Мал шаруашылығЫ Өнімдерін өндіру және өҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІ мал шаруашылығы және балық Өнімдерін өндіру технологиясы



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата02.04.2017
өлшемі1,11 Mb.
#11038
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Қаңқасы.  Ұшуға  бейiмделгенiнiң  арқасында  құстардың  қаңқалары  жеңiл,  әрi  берiк  мықты 

болады. Сүйектерiнiң iшi қуыс болғандықтан жеңiл болады, ал берiктiгi  - сүйектерiнiң бiр-

бiрiмен  жымдасып,  бiрiгiп  кетуiнен  болады.  Құстардың  бас  сүйегiнiң  құрылысы 

рептилилердiкiне ұқсас, бiрақ бас миының үлкен болуына байланысты ми сауыты да үлкен 

болып, әрi мықты, әрi жеңiл болады. Бас сүйегiне жалғасқан алғашқы екi мойын омыртқасын 

атлант және эпистрофей деп атайды.  

Омыртқа  жотасы  -  мойын,  кеуде,  бел,  сегiзкөз,құйымшақ-құйрық  бөлiмдерiнен  тұрады. 

Мойын  омыртқалары  бiр-бiрiне  ер  сияқты  жалғасқан,  яғни,гетероцельдiк.  Оның  саны 

құстардың  әр  түрiнде  11-ден  25-ке  дейiн  болады.  Кеуде  омыртқалары  3-тен  10-ға  дейiн 

болады.  Бұдан  қабырғалар  шағын  төс  сүйегiне  қозғалмалы  бекiген.  ұшатын  құстар  мен 

пингвиндерде  төс  қыры  болады,  ал  жүгiретiн  құстарда  (страус)  төс  қыры  жоқ.  Бел 

омыртқалары  бiр-бiрiмен  және  мықын  сүйектерiмен,  сегiзкөз  омыртқалары  мен  тұтасып 

бiрiгiп  кеткен.  Құйрық  омыртқалары  6-9  болады.  Құйыршық  сүйегiн  кейде  пигостиль  деп 

атайды.  

 

Иық белдеуi - жауырыннан, коракоидтан және бұғанадан құралады. Алдыңғы аяғы немесе 



қанаты  мынадай  сүйектерден  тұрады:  тоқпан  жiлiктен,  кәрi  жiлiк  және  оның  шынтақ 

сүйегiнен, алақан сүйектен және екi,үш, төрт саусақтан.  

 

Жамбас  белдеуi-  бiрiккен  мықын  сүйектен,  шонданай  сүйектен,  шап  сүйектен  тұрады. 



Артқы аяқтары - ортан жiлiктен, сирақтан (цевка), саусақ сүйектерiнен тұрады. құстардың 

көпшiлiгiнде саусақ саны- төрт, сирегiрек-үш, ал Африка түйеқұсында - екеу болады. Iшкi 

қуысы ауаға толы сүйектi пневматикалық деп атайды.  

 



Ет  жүйесi.  Құстардың  бұлшық  еттерi  (мускулатурасы)  амфибилер  мен  рептилилерге 

қарағанда  бiршама  жiктелiп  барып  күрделенген.  әсiресе  құстардың  көкiрек  және 

қанаттарын қозғалтатын iрi бұлшық еттерi, сонымен қатар аяқ бұлшық еттерi өте жақсы 

жетiлген.  Бұл  бұлшықеттердiң    көмегiмен  құстар  ұшады,  жүредi,  ағаштарға  өрмелейдi 

және тамағын табады.  

 



Қан  айналу  жүйесi.  Құстардың  жүрегi  төрт  камералы:  2-құлақшадан,  2-қарыншадан 

тұрады. Венозды қанды оң жақ құлақшадан алатын оң қарынша - артерия қанын сол жақ 

құлақшадан алатын сол қарыншадан толығымен бөлiнген. Рептилилердiкi сияқты құстар 

эмбрионында да оң және сол жақ қолқа доғасы болады. Кейiннен даму барысында сол жақ 

қолқа  доғасы  жойылып  кетедi.  Ал  сол  жақ  қарыншадан  кететiн  оң  қолқа  доғасы  бүкiл 


денеге  артерия  қанын  апарады.  Жүректің  оң  жақ  жартысында  вена  қаны,  сол  жақ 

жартысында артерия қаны болып бөлiнген. Сол себептi де үлкен және кiшi қан айналым 

шеңберi  де  толық  бөлiнген.  Құстардың  денесi  өте  тез  жиырылады.    Мысалы,  ұсақ 

құстарда  тыныштықта  минутына  400-600  рет  болса,  ол  ұшып  жүрген  кезiнде  1000  рет 

жиырылады. Құстар денесiнде қан ағысы өте тез жүредi, соған сәйкес зат алмасу да жедел 

болып, дене температурасы жоғары келедi (плюс 42°).  

 

Тыныс  алу  жүйесi.  Құстардың  рептилилерге  қарағанда  күрделi.  Ол  ұшуға  байланысты. 



Ауа тесiктермен хоандар арқылы ауыз қуысына жетiп, сосын көмекей арқылы кеңiрдекке 

өтедi.  Кеңiрдек  екi  бронхаға  тармақталып,  оң  және  сол  өкпеге  енедi.  Бронхалардың 

тарамдары  өзара  нәзiк  түтiктер  -  парабронхалар  арқылы  қосылады.  Олардан  тұйық 

түтiктер  бронхиолдар  тарайды.  Бронхалардың  тарамдары  жұқа  қабырғалы  ауа 

қапшықтарын  құрайды.  Құстарда  ауа  қапшықтары:  мойын  бөлiмiнде  -2,  бұлшық  ет 

астында  -2,  алдыңғы  жақ  кеудесiнде  -2,  артқы  жақ  кеудесiнде  -2,  құрсағында  -2,  бұғана 

аралығында -1. Ауа қапшықтары құстардың ұшу кезiнде тыныс алу механизмiн реттейдi. 

Бұл ауа қапшықтарында газ алмасу жүрмейдi. Ұшатын құстар қанаттарын көтергенде ауа 

қапшықтарының  көлемi  үлкейiп,  iшiне  өкпе  арқылы  ауа  толады,  ал  қанаттарын  төмен 

түсiргенде  ауа  қапшықтарының  көлемi  кiшiрейiп,  ауа  өкпе  арқылы  сыртқа  шығады. 

Демек,  құстар  денесiне  ауа  ендiргенде  де,  шығарғанда  да  қанда  ұдайы  тотығу  процесi 

болып  тұрады.  Яғни,  дем  алғанда  да,  дем  шығарғанда  да  бронхиол  капиллярлары 

қанығады.  Бұл  құбылыс  қос  тыныс  деп  аталады.    құс  қанатын  неғұрлым  жиi-жиi  қақса, 

соғұрлым  күштi  тыныс  алады.  Ауа  қапшығының  тыныс  алудағы  маңызынан  басқа  да 

қызметi бар. Олар дененiң құрсақ қуысын толтырады және кейбiр ұзын сүйектердiң iшiне 

кiрiп  құстың  салмағын  10%-ке  дейiн  жеңілдетедi,  жылу  берiлуiн  азайтады,  жұмыртқа 

салуды  оңайлатады.  Кеңiрдектiң  екi  өкпеге  тарамдалатын  жерiне  орналасқан  сақиналы 

төменгi көмекейдiң әсерiнен құстар дыбыс шығарып, сайрайды.  

 

Зәр  шығару  жүйесi.  Зат  алмасу  процесiнiң  үздiксiз  жүруiне  байланысты  құстарда 



диссимиляция  өнiмдерi  шамадан  тыс  көп  бөлiнiп,  сыртқа  шығарылады.  Ол  функцияны 

жамбас  бүйректерi  атқарады.  әр  бүйректен  несеп  түтiгi  шығып,  ол  клоакаға  ашылады. 

Қуығы  болмайды,  сондықтанда  зәр  заты  нәжiсiмен  бiрге  клоакадан  сыртқа  бөлiнедi. 

Денесiмен  салыстырғанда  құстардың  бүйрегiнiң  көлемi  үлкен,  сондықтан  да  зат  алмасу 

процесi  активтi  түрде  тез  жүредi.  Несебiнде  белокты  заттардың  қалдығы  көп,  негiзiнен 

несеп  қышқылы  мол  (сүтқоректiлерде  мочевина  көп).  Торғай  тәрiздiлермен  жыртқыш 

құстардың көпшiлiктерi су iшпейдi.  

 



Ас  қорыту  жүйесi.  Құстардың  тiсi  болмайды,  оның  қызметiн  қатты  тұмсығы  атқарады. 

Ауыз  қуысының  түп  жағында  тiлi  болады.  Тiл  түбiрiнiң  артқы  жағы  мен  көмекей 

саңылауынан  ұзын  өңеш  басталады.  Өңеш  дәнмен  қоректенетiн  құстарда  кеңейiп 

жемсауға айналадыы. Жемсауда ас сiлекей көмегiмен iсiнiп, жұмсарады. Өңеш қабырғасы 

жұқа бездi қарынға барып жалғасады. Мұнда асқорыту сөлi (шырыны) болады. Сосын ас 

еттi  қарынға  түседi,ол  жерде  жұтылған  тастардың  көмегiмен  iрi  қоректiк  заттар  үгiледi. 

Еттi қарын тек дәнмен қоректенетiн құстарда жақсы жетiлген де, ал басқаларында нашар 

дамыған.  Iшегi  -  ұзын  аш  iшекпен  қысқа  тоқ  iшекке  жiктелген.  Тiк  iшек  дамымаған. 

Ішектiң  соңғы  бөлiмiнде  асқорыту  мүшесiне  жатпайтын  өсiндi  -  ерекше  фабрициева 

қалтасы  болады.  Оның  қызметi  -  лимфатикалық  клеткаларды  жасап  шығарады.  Ас 

қорытылуда  бауыр  үлкен  роль  атқарады.  Кейбiр  құстарда  (көгершiнде)  өт  қалтасы 

болмайды.  

 

Пойкилотермдi және гомойотермдi жануарлар. 

  

Дене температурасы тұрақты жануарларды гомойотермдi, ал дене  температурасы тұрақсыз, 

яғни  айнымалы  жануарларды  пойкилотермдi  деп  атайды.  Құстардың  дене  температурасы 

сүтқоректiлерге  қарағанда  өте  жоғары.  Тiптi  төменгi  сатыдағы  жүгiретiн  құстардың  дене 

температурасы +37,8°. Құстардың орта температурасы +42°-тең. Ал торғайтәрiздiлердiң дене 


температурасы  max  +45,5°  жетедi.  Бұл  жоғары  температура  организмдегi  зат  алмасу 

процесiнiң интенсивтi жүруiне байланысты.  

 

Лекция 

Тақырып: Сүтқоректілер класы (Mammalia). 

 

 

Сүтқоректілер  –  омыртқалы  жануарлардың  ең  жоғарғы  даму  сатысында  тұрған 

жануарлар болып табылады. Олардың негізгі ерекшеліктері төмендегідей: 

 

1.  Орталық  нерв  жүйесі  жақсы  дамыған.  Миының  үлкен  ми  жарты  шарларында  сұр 



қыртысының болуы жоғары нерв әрекетінің орталығы ретінде үлкен роль атқарады. 

 

2. Сүтқоректілер тірі туатын жануарлар. Ұрпағын сүтімен қоректендіреді. 



 

3.  Дене  температурасының  тұрақты  болуына  байланысты  сүтқоректілерде  жылу 

реттелу қабілеті жақсы дамыған. 

 

Сүтқоректілердің  қазіргі  кезде  4000-ға  жуық  түрі  белгілі.  Қазақстанда  олардың  178 



түрі кездессе, оның ішінде 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қазақстанның 

сүтқоректілер  фаунасына  7  отрядтың    (насекомқоректілер,  қолқанаттылар,  жыртқыштар, 

жұптұяқтылар, тақтұяқтылар, кемірушілер, қоянтәрізділер) өкілдері жатады.   

 

Сүтқоректілердің  морфологиялық  ерекшеліктеріне  мыналар  жатады:  денесі  түкпен 



жабылған, кейбір түрлерінде түк мүлде болмайды немесе рудимент ретінде сақталған (кит, 

дельфин),  тері  бездері,  оның  ішінде  сүт  бездері  жақсы  дамыған,  дене  кеуде  және  құрсақ 

қуысына бөлінген, олардың арасын диафрагма (көк ет) бөліп тұрады, тісі күрек тіс, шошақ 

тіс, азу тіс болып жіктелген, жүрегі төрт камералы, тек қана сол жақ қолқа доғасы сақталған. 

Қызыл қан түйіршіктерінде ядро болмайды.  

 

Ас  қорыту  жүйесі  сөл  шығаратын  бездері  бар  түтікке  ұқсайды.  Ауыз  қуысынан 



басталып,  жұтқыншақ,  өңеш,  қарын,  ішекпен  жалғасады.  Бауыры  диафрагманың  астыңғы 

жағына орналасып, өт пен ұйқы безінің жолдары он екі елі ішекке ашылады.  

 

Сүтқоректілердің тістері – күрек тістер (латынша – incisivi(i), шошақ тістер (canini(c), 



жалған  азулар  (praemolares(pm),  азу  тістер  (molares(m)  деп  бөлінеді.  Сүтқоректілердің 

тістерінің  жалпы  саны  мен  олардың  топқа  бөлінуі  әрбір  түрдің  тұрақты  систематикалық 

белгісі  болып  табылады.  Оны  белгілеу  үшін  бөлшек  түріндегі  арнаулы  тіс  формуласы 

пайдаланылады  (ол  тіс  түрінің  латынша  атауының  алғашқы  әрпімен  белгіленеді).  Бөлшек 

сызығының  үстіндегі  сандар  жоғарғы  жақтағы  тістің  санын,  ал  сызықтың  астындағы  сан 

төменгі жақтағы тістің санын көрсетеді. 

Мысалы:                                                            3       1          4        2 

Қасқырдың тіс құрылысының формуласы: i 3 ;  c 1 ;  pm 4 ;  m 3  = 21 x 2 = 42; 

                                                                               2       0                  6 

Үй қоянының тіс құрылысының формуласы: i 1 ;  c 0 ;  pm + m 5  = 14 х2 = 28. 

 

 

Күйіс  қайтаратын  сүтқоректілердің,  мысалы  сиырдың  қарны  4  бөлімнен  тұрады: 



үлкен (мес) қарын, оның ішкі бетінде қатты бүрі болады; жұмыршақ қарын, оның ішкі беті 

торлы  ұяшықтарға  бөлінген;  жалбыршақ  қарын,  оныі  ішкі  беті  көлденең  орналасқан 

қатпарлардан тұрады; ұлтабар немесе безді қарын.   

 

Сүтқоректілердің бүйрегі,  басқа амниоттардікі  сияқты   мықын бүйрегі  (metanephros) 



деп аталады. Анамнияларға тән дене бүйрегі (mesonephros) сүтқоректілерде эмбриональдық 

даму кезінде болады да, кейін жойылып кетеді. 

 

Сыртқы тұрпаты, үлкендігі  әрқалай болып келеді. Мысалы, қазіргі заманда тіршілік 



етіп  жатқандардың  ішінді  ең  кіші  сүтқоректі  –  белозубка-малютка  (Насекомқоректілер 

отряды) – салмағы 1,2-1,7 г, ұзындығы 3,8-4,5 см. Құрлықтағы ең ірі сүтқоректі – африка пілі 

– биіктігі 3,5 м, салмағы 4-5 тонна, ал теңіз сүтқоректілерінен – көк кит, оның ұзындығы 33 

м, салмағы – 150 танна (яғни салмағы 30-35 пілге тең). 

 

Сүтқоректілер класы 3 класс тармағына  бөлінеді: 



 

1. Жұмыртқа салушы сүтқоректілер немесе алғашқы аңдар (Prototheria). 



2. Қалталылар немесе төменгі сатыдағы аңдар (Metatheria). 

3. Плацентарлылар немесе жоғары сатыдағы аңдар (Eutheria). 

 

Жұмыртқа салушы сүтқоректілер немесе алғашқы аңдар (Prototheria). 

 

Австралияда,  Тасманияда  және  Жаңа  Гвинеяда  кездеседі.  Басқа  сүтқоректілермен 

салыстырғандағы  негізгі    ерекшеліктері:  1)  ұрықтарын  жұмыртқа  түрінде  туады. 

Жұмыртқасының  сары  уызы  мол  және  ірі  болады.  Кейбір  түрлері  (үйректұмсық)  құстар 

сияқты жұмыртқаларын басып шығарса, ал екіншілері (ехидна) жұмыртқасын арнаулы тері 

қалталарына  салып  ұрпағын  сонда  шығарады.    2)  амфибиилер,  рептилилер  және  құстар 

сияқты  клоакасы  болады.  3)  миы  нашар  дамыған,  ми  сыңарларының  арасындағы  сүйелді 

дене  болмайды.  4)  сүт  бездері  түтікшелерден тұрады,  емшегі  болмайды.  5)  аналықтарында  

құстардікі сияқты тек қана сол жақ жыныс безі дамыған. 6) иық белдеуінде рептилилер мен 

құстардағы сияқты коракоид сүйегі болады. 7) жамбас белдеуінде қалталы сүйектері бар. 8) 

ұрығының  даму  кезінде-ақ  бас  сүйектері  тігіс  қалдырмай  бірігіп  кетеді  (монолит).  9)  етті 

еріндері  болмайды.  10)  ересектерінің  тісі  болмайды.  Жас  үйрек  тұмсықтарда  көп  қырлы 

тістері болады. 11) денесінде түктері болса да, дене температурасы өте төмен (22-37ºС) және 

тұрақсыз болады. 

Клоакалылар  немесе  біртесіктілер  деп  аталатын  бір  отрядқа  жататын  екі  тұқымдасы 

(ехидналар және үйрек тұмсықтар) бар.    

Өкілдері:  Үйректұмсық,  ехидна,  проехидна.  Проехидна  ехиднадан  ұзын  жіңішке 

тұмсығымен ерекшеленеді. 

 

 

Қалталылар немесе төменгі сатыдағы аңдар (Metatheria). 



 

Төменгі  сатыдағы  көпшілік  түрлерінің  құрсағында  тері  қалтасы  болады.  Жаңа  туған 

балаларын  соған  салады,  оның  ішінде  емшектері  болады.  Қалта  болмайтын  түрлерінде 

(опоссумдар)  емшектері  көкірегінде  немесе  құрсағын  бойлай  орналасады.  Плацентасының 

болмауы  немесе  нашар  жетілуінің  салдарынан  ұрықтың  құрсақтағы  даму  мерзімі  қысқа 

болады,  сондықтан  туылған  ұрпағы  өте  әлжуаз  болады.  Мысалы,  ұзындығы  2  метрге 

жуықтайтын  кенгурулардың  буаз  болу  мерзімі  39  күн  болса,  баласының  ұзындығы  3  см, 

салмағы  80  г.  Олардың  әлжуаздығы  соншалық,  өздігінен  еме  де  алмайды.  Сондықтан, 

емшектің  ұшы  ауыз  қуысына  енгенде  ол  ісініп,  ауыз  қуысын  толтырады.  Осы  кезде 

баласының  көмекейі  жоғары  көтеріліп,  ауыз  қуысы  мен  тыныс  қуысы  (хоан  тесігі)  бір-

бірінен ажырайды. Сондықтан баласының аузына сүт құйылғанда ол тұншықпайтын болады. 

Сүттің  ауызға  құйылуы  сүт  бездерінің  маңында  орналасқан  ерекше  еттердің  жиырылып-

созылуы  нәтижесінде  жүзеге  асады.  Аналықтарының  жұмыртқа  жолдары  жұп  күйінде 

сақталғандықтан,  олардың  қынабы  да  екеу  болады.  Осыған  сәйкес  аталықтарының  да 

шағылыс мүшесінің ұшы екі айырық болады.  

Қалталыладың  қазіргі  кезде  250  түрі  кездеседі.  Ең  кішісі  –  қалталы  тышқандар  –  4  см,  ең 

үлкені  – үлкен сұр кенгуру  – 1,6 м. Орташа дене температурасы 36  градус. Австралия мен 

оның  маңындағы  аралдарда,  сондай-ақ  бірнеше  түрі  Солтүстік,  Орталық  және  оңтүстік 

Америкада кездеседі. 

Барлық  төменгі  сатыдағы  аңдар  –  қалталылар  деп  аталатын  бір  отрядқа,  ол  екі  отряд 

тармағына (көп күрек тістілер және қос күрек тістілер) бөлінеді. 

Көп  күрек  тістілер  орманда,  жерде    және  жартылай  суда  тіршілік  ететін  жануарлар. 

Қоректену  тәсіліне  қарай  жыртқыштар,  насекомқоректілер  және  қорек  талғамайтындар 

болып бөлінеді. Азу тістерінің ұшы өткір, бұдырлы және жақсы жетілген шошақ тістері бар. 

Үстіңгі  жағының  әрбір  жартысында  3-5,  ал  төменгі  жағынығ  әрбәр  жартысында  3-4  күрек 

тістері  болады.  Тері  қалтасы  барлығында  бірдей  бола  бермейді.  Мысалы,  опоссумдар 

көпшілік  өмірін  ағашта  өткізеді.  Олардың  бір  ерешелігі  ересектері  ағашқа  өрмелегенде, 


жастарында  анасының  денесіне  бекінуге  көмектесетін  қармалағыш  құйрықтарының  болуы. 

Олар  кемірушілермен,  құстармен  және  олардың  жұмыртқаларымен,  насекомдармен 

қоректенеді.  Тез  көбейеді.  Оларды  кейде  «қалталы  егеуқұйрықтар»  деп  қате  атайды. 

Опоссумдардың  бір  түрі  (Didelphus  virginianus)  солтүстік  Америкада  кең  тараған. 

Австралияда  ертерек  кезде  қалталы  қасқырлар  өмір  сүрген.  Олар  кенгуруларға 

шабуылдайтын ірі жыртқыштар болған. 

Қос күрек тістілердің көпшілігі  өсімдік тектес азықтармен қоректенетін жануарлар.  Күрек 

тістері  ұзынша,  жоғарғы  жағының  әрбір  жартысында  1-3,  ал  төменгісінде  1  күрек  тісі 

болады.  Өсімдіктермен  қоректенуімен  байланысты  азу  тістерінің  үстіңгі  жағы  моқалдау 

келеді.  Артқы  аяқтарының  екінші  жіне  үшінші  саусақтары  бірігіп  кеткен.  Қос  күрек 

тістілерге кенгурулер (51 түрі бар) жатады. Олардың алдыңғы аяқтары қысқа, артқы аяқтары 

өте  ұзын,  мықты  келеді  және  құйрығы  да  жақсы  жетілген.Олардың  кейбір  түрлері  ашық 

далалы  жерлерді,  біразы  таулы  жерлерде  және  орманда  кездеседі.  Кенгурулардың  терісі 

жұмсақ  келеді.  Қос  күрек  тістілерге  сондай-ақ,  қалталы  аюлар  (коала),  қалталы  тиіндер 

жатады.  

 

Плаценталылар немесе жоғары сатыдағы аңдар (Eutheria).  



 

Сүтқоректілердің  басым  көпшілігі  осы  тармаққа  жатады.  Плацента  дегеніміз  ұрық  пен 

жатырдың  арасында  пайда  болатын  ерекше  орган,  ол  арқылы  ұрыққа  қоректік  заттар  мен 

оттегі жеткізіледі. Плацентарлылардың өзіне тән ерекшеліктері: 1) алдыңғы мидың күмбезі 

жақсы  жетілген  және  ми  сыңарлары  бірімен-бірі  сүйелді  дене  арқылы  байланысқан.  2) 

плацентасы  болады,  баласы  өз  бетінше  емшек  еме  алатындай  болып  туады.  3)  қалталы 

сүйектері  болмайды.  4)  қынабы  әрқашанда  біреу  болады.  5)  көпшілігінде  сүт  тістері  мен 

нағыз тісінен басқалары тісеп отырады. 

Осы заманда тіршілік ететін плацентарлы сүтқоректілердің 18 отряды белгілі: 

1. Насекомқоректілер (Insectivora), өкілдері: кірпілер, көртышқандар, жертесерлер. 

2. Жүнді қанаттылар (Dermoptera), өкілдері: кагуан. 

3. Қол қанаттылар (Chiroptera), өкілдері: жарқанаттар, ушандар. 

4. Мүкі тістілер (Edentata), өкілдері: құмырсқа жеушілер, жалқау аңдар, сауыттылар. 

5. Кесірттер (ящер) (Pholidota). 

6.  Кемірушілер  (Rodentia),  өкілдері:  тиін,  саршұнақтар,  тышқандар,  қосаяқтар,  ондатра, 

құндыз т.б. 

7. Қоян тәрізділер (Lagomorpha), өкілдері: ақ қоян, ор қоян, құм қоян, шиқылдақтар. 

8.  Жыртқыштар  (Carnivora),  өкілдері:  қасқыр,  түлкі,  аю,  сусар,күзен,  кәмшат,  қабылан, 

сілеусін т.б. 

9. Ескек аяқтылар (Pinnipedia), өкілдері: морждар, тюленьдер. 

10. Кит тәрізділер (Cetacea), өкілдері: жасыл кит, дельфин, кашалот. 

11. Дамандар (Hyracoidea). 

12. Ет тұмсықтылар немесе пілдер (Proboscidea), өкілдері: африка пілі, үнді пілі. 

13. Сирендер (Sirenia), өкілдері: стеллер сиыры, ламантиндер. 

14.  Жұп  тұяқтылар  (Artiodactyla),  өкілдері:  күйіс  қайтармайтындар  (қабан,  бегемот);  күйіс 

қайтарушылар (бұғылар, түйелер, ақ бөкендер, жирафтар).  

15. Тақ тұяқтылар (Perissodactyla),өкілдері: жылқылар, мүйізтұмсықтар, тапирлер. 

16. Түтік тістілер (Tudulidentata). 

17. Шала маймылдар (Prosimiae), өкілдері: лемур, лори, тупаи. 

18.  Маймылдар  немесе  приматтар  (Simiae  немесе  Primates),    өкілдері:  мартышка,  павиан, 

макак, гиббон, орангутанг, шимпанзе, горилла. 

Маймылдар немесе приматтар (Simiae немесе Primates) 

 

Приматтардың 190 жуық түрі бар. Ең кіші жартылай маймылдардың ұзындығы 10 см, ірі  – 

горилланың биіктігі – 180 см. 


2 отряд тармағына бөлінеді: 

1.  Төменгі  сатыдағы  приматар  немесе  жартылай  маймылдар  (шала  маймылдар  немесе 

лемурлар). 

2. Жоғарғы сатыдағы приматтар немесе маймылдар. 

Шала  маймылдар  систематикалық  жағынан  маймылдарға  жақын,  бірақ  кейбір  белгілері 

оларды  насекомқоректілерге  де  жақындатады.  Орманда  тіршілік  етуге  бейімделген.  Нағыз 

маймылдардан айырмашылығы олардың ми сауыты кіші және бас сүйегінің бет бөлімі алға 

қарай  шығыңқы  орналасады.  Ми  жарты  шарлары  нашар  жетілген,  мишықты  жауып  тұра 

алмайды,  ми  иректері  болмайды.  Дене  мөлшері  ірі  болмайтын,  орташа  жануарлар. 

Көпшілігінде түнде тіршілік етеді.  

Төменгі  сатыдағы  приматар  немесе  жартылай  маймылдар  3  туысқа  бөлінеді:  тупаилар, 

лемурлар, лорилар. 

Жоғарғы сатыдағы приматтар немесе маймылдардың 100 жуық түрі бар, 2 отряд тармағына 

бөлінеді: тар танаулы маймылдар немесе мартышкалар, кең танаулы маймылдар немесе адам 

тәріздес маймылдар.  

Кең танаулы маймылдарға жататындардың танау тесігінің ортасында жалпақ, ұзынша, оны 

екіге бөліп тұратын пердесі болады. Құйрығы ұзын және қармалағыш болады. Олар Орталық 

және Оңтүстік Америкада тараған. Көбінесе орманда тіршілік ететін ұсақ аңдар. 

Тар  танаулы  маймылдардың  танауының  пердесі  жұқа  және  танауы  денесінің  алдына  қарай 

бағытталған.  Құйрығы  ешқашанда  қармалағыш  болмайды,  кейбір  түрлерінде  ол  мүлдем 

жойылып кеткен. 

Тар танаулы маймылдардың тіс формуласы: 

 

                                          2        1           2          3 



                             i  2 ;  c  1 ;  pm  2 ;  m  3   = 16 x 2 = 32; 

 

Тар танаулы маймылдар бірнеше тұқымдасқа бөлінеді: 



Мартышкалар  тұқымдасы  (Cercopithecidae).  Өкілдері:  нағыз  мартышкалар,  павиандар, 

макактар. 

Гиббондар  немесе  ұзынқолды  маймылдар  тұқымдасы  (Hylobatidae).  Өкілі:  гиббон  хулок 

(Hylobates hoolock).  

Адам  тәрізді  маймылдар  тұқымдасы  (Antropomorphidae).    Өкілдері:  орангутанг,  шимпанзе, 

горилла. 

Адамдар тұқымдасы (Hominidae). Өкілі: Homo sapiens – саналы адам. 

Homo habilis -  Епті адам. 

Homo erectus – Тік жүретін адам. 

Homo faber - Өндіргіш адам (ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап). 

Адам жер бетінде осыдан 30-40 мың жыл пайда болған деп есептелін 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

1-ші коллоквиум сұрақтары 

 

1. Зоология пәні не оқытады? Неге ол ғылымдар жүйесі болып есептелінеді?  

2. Зоология пәнінің қысқаша даму тарихы.  

3.  К.  Линней  жұмыстарының  зоология  пәні  үшін  маңызы.  Негізгі  систематикалық 

категориялар. 

4. Қарапайымдар типіне қысқаша сипаттама? 

5. Қарапайымдардың қазіргі кездегі классификациясы. 

6. Қарапайымдардың негізгі органоидтары және олардың атқаратын қызметтері. 

7. Қарапайымдардың көбеюі (жынысты және жыныссыз). 

8. Инфузориялардың коньюгациясы және бұл процестің биологиялық маңызы. 

9. Амеба – протейдің мысалы ретінде Саркодалылар класына сипаттама. 

10. Талшықтылар класына жалпы сипаттама. 

11. Жасыл эвглена мен трипанасоманың құрылысы. 

12. Қоян кокцидиясының даму сатысы. 

13. Безгек плазмодиясының даму сатысы. 

14. Споралылардың негізгі даму сатысы. 

15. Инфузориялардың құрылысы және олардың пайдалы, зиянды түрлері. 

16. Ішекқуыстылар типіне жалпы сипаттама. Негізгі  кластары. 

17. Жалпақ құрттар типіне жалпы сипаттама. Негізгі  кластары. 

18.  Дигенетикалық  сорғыштар  класы  (трематодтар).  Бауырсорғыштың  құрылысы  мен  даму 

сатысы. 

19. Таспа құрттар класына сипаттама (цестодтар). Олардың зияндылығы. 

20. Таспа құрттардың көбеюі мен даму сатысы. Сиыр және шошқа цепендері. 

21. Паразитті нематодтар. Аскариданың даму сатысы. 

22. Жұмыр құрттар типіне сипаттама. Олардың дене құрылысы ерекшеліктері мен дамуы. 

23.  Буылтық  құрттар  типіне  жалпы  сипаттама  және  олардың    дене  құрылыс  ерекшеліктері. 

Кластарға жіктелуі мен практикалық маңызы. 

24. Жауын  құртының көбеюі.  

25.  Буынаяқтылар  типіне  жалпы  сипаттама.  Дене  құрылыс  ерекшеліктері.  Кластарға  

жіктелуі. 

26.  Өзен  шаянының  мысалы  ретінде  шаянтәрізділердің  дене  құрылыс  ерекшеліктерін 

сипаттау. Жоғары және төменгі сатыдағы шаяндар. 

27.  Өрмекшітәрізділер  класы  өкілдерінің  тіршілігі  мен  дене  құрылысының  негізгі 

ерекшеліктері. Негізгі отрядтары. Практикалық  маңызы. 

28. Насекомдар класына сипаттама. Негізгі отрядтары.  

29. Кенелер және олардың ауылшаруашылығына тигізетін әсері. 

30. Насекомдардың көбеюі мен дамуы. Толық және шала метаморфоз. 

31. Моллюскалардың дене құрылысы. Негізгі кластары.   

32. Қосжақтаулы моллюскалардың тіршілігі, дене құрылысы мен көбеюі. Өкілдері. 

33.  Сорғыш  құрттардың  аралық  иесі  болып  табылатын  бауыраяқты  моллюскалардың  дене 

құрылысы. 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет