Сиыр еті: ірі қара малдың мойын үстіңгі бөлігінде тұтас еті (ұшасы) қысқа, жуан, жалпақ, майсыз болады; дөңес емес, жиі құлаған сауырлы, құйымшағы төмпешік бейнеленген; 13 қос жалпақ, жуан, бір – бірінен алшақ орналасқан қабырғалар болады; Ірі қараның тілі өткірлеу, үшінші орташа ісік тәрізді қырлы болады; сол жақ өкпесі 3-ке бөлінген, оң жағы 4-5 бөлікті, бүйректерінің құрылысы бөлікті, көк бауыры иілген сопақ тәрізді. Өгіз етінің түсі қою қызыл, көгілдір бейнемен,ал сиырда қарқынды қызыл, таңқурай қызыл түсті. Консистенциясы – бұқада тығыз, дөрекі, ал өгіз бен сиырда нәзік тығыз. Иісі арнайы сиыр етіне тән. Бұлшық ет ұлпасының көлденең кескінінде түйірлілігі жақсы көрінеді, ал бұқада ұсақ түйірлі. Бұлшық ет аралық дәнекер ұлпасының қабаты өгізде борпылдақ, бұқада және сиырда тығыз. Өгізде мраморлығы анық көрінеді, сиырда нашарлығы тұқымына, жасына, қоңдылығына байланысты. Бұқада мраморлығы жоқ. Майы ақ және сарғылттау, ол малдың жасына байланысты, консистенциясы тығыз, иісі спецификалық.
Жылқының еті: жылқы ұшасын ұзын, мойыны тарлау, жоғарғы бөлігін май қабаты жабады, ал арық жануарларда ақ дәнекер ұлпалы, құйымшақ дөңестері білінбейді, 18 жартылай дөңгелек, тар, бір-біріне жақын орналасқан қабырғалары болады. Тері асты майы жоқ. Жылқының бауыры анық үшке бөлінген. Оң жағы үлкен, сол жағы орташа көлемді, ортасы кішкентай; тілі жазық, ұшы қалақ тәрізді: сол өкпесі – 2 бөлікті, оң жағы 3 бөлікті: сол жақ бүйрегі бұршақ тәрізді, оң жағы үш бұрышты; көк бауыры жалпақ, үш бұрышты, дөңгелек шетті әлсіз қисықталған. Етінің түсі қою қызыл, кескен кезде күлгін түсті, , сақтаған кезде көгілдір – күлгін рең иеленеді. Консистенциясы тығыз. Жылқы еті үшін иісі спецификалық. Бұлшық еттің көлденең кескіні дөрекі түйіршікті, мраморлық жоқ. Бұлшық ет аралық дәнекер ұлпасының қабаты қатты дамыған. Майы сары түсті, консистенциясы жұмсақ, спецефикалық иісті.
Бұзау еті: тұтас етінде тері асты майы болмайды, етінің түрі ақшылдан күңгірт – қызғылтқа дейін. Еттің консистенциясы нәзік, иісіне спецификалық тән дәмі тәтті – қышқыл. Бұлшық ет дәнекер ұлпасы әлсіз, нәзік. Майы тығыз, ақшыл кейбір кезде қызғылттанып тұрады, және спецификалық иісі болып тұрады.