өндіріслген соңғы тауарлар мен қызметтердің ағымдағы нарықтық құны.


ЖҰӨ  ЖІӨ – ел ішінде шетелдік өндіріс факторларымен өндірілген өнім + шетелдерде отандық өндіріс факторларымен өндірілген өнім
Макроэкономикада ЖІӨ өлшеудің үш әдісі бар:

  1. Өндірістік әдіс (қосылған құн әдісі).

  2. Шығыстарды сомалау әдісі.

  3. Кірістерді сомалау әдісі.

Кез келген әдісті қолдану – нәтижесінде бірдей ЖІӨ көлемін береді. Енді әрқайсысына тоқталайық.

Өндірістік әдіс (қосылған құн әдісі). Осы әдіс бойынша ЖІӨ – белгілі бір уақыт аралығында ел ішінде өндірілген түпкілікті тауарлар мен қызметтердің ағымдағы өндірісінің қосылған нарықтық бағасын сипаттайды.

Біріншіден, мұнда түпкілікті тауарлар мен қызметтер, яғни кейін қайта өңдеуге жіберілетін аралық тауарлар мен қызметтерге (өндірісте шығындар ретінде қолданылатын шикізат, материалдар мен қызмет көрсетулер) қарағанда түпкілікті тұтыну үшін арналған тауарлар туралы сөз болып отыр. Игіліктің түпкілікті және аралық болып бөлінуі олардың функционалдық тағайындалуымен анықталады.

Екіншіден, елдің ішкі өнімі жөнінде, яғни осы ел территориясында өндірілген ЖІӨ туралы сөз қозғалып отыр. ЖІӨ-нен – резиденттер меншігінде, сондай-ақ басқа да мемлекеттер шекарасындағы өндіріс факторларымен өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің ағымдағы нарықтық бағасын сипаттайтын ЖҰӨ көрсеткішін алмастырған ЖҰТ-тан ажырату қажет.

Мәселен, біздің елде өндірілген өнімнің бір бөлігі шетелдіктердің меншігінде болуы мүмкін. Мысалы, шетелдіктер Қазақстанның пайдалы қазбалар орындарының бір бөлігіне ие болсын делік. Бұл өнім Қазақстан территориясында өндірілсе де, ол басқа елдердің ЖҰТ-на қосылады. Бірақ егер Қазақстан резиденттерінің шет елдегі өндіріс факторларының бір бөлігі иелігінде болса, онда осы факторлардың табысы Қазақстанның ЖҰТ-на қосылады. Жабық экономикада, яғни басқа елдермен ешқандай сауда-экономикалық қатынасы жоқ экономикасы бар елдің ЖІӨ мен ЖҰТ сәйкес келмейді.


Кесте 1.1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет