Макроэкономика


Мемлекеттің антициклдік саясаты



бет77/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   85
Байланысты:
treatise137692

9.4 Мемлекеттің антициклдік саясаты
Қоғамдағы экономикалық тұрақтылықты ұстап тұру үшін мемлекет, ең алдымен циклдық ауытқуды жақсартуға бағытталған антициклдық саясат жүргізеді. Экономикалық циклға әрекет етудің негізгі құралы ретінде, мемлекет ақша-несие және бюджет-салық­тық басқыруларды пайдаланады. Дағдарыс кезіндегі мемлекеттің барлық іс - әрекеті өндірісті ынталандыруға бағытталса, өрлеу кезінде – оны ұстап құтуға бағытталады. Осылайша, өрлеу фазасында несие қымбаттап, жаңа салықтар еңгізіліп, ескілері жоғарлайды, жедел амортизация мен жаңа инвестицияларға деген салықтық жеңілдіктер жойылады. Дағдарыс кезінде, керісінше, мемлекеттік бағдарламалар несиені арзандатуға, салықты қысқартуға, жедел амортизация мен жаңа инвестицияларға деген салықтық жеңілдіктер жасауға бағытталады.

Осымен, ұдайы өндіріс процессіне мемлекеттің саналы түрде әрекет етуі, экономиканың циклдық дағдарыс формасында қызмет етуінің, стихиялы-нарықтық механизімі жүзеге асады.



Қазіргі экономикалық дағдарыстың айырылмас бір бөлшегі терінде инфляцияны айтпай кетуге болмайды. Ол экономиканың циклды қозғалысымен әрекеттеседі және циклдың механизімін өзгертеді. Бұл өзгеріс нарықтық сұраныстың дағдарыстық тары­луына деген баға «сезімталдығының» және бұл сезімталдықтың сұраныс өсуіне өзгеруімен сипатталады. Себебі, монополиялық ірі капиталдар, жоғары бағаны сақтай отырып өндірісті қысқарту арқылы халықтың төлемгеқабілетті сұранысының тарылуына бейім­деледі.Мемлекет ірі фирмаларға осы жолмен дағдарысты «басқаруға» мүмкіндік береді. Нәтижесінде заманауи дағдарыста баға қалыптасуының екі қарсы тенденциясы байқалады: жоғарла­тылған, ірі капитал мен мемлекет іскерлігіне байланысты, және төмендетілген, нарықтық сыйымдылықтың циклдық қысқартылуы­мен сипатталады. Осыған байланысты, мемлекеттік саясаттың антициклдық бағыты антиинфляциялық бағытпен ауыстырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет