Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет27/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69
Байланысты:
азақ тіліндегі дисфемизмдер

2 Дисфемизмдердің жасалу жолдары
2.1 Неке мен туыстық атауларға байланысты қалыптасқан дисфемизмдер
Тілімізде неке мен туысқандыққа байланысты дисфемистік қалыптасқан атаулар баршылық. Солардың ішінде ең көбі әйел сөзіне байланысты пайда болған атаулар. Басқаша айтқанда әйел сөзінің қазақ тілінде бірнеше дисфемистік варианттары бар.

Қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы кейбір келеңсіз жағдайда әйелдерді кемсітіп қорлау, іске жаратпау ұғымын тудырған. Мұның негізі өте ерте кезде пайда болып, қазіргі заманымызға дейін жетіп отыр. Бұған дәлел, халық ауыз әдебиеті үлгілерінде, соның ішінде мақал-мәтелдер мен батырлар жырында, айтыстарда және бүгінгі таңдағы көркем әдеби шығармаларда әйелге қатысты кездесетін сан алуан дисфемизмдер. Мысалы: “Жаман ерден жайдағым жақсы, жаман қатыннан бойдағым жақсы”, “Қатын алдың, отын алдың”, “Байы өлген қатын келіншек болады”, “Жақсы қатын жарының жақсысын асырар, жаманын жасырар”, “Ерлі, қатын - бірі мойын бірі бас”, “Ерге жаққан қатын, елге жағады”, “Жаман қатын байына жалғыз атын сойғызар”, “Олақ қатын оймақшы, салақ қатын сауықшыл”, “Жаман қатын алғанның жауы үйінде”, “Қылымсыған қатын қызыл көйлек киеді”, “Жақсы қатын зейнет, жаман қатын бейнет”, “Жаман қатынның мінезі қисық келер, сөзі сұйық келер”, “Қыз күйінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады”, “Қатын ерден кетсе елден кетпейді”, “Жақсы қатын жолдасың, жоқтан құрап тойғызар”, “Жүйрік ат, сұлу қатын ерге қайғы” (Қазақ мақал-мәтелдері).

Аса күрделі абстракты ұғымдарды беруде фразеологиялық бірліктер, ең алдымен, физикалық тұрғыда көруге, естуге, сезінуге т.б. болатын ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстарға нақты реалийлердің санадағы протиптік «сурет», «сценарий» түріндегі құрылымына сүйенеді: «Жалқау қатынының төсегі тал түске дейін жиылмас, Сараң қатын майын тығумен құртар, жаман қатын кірін сығумен жыртар, Қызғаншақ қатын ерін қориды, Салақ қатынның етін құрт жейді т.б. (Сценарий), Қатынның қары күлегеш, Еркектің қоры күлегеш, Қатынның қоры-табашыл т.б.»

Сонымен қатар бұл сөз халқымыздың рухани қазынасы - батырлар жырында да кездеседі. Мысалы:



Қатын, бала, ел қайда,

Туып өскен жер қайда?

Астыма мінген Қарагер,

Шабысынан не пайда? (Қырымның қырық батыры).

Қатынның баққан атын-ай!

Қатын да болса, білдің бе?

Құртқаның асыл затын-ай!

Қатынның баққан аты озып,

Қапыда қалма, батыр-ай! (Қобылынды батыр).

Ел арасындағы өлеңдерде мынадай жолдар бар:

Жандарбек келе жатыр Алакүшік,

Қасында серігі бар қара пұшық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет