Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет23/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69
Байланысты:
азақ тіліндегі дисфемизмдер

- Әй буаз қатын, жұмысты жөндеп істе, жұмыс ітегеннен дем алғаның көп, қандай немесің өзің? - деуі дұрыс емес, өрескелдік менмендік.

- Тіл мен жағына сүйенген, үлкенді сыйламайтын кімнің қатыны еді мына неме? - деп қалғаны.

- Сонда Саудагүлдің тапқан сөзі: “Қаңқылдамай көзіңді құртшы-ай, сен қатын!”

- Әй бала осы ауылдың еркегінің бірін ертіп келе қойшы… Қараңқалғыр иесіз үйден не іздеді екен?

- Міне, саған шинель, иттің балалары, - деп Григорий көз ілеспейтін жылдамдықпен, қимылдап автомат оғын оларға арнайды.

- Ат тез, иттің күшігі! - деп біреу айқай салды.

Осы сөйлемдердегі асты сызылған сөздердің барлығы да бүкіл халықтық қолданыстағы дисфемизмдерге жатады. Жазушы мұндай дисфемизмдерді кейіпкерлерінің аузына салып, олардың бірсәттік бейнесін де, көркем бейнесі болу үшін де қажетті тілдік құралға айналдырған. Жазушы оны өмірдің өзінен алып, кейіпкер тілін даралауға, мінезін аша түсуге пайдаланған. Адамдардың сөз салтына еніп кеткен мұндай дисфемизмдер кейіпкерлер тіліне сыналап енгізу басқа жазушылардың шығармаларында да көптеп кездеседі. Келесі талданғалы отырған шығарманың бірі - О. Әбділдаевтің “Уыз шақ” әңгімелері мен новеллалар жинағы. Әдеби тілде болсын немесе ауызекі сөйлеу тілінде болсын автор белгілі бір сөзді алады да, соны өз тұрғысынан өзгертіп қолданады. Ол өзгеріс семантикалық жағынан да, грамматикалық тұлғалар жағынан да іске асып отырады. Жазушы бар нәрсенің ыңғайын тауып, иінін келтіріп өз керегіне жаратып отырады. Осы іспеттес сөздер, әдетте, әдеби тілдің нормасына ене қоймаған болады. Әдеби тілде қолданылып жүрген кейбір сөздерді автор айтылмай жүрген ауыспалы мағынасында. Жазушының өзі ойлап тауып, жаңадан жасаған, жазушының стилі мен сөз сараптау орайына қарай айтыла беретін дисфемизмдерде де кездеседі. Қаламгер мұнда дисфемизмдерді ауызекі сөйлеу тәжірибесін танытатын әрі белгілі бір кейіпкер образын аша түсетін стилдік құрал ретінде қолданады.

Мысалы:

- Шыбын-шіркейлердің чемпионы, - деп Бейбітті үлкен балалар аспанға лақтырды.

- Ауылдың алты ауызын аңырайтып той-томалақтарда айта беретініңді білемін.

- Мен ендеше, шырағым, әйел түгіл еркектердің өзін аяғын көктен келтіріп жығып жүрген “қатын палуан” едім.

- Одан да о баста иі жұмсақ маған, ана үй жұмысына ықтиятты қара домалақтарға әбден арқа сүйеп алғамын десейші, байғұс-ау.

- “Көшенің қу сирақтарын да көріп жүрміз ғой шекесі қызғанын күнге күйіп деді.

- “Басыма көк тас қоятын ми бас, - деп торсықтай шекесін сығымдап тұрғаны.

- Өмірде көрген шикі өкпеміз осы болса енді қайтейік.

Жоғарыдағы мысалдарға қарасақ, дисфемизмдер кейіпкер тілінде келіп, оның мінезінің бір қырын аша түседі. Сонымен қатар кейіпкер бейнесін жасауға қажетті тілдік-стильдік элемент сияқты. Кейіпкер бейнесін, сөйлеу ерекшелігін шебер дараландыра үйлестіру ауызекі тіл көркемдігінің жемісін жазушының ұштастыра білуі.



- Ал сол қаңқу сөздер өкпеме оқтай қадалып жүр.

- Қан құсқан сүліктей боп жансыз қалған емшегімді ауызына саламын.

- Оу, бір мезетте менің маубас құрдасым оянады. Ақыры итшілеп “топалаң келгір” бұзауды ауладан әзер айдап шығарып, үйіне енген Ұлтайда күбірлеп сөйлеп жүр.

Осы мысалдарда кейіпкерлер тіліндегі дисфемизмдердің көркем әрі ұтымды стильдік қызметі көрініп тұр. Кейіпкерлер тіліндегі дисфемизмдердің осылайша орын тауып, көркемдік мақсатта әрі кейіпкерлер образын жасауда іске асуы жазушының шеберлік деңгейін танытады. Көркем әдебиеттегі дисфемизмдерді зерделей келе, дисфемизмдер әр жазушының кейіпкерлеріне олардың өмір сүрген заманына, қоғамдық-әлеуметтік ортасына сай пайда болған. Профессор Б. Кенжебаев: “Жазушының стилі, көркем шығарманың тілі көбінше оның негізгі материалына қарай болады, яғни олардың басты ұнамды кейіпкерлеріне, солардың заманына, саяси, шаруашылық, хал-жағдайына, қоғамдық-әлеуметтік қызметіне, тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, дүние, қоғам тануына байланысты қалыптасады”, - дейді [39, 137 б.].

Ауызекі сөйлеу тілінің кейбір үлгілері әдетте, ең алдымен, көркем әдебиет тілінен орын алады. Баспасөз беттерінде, әр алуан шығармалар тілінде азды-көпті көріне жүріп, белгілі бір қолданыстар мініне түскен сөздер тұлғалық тұрғысы жағынан да, мағыналық икемділігі бойынша да бейімделе келе біржолата орнығып кетпейді. Осыдан барып олардың әдеби тілге еніп қалыптасуына жағдай жасалады. Ана тіліміздегі дисфемизмдер көркем әдебиетте ғана емес, баспасөз бетінде де ара-тұра кездесіп қалады. Дисфемизмдер әсіресе соңғы кезде пайда болған басылымдарда ұшырасады. Сондай басылымдардың бірі - “Қызық” газеттегі әңгімелерде мынадай дисфемизмдерді кездестірдік.

- Тһһ! Кетші әрі шошқадай болмай! - деп орнынан тұрып келіп теуіп қалды.

- Ақшасын бергенде қатыратын едім.

- Екеуіңді де қатындарың қуып жіберіп, далада түнеп шыққаннан саумысыңдар, - дейді көк көзі жылмыңдап.

- Қалдыбек жанымызға жақындаған кезде Өміртай шермиген қарнын сипап тұрды.

- Оның тауық “байыз” қалады, - дедім.

- Местей қарныңды іркілдетіп сонша күлесің, не істедіңдер мыналарға? -деді.

- Мен ішімнен: “Мынадай аппарат тауып алып, үйдің жанына орнатып қойсам, ауылдың қара сирақтары күндіз-түні топырлап шықпас еді”.

- Аралда итім лағыпты ма? ( Замана).

“Қызық” газет беттеріндегі асты сызылған дисфемизмдерге зер салсақ, халықтық дисфемизмдер мен жеке қолданыстағы дисфемизмдер аралас келген. Бұған қарап, бүгінгі таңда басылымдардың шарықттап дамуы арқасында оның беттеріндегі дисфемизмдердің активтеніп қана қоймай, қолдану өрістерінің кеңейгенін байқаймыз. Баспасөз бетіндегі дисфемизмдерге ағат әрекет деп қарауымыз керек. Дейтұрғанмен де дисфемизмдер бүгінгі кезде газет, журналдар бетінде көп кездесуде. Мысалы:

- Өңшең өзі сүмелеңлейдейді де жүреді, - деген сөздердің жиі еститін Гүлназ.

- Сөйтіп, Қайым “көрмегенім қырғыздың шақша бастары болсын” - деп қасынан өтіп бара жатқан сұлудың дегендеріне де қарамай біраз жүрді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет