Макроэкономика


Өндіріс әдісімен алынған ЖІӨ нақты көлем индексі (2014-2016 жж.)1



бет7/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85
Байланысты:
treatise137692

Өндіріс әдісімен алынған ЖІӨ нақты көлем индексі (2014-2016 жж.)1
өткен жылдың тиісті кезеңіне %-бен

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

2014ж. 9 ай

2015ж.
9 ай


2016ж.
9 ай


Тауарлар өндіру

100,9

100,5

100,2

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

101,4

102,9

104,6

Өнеркәсіп

100,1

99,4

98,0

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

99,9

98,7

95,8

Өңдеу өнеркәсібі

100,3

100,9

100,6

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

101,8

98,3

100,2

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

94,1

89,7

94,6

Құрылыс

104,3

104,5

106,9

Қызметтер өндіру

105,8

102,4

100,3

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

109,2

101,0

97,1

Көлік және қоймалау

106,8

106,0

103,9

Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

103,4

103,9

100,5

Ақпарат және байланыс

107,7

102,5

96,3

Қаржы және сақтандыру қызметі

104,2

103,1

100,9

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

103,2

102,0

102,0

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

102,9

102,3

100,5

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

105,8

100,3

102,0

Кесте 1.1 жалғасы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

2014ж

9 ай

2015ж
9 ай


2016ж
9 ай


Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету

101,6

104,3

101,4

Білім беру

102,2

102,9

101,5

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

101,8

102,9

102,1

Өнер, ойын-сауық және демалыс

110,0

102,1

100,9

Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

105,4

101,2

101,1

Үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтары қызметі

100,1

100,0

103,1

Жалпы қосылған құн

103,7

101,6

100,3

Азық-түлікке салынатын таза салықтар

108,0

95,7

103,4

Жалпы ішкі өнім

104,1

101,1

100,4

Жалпы айтқанда, ЖІӨ есептегенде географиялық фактор, ол ЖҰТ есептегенде – резиденттік факторлар ескеріледі.

Түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетудің құнын анықтағанда тек қана қосылған құнды, яғни кәсіпорынның өндірілген өнім құнына қосқан бөлігін сомалау қажет. Қосылған құн – фирмалардың тауарларды сатудан түскен табысы мен басқа фирмалардан жартылай фабрикаттар, сондай-ақ шикізаттарды сатып алу шығындарының айырмасы ретінде анықталады.

Экономиканың барлық салаларында пайда болатын қосылған құнға тауарларға таза салықтарды, сонымен қатар амортизацияны қосу керек.

Қосылған құн теріс болатынын да ескерген жөн. Фирмалар материалдар мен шикізаттарды пайдаланып, тұтынушылар сұранысын тудырмайтын дайын өнімді өндіру кезінде қосылған құнның теріс болатынын көре аламыз. Мұндай тауарларды тек қана сатып алынған шикізаттар құнынан да төмен бағаға сату мүмкін немесе мүлдем мүмкін емес. Басқаша айтқанда, теріс қосылған құнды құру әлеуметтік экономика шарттарындағы көптеген кәсіпорынның қызметтері үшін қажетті қоғамның шектеулі ресурстарын шығындау болып табылады.

Шығыстарды сомалау әдісі. Осы әдіс арқылы есептелінген ЖІӨ – барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің экономикалық агенттерінің шығыстарының сомасы ретінде сипатталады.

Экономикалық агенттердің келесі негізгі баптары бар:



  1. Жеке тұтыну немесе тұтыну шығыстары (С).

  2. Жалпы ішкі инвестициялар немесе капитал салымдары (Ig), яғни таза инвестициялар (Іn) мен амортизацияның (d) қосындысы. Таза инвестициялар – инвестициялық тауарлар (капиталды игілік) қорларының өсімі болып табылады. Сонымен қатар жыл ішінде машиналар, станоктар және құрал-жабдықтар ескіреді, ал олардың орнын толтыру үшін жыл сайынғы амортизациялық аударымдар қажет. Ішкі инвестициялардың үш түрін ажыратады: тұрғын-үй құрылысына инвестициялар; негізгі капиталға инвестициялар және тауарлық-материалдық қорларға салынған инвестициялар.

  3. Мемлекеттік тұтыну немесе тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу (G). Осы көрсеткіштердің құрамына қайта таралу нәтижесі болатын мемлекеттік трансферттер кірмейді.

  4. Тауарлар мен қызметтердің экспорты, яғни таза экспорт (Nx).

Демек, ЖІӨ-ді Y айнымалысымен белгілеп, ұлттық шоттар жүйесінде қолданылатын негізгі макроэкономикалық теңдікті келесідей жазуға болады:
Y=C+Ig+G+Nx (1.3)
Кірістерді сомалау әдісі. Қосылған құн – фирманың өндіріс факторлары иелеріне еңбекақы, пайда, пайыз, рента сияқты кіріс түріндегі төлемі. Сәйкесінше, барлық қосылған құндар сомасы барлық кірістер сомасына тең болуы керек. Осыдан, кірістерді сомалау әдісі өндірістік әдіспен сәйкес келеді.

Бірақ, осы әдісті қолданған кезде барлық табыстың сома­сына амортизация мен жанама салықтарды қосу қажет. Соңғы екі көрсеткіш табыс болып есептелінбегенімен, осы екі көрсеткішсіз өндірістік және кірістерді сомалау әдістері бойынша ЖІӨ-ді есептеудің бірдей нәтижелерін ала алмаймыз.

ЖІӨ-ді есептеудің соңғы әдісі – аяқтаушы әдіс ретінде қарастырылады, өйткені өндірістік әдіс шығыстарды сомалау әдісіне қарағанда басқа қайнар көздер (мысалы, салық деклара­циялары) негізінде есептеледі.

ЖІӨ мен оның көлемін есептегенде келесідей келісім-шарттар түрлері кірмейді:



  • қаржылық келісім-шарттың құны (акциялардың, облига­циялардың және т.б. қаржылық құралдардың нарықтық бағасы);

  • бұрын қолданыста болған тауарлар мен антиквариаттардың құны, өйткені олар алдыңғы кезеңде өндірілген;

  • жеке трансферттер (мысалы, алыстан жіберілген ақша аударымдары);

  • мемлекеттік трансферттер (зейнеткерлерге, толық емес отбасыларға және т.б.-ға мемлекеттік бюджеттен көмек).

Жоғарыда аталған келісім-шарт түрлері ағымдағы кезеңде қосылған құнды құрмайды және сондықтан ЖІӨ құрамына кірмейді.

Енді жинақтар мен инвестициялардың арасындағы байланысты қарастырайық. Бір жағынан, ЖІӨ инвестициялар мен тұтыну сомасы ретінде көрсетілсе, екінші жағынан, ЖІӨ жинақтарды да тұтыну үшін қолданады.

Оны келесі теңдік арқылы көрсетуге болады:
C+I=C+S (1.4)
Бұл теңдіктен, жинақтар инвестицияларға тең екендігі шығады:
I=S (1.5)
Шыққан теңдіктер жалпы экономикалық тепе-теңдікпен байланысты жинақтар мен жинақтау процестерін түсіну үшін өте қажет.

Кез-келген елде ұлттық шоттар экономикалақ жиынтық өндіріс көлемін өлшеу үшін құрылған. Экономикалық ұлттық шоттар жүйесі жеке фирмадағы бухгалтерлік есепке сәйкес келеді.

«Ұлттық шоттар» термині алғашқы рет 1950 жылы голландық ғалымы Ван Клиффпен қолданылған болатын. Ұлттық шоттар жүйесінің дамуына 1929-1933 жылдардағы Ұлы экономикалық депрессия мен Екінші Дүниежүзілік Соғыс алғышарт болды. Экономикалар ашыққа айналды, мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастар кеңейе түсті және бұл біріңғай есептеуді қажет етті.

Ұлттық шоттар жүйесі барлық елдердің бүкіл эконо­микалық көсеткіштерін (ЖІӨ, жұмыссыздық деңгейі, жұмысбасты­лық, инфляция деңгейі, пайыздық қойылымдардың динамикасын, экономикалық жүйедегі салалар мен секторлардың үлесін және тағы басқа, соның ішінде демографиялық көрсеткіштерді де салыстыруға мүмкіндік беретін статистикалық әдіснаманың бірегейлігін қамтамасыз етеді. Бұл салыстырмалы сипаттама жасауға, мемлекеттің дүниежүзілік шаруашылықта алатын орны жайлы негізделген тұжырымдама беруге және мемлекеттің өсуінің негізгі болашақ келешегі мен стратегиясын анықтауға мүмкіндік береді.

Ұлттық шоттар жүйесіне кіретін көрсеткіштер өндіріс көлемін белгілі уақыт мезетінде өлшеуге және экономикалық қызмет етуін анықтайтын факторларды ашуға көмектеседі.

Ұлттық шоттар жүйесі беретін ақпарат экономикалық қызмет етуді жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясатты құру мен жүзеге асырудың негізі болып табылады.

Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) – әдеттегідей бір жылға ЖІӨ өндіру процесін, ақырғы қолдану мен таратуды сипаттайтын бухгалтерлік шоттар түріндегі кестелер жүйесімен сипатталады.

Әлемдік шаруашылықтық байланыстардың жаһандануы шарттарында дамыған елдердің көбісі өзінің ҰШЖ-ін халықаралық стандарттарға негіздейді. Олардың ішінде негізгісі ҰШЖ-93 болып табылады, яғни БҰҰ, ХВҚ, Әлемдік банк, Экономиклық даму мен бірлестік ұйымы және Еуроодақтың статистика бөлімдерінің бірлескен күштерімен құрылған ҰШЖ-і болып табылады. ҰШЖ-не ЖІӨ-нен басқа, онымен тығыз байланысты басқа да көрсеткіштер кіреді.

Кесте 1.2-де ЖІӨ көрсеткішінен үлкен дәрежеде халықтың жағдайын сипаттайтын жеке табыс көрсеткішіне біртіндеп өтуі көрсетілген.

Салықтар мен салықтық емес төлемдерді төлегеннен кейін үй шаруашылықтары мен ұсақ меншік иелерінің қолында қалатын табыс былай анықталады.


Жеке қолдағы табыс (DI) = Тұтыну + Жинақтар
Мұндағы, жинақтар 3 топқа бөлінеді:

  1. Жеке жинақ:



  1. Мемлекеттік жинақ:



  1. Ұлттық жинақ:

Sұ


Қаржы нарықтарында ұлттық жинақтар қаржылық ресурстардың ұсынысын білдіреді.
Кесте 1.2



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет