Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау


Шошқа етінің консервіленген (қатқан, тұздалған) трихинеллоскопиясы



бет41/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70
Байланысты:
ВСЭ каз ОКОНЧ

4 Шошқа етінің консервіленген (қатқан, тұздалған) трихинеллоскопиясы.
Қатқан шошқа етін ең алдымен ерітеді. Кескіндер жуандығы 1,5 мм-дан аспауы қажет. Кескіндерді компрессорииумның төменгі шынысына орналастырып үстінен жоғарғы шынымен басады. Кейін үстіңгі шыныны алып әр кескінге пипеткамен 0,5% тұз қышқылының немесе метиллен көгі ерітіндісінің тамшыларын тамызады. Кескіндерді өңдеу ұзақтығы 1 минут. Осыдан кейін үстіңгі шынынны қайта қойып қарапайым кезекпен кескіндерді зерттейді.Тұз қышқылымен өңделген бұлшық ет кескіндері мөлдір, сұрлау түсті болады. Трихинелл болған жағдайда капсулла күміс түсті жиек иемденеді, ал, капсула ішіндегі сұйықтық ақуыздардың коагуляциясы әсерінен ақшылданады. Метилен көгімен өңделген кескіндер көк түске боялады, трихинелла ішіндегі сұйықтық нәзік-көгілдір түске боялады., ал паразит боялмайды бірақ жақсы көрінеді. Егер ет көп сақталуынан ылғалдылықтың көп бөлігін жоғалтса трихинелла қуысы бұлшық ет талшықтарына қарағанда қаралау түске боялады.
5 Бұлшық ет кескіндері. Трихинеллоскопия кезінде консервіленген шошқа етіне қарағанда тұздалғанды 2 есе нәзігірек жасайды. Тіпті олардың үстінен компрессориумның үстіңгі шынысы арқылы сәл басуға кеңес беріледі, осыдан кейін әр кескінге су мен бірдей араласқан глицерин тамшысын немесе кескіндердің ақшылдануы ұшін 5% сүт қышқыл ерітіндісін тамызады. Өңдеу уақыты мен зерттеу тізбегі қатқан шошқа етіндегі сияқты болады.
6 Шошқа шпигінің трихинеллоскопиясы. Микроскопиялық жағынан көрінбейтін бұлшық еттің жұқа қабаттарының тері асты май шөгінділерінде трихинелллалар таралуы мүмкін. Көрінбейтін бұлшық еттің жұқа қабаттарының шпигі барлық қалыңдықта және қабыршақтану сызығы бойынша кескіндер ішкі бетінен алынады. 0,5 мм шамасындағы қалыңдықта 5 кескін алады және 1% - ті фуксин ерітіндісіне, 5% - ті күйдіргіш натрий ерітіндісіне батырады. Кейін оларды ерітіндіден алып компрессориумның төменгі шынысына жайадыда үстіңгі беткі шыныны жауып, зерттейді. Триханеллалар қызыл және сарғылт-қызыл түсті қосылулар ретінде көрініп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет