- Байлы, балалы құрдастарын көргенде өзін қоярға жер таппай тесік болса кіріп кете жаздайды.
- Құдайым, бір қара жігіттің соңынан салпақтатып қойды.
- Әйелін күтіп екі жылдай бойдақ жүрді.
- Неге осы уақытқа дейін хабарын бермей келдіңіз, жоқ әлде тоқалдыққа алып қойып па едіңіз (Түнжарым).
Жоғарыдағы газет бетіндегі дисфемизмдерге көңіл аударсақ, оларды өмірдің өз талабы туғызған, тілдің өз табиғаты мақұлдаған, қалыптастырған деп айтуға болады. Баспасөз тәжірибесінде бүкіл халықтық дисфемизмдердің көпшілігінің жұмсалу аясы молая түскен. Мысалы:
- Орыстар да екі қатын ала бастады.
- Біз, қазақтар “екі қатын алу керек пе, жоқ па?” - деп улап-шулап жүргенде ауылымыздың орысы Сергей екі қатын алып айды аспанға шығарды.
- Кейбір еркектер әйелі айтқанын істемей қойса “тоқал алып көзіңе көк шыбын үймелетемін”, - деп сес көрсете бастады.
- Ұлтаралық неке көбіне-көп сайқал саясаттың құралына айналып кетеді (Ақ босаға).
- Едіреңдеген еркектен қорық (Замана).
Қазақ баспасөзінің соңғы жылдардағы тәжірибесінде дисфемизмдер тіпті журналдар бетінде де кездесуде. Мысалы:
- Шырағым-ау, қазір бәріміз кеселміз, бәріміз мешелміз, әуелі өзіңе көмектес, өз қалтаңның қамын ойла (Денсаулық).
- Екі жолдасы бұл кезде өзіне иелік етуге шамасы жетпей, қылжия бастаған қара домбайды аяқ-қолынан көтеріп, мәшинеге әрең салды (Денсаулық).
- Диванда салмағымен көміліп жатқан бес жасар “бала пластилиннен сомдаған “ниндзя” тасбақасындай шомбал қара қолындағы телевизор пультін бытпиған саусақтарымен мыжғылайды (Денсаулық).
- Бұл кезде аздап ересектенген сезініп өзінен төмен студенттерге қоқиланып қарап, тіпті оларға сөздерін өткізгісі келеді (Қыз құпиясы).
Қазіргі кездегі дисфемизмдер бір қатар жазушылардың шығармалары мен қағытпаларда сонымен қатар кейбір газеттер беттерінде ұшырасады. Мысалы, Д. Исабековтің «Шойынқұлақ» әңгімесінде:
– Сен сізіңді қоя тұр. Менімен бірге істейді екенсің, құрдас боласың. Өзің тым арықсың ғой. Серейіп өсе бергенше жуандасаң қайтеді! – деді ол айырдай қолдарын қалтасынан шығарып...
– Бір жерің ұнамаса бар ғой айтпады деме, қуып жіберемін! – деді де, ол күркілдеп тұрған тракторды келіп өшіріп тастады.
Қанапияның қағытпаларында:
Сонда Қанекең күйініп:
1. – Қу құдай, қорлығыңа көндім қанша,
Осылай өткенім бе көз жұмғанша.
Қимадың мені неге қыршынымнан
Достарыңызбен бөлісу: |