Макроэкономика



бет38/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85
Байланысты:
treatise137692

M % өзгерісі + V % өзгерісі = P % өзгерісі + Y % өзгерісі
Атаулы және нақты пайыз мөлшерлемелері арасында байланыс бар:
1 + r = (1 + i) / (1 +) (4.6.2)

мұндағы - инфляция қарқыны.

Егер инфляция қарқыны нөлге тең болса, онда нақты пайыз мөлшерлемесі атаулы пайыз мөлшерлемесіне теңеседі: r = i - .

Бұл ара қатынас i = r +  түрінде Фишер теңдеуі деп аталады.

Несиегер мен қарызгер келіссөз жүргізу барысында атаулы пайыз мөлшерлемесі жөнінде келісімге келгенде, алдағы кезеңде инфляция қарқыны қандай мәнге айналатынын білмейді. Сондықтан Фишер теңдеуіне сәйкес келесі шарт қабылданады:
i = r + e, (4.6.3)

мұндағы e – болжалды инфляция қарқыны.

Кембридж мектебінің экономистері (А.Маршалл, А.Лигу, Д.Робертсон) XX- ғасырдың басында айырбас теңдеуінің кембридждік нысанын ұсынды:
M = k·PY (4.6.4)

мұндағы k – айналым жылдамдығына кері көрсеткіш.

Теңдеудің сол жағы (4.6.2) ақша ұсынысын көрсетеді, ал оң жағы ақшаға деген сұранысты. Осылайша, ақшаға деген сұраныстың неоклассикті теориясы номиналды табыс деңгейіне тәуелді (PY), яғни баға деңгейінен тура тәуелді және шынайы кіріс деңгейі Y. Ешгер біз шынайы күйдегі ақша массасы туралы айтсақ онда:

(4.6.5)
Көрсеткіш k – бұл бізге белгілі монеттену коэфициенті немесе экономиканың ақшамен қанығу көрсеткіші. Мына формулада (4.6) ол номиналды ЖІӨ-дегі елдің номиналды ақша қоры үлесін көрсетеді. Әрі M/PY мына қатынаспен өлшенеді. k көрсеткішін есептеуді былай түсіндірсе болады: М – бұл ақша қоры, ал PY – ақша ағыны. Егер ақша қоры мәнін ақша ағыны мәніне бөлсе сосын 100 пайызға көбейтсе онда монеттену коэфициентін аламыз.

Ақша айналу жылдамдығы V мына қатынаспен анықталады PY/M, яғни монеттену коэфициентіне кері шаманы көрсетеді.

Ақша теориясы мөлшерінің жақтаушылары алдымен монетаристер ақша айналу жылдамдығы мен оның кері шамасы – k ұзақ мерзімде өзгеріссіз қалады да тұрақты болып қабылданады дейді. Басқаша айтқанда монетаристер пікірі бойынша ақша айналу жылдамдығы тұрақты, ал сәйкесті ақшаға деген сұраныс тұрақты. Монетаристер V көрсеткіші институциялық факторлардан тәуелді деген пікірде, ол тез өзгере қоймайды: төлей алу жүйесі, төлемді жүзеге асыру тәсілі, төлемді дәстүрлер (мысалы, айына қанша рет осы елде еңбек ақы беру керек). Шынайы ЖІӨ немесе Y көрсеткіші ұзақ мерзімді мезгілде монетаристер қадамынан өзінің әлуетті деңгейінде тұрады деп есептейді. Сондықтан осы шама тұрақты деп қабылданады.

Кейнсшілер, керісінше, ақша айналым жылдамдығымен сәйкес көрсеткіш k тұрақсыз дейді. Ақшаға деген сұранысты анықтағанда олардың ойынша пайыздық төлем өзгеруі пайыздық төлем өзгерісіне үлкен рөл атқарады ликвидтілік өзгергіш болады. Сәйкесті кері шама яғни ақша айналу жылдамдығы V, тұрақсыз. Ақша ұсынысындағы өзгеріс баға деңгейі пропорционалды өзгеріс тудырмайды.



Ақшаға сұраныс моделі келесі екі теңдеу жүйесінен құрылады:

(4.7)
Ақшаға сұраныс модельдерінде ақшаның негізгі екі функциясына назар аударылады:

1) жинақтау құралы

2) айналым құралы.

Ақшаның жинақтау құралы ретінде функциясына ақшаға сұраныстың портфелдік теорияларына акцент қойылады. Бұл теорияларға сәйкес, ақша активтер формасының бірі. Бұл теориялардың негізгі тұжырымы бойынша, ақшаның басқа активтерге қарағанда тәуекелдік пен табыс факторлары жағынан белгілі ерекшелігі бар. Мемлекеттік акция мен облигацияларға бағалар төмендегенімен, ақшанаң қорлануы сенімді атаулы табыс әкеледі. Сондықтан экономистердің ойынша, оптималды активтер қоржынын немесе портфелін құрастырғанда халық өтімділігі жоғары ақша құралдарына артықшылық береді.

Портфельдік теориясына сәйкес ақшада қажеттілік әртүрлі активтердің салыстырмалы тартымдылығымен анықталады. Ол әрбір активтің тәуекелділік дәрежесіне, табыс деңгейіне және активтердің жалпы саласына тәуелді.

Ақшаға сұраныстың портфельдік теориясының моделі келесідей:


(4.7.1)

мұндағы,


L – өтімділік;

rs – акциялар бойынша нақты болжамды табыс;

rb – облигациялар бойынша нақты болжамды табыс;

πb – инфляцияның болжамды қарқыны;

W – материалдық активтер.
Ақшаға сұраныстың трансакциондық моделі (теориясы) ақшаның айналым құралына бас назар аударады. Бұл теория бойынша ақша басқа активтерге қарағанда сатып алулар жасау үшін ғана жинақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет