Мысықтай жұрт көзінше түк ішпеген.
2. Қолымда бір қозым бар телінбеген
Күйеуге төс тартылар келінменен,
Кісі деп кей жаманға ісің түссе,
Асаудай тыпырлайды жегілмеген (Халық өлеңі).
Осы өлең жолдарындағы мысықтай, асаудай сөздерін жеке қолданыстағы дисфемистік теңеулерге жатқызамыз. Себебі авторы халық болғанмен бір кезде бұл өлеңді белгілі бір автор шығарған. Уақыт өте келе өлең халықтікіне айналды.
Дисфемистік теңеулерге де басқа теңеулер сияқты бір ұғымды екінші ұғыммен, бір затты екінші затпен салыстыру ерекшелігі тән. Алайда дисфемистік теңеу бірыңғай жағымсыз, тұрпайы, дөрекі мағыналарда жұмсалады. Мысалы:
Айтқожаның қулығы сені елірткен,
Бір дем салса, күшіктей соңына ерткен,
Менің терім тарылып келе жатыр,
Бұрын кісім емес ең жалғыз шерткен (Абай).
– Иттей ырылдасып, артынша ауыз жаласады (О. Сәрсенбаев).
Итше таласып қанға батып жатқандарың масқара емес пе? – деді Әсия сөзін жалға (М. Мағауин).
– Бай ауылдың маңғыл төбеті сықылды күмпиген сол неменің бас терісі маған ұнамай қалды.
– Ол Бүркітбайдың қасына керіліп келіп тұра қалып, бірден пілдей боп үлкейіп, Бүркітбай қандендей кішірейіп кеткен сияқтанады (Ә. Нұршайықов).
Мысалдардағы күшіктей, иттей ырылдасып, итше таласып, қандендей дегендер дисфемистік теңеулер. Дисфемизмдердің тура мағыналары болатыны сияқты дисфемистік теңеулердің де тура мағыналары болады. Мәселен, жоғарыдағы теңеулер тура мағынасы – жанжалдасу, сөзге келу. Сәтті теңеудің арқасында, оғаш мінез бен сүреңсіздік толығымен ашылған. Көркем әдебиеттің асты объектісі – адам. Ал, адамның түр-тұрпатын, мінез-құлқын, кескін-келбетін бойындағы жақсы, жаман қасиеттерін суреттеу көркем әдебиеттің ең негізгі міндеті болып саналады. Бұл ретте дисфемистік теңеулердің рөлі үлкен.
– Кәрі салдақыларша сылаңдаған иттен құтыл бір жола (Ғ. Мүсірепов).
Осындағы салдақы сөзінің мағынасы – суық жүрісті, нәпсіқұмар бұзық әйел. Оны сылаңдаған итке теңеу арқылы адамның қимыл-әрекеттерінің жиіркенішті бейнесі жасалып тұр. Бұзылған әйелдің жан-дүниесінің, қылық-әрекетінің бар бейнесі мен болмысы көз алдыңа елестейді. Автор осылай теңеу арқылы оқырмадарын жиіркендіреді, шошытады. Дисфемистік теңеулер де басқа теңеулер сияқты өмір сүріп, шығарманың мазмұнына, өзі анықтайтын сөздің мағынасына, контекстің ыңғайына қарай құбылып отырады. Дисфемистік теңеулердің қай-қайсысының да бейнелілік қызметі мен жағымсыз эмоционалды-экспрессивті әсері өте күшті. Олар көбіне адамның көру, есту қабілетіне негізделеді. Мысалы:
– Соңғы кездері шошқадай семіріп те кетіп еді (О. Сәрсенбаев).
Осы мысалдағы шошқадай семіріп деген дисфемистік теңеу көруге негізделген. Мұндай теңеуде тек бет-әлпет, кескін-келбет ғана емес, мінез–құлық кемшілігі де суреттеледі. Қазақ ұғымында шошқа ең лас, ең арам хайуан болып есептеледі. Сондықтан халқымыз жек көрген адамды шошқаға теңеген.
Көркем шығарманың міндеті суреттеліп отырған оқиға желісінен қандай да бір әсер туғызып, сол арқылы оқушының сезіміне әсер ету. Дисфемистік теңеулер ұнамсыз кейіпкердің жан-дүниесіне тереңдей үңіліп, олардың тартымсыз образын жасайды. Ондай теңеулердің эмоционалды-экспрессивтік әсері өте күшті болады да, өте жаман не тым дөрекі ұғымды өзгеше бейнелеп беру үшін жұмсалады. Мысалы:
– Мына ұйыққан иттей қосарланған нәлеттер сол Беловтың отрядынан үүзетке шыққандар болды (Х. Есенжанов).
Осындағы ұйыққан иттей деген теңеуде дөрекілік мән ерекше басым және тұрпайы бейнелілікті сипатын пәрменді түрде арттыра түскен.
Мақтағанын өсіре, даттағанын өшіре суреттеу де сөздерді өткірлей, түсудің әдеби тәсілі. Мысалы:
– Алда келе жатқан Исатайға Жәңгір хан бірде: – Қара тазыдай сумаңдап алға шыға бермей, қатарда жүрсең не етеді? – депті. Сонда ханның жанындағы жарамсақ билердің сыртынан ханға шағыстырып келе жатқанын сезген Исатай батыр: – Алдыңда қыран бүркіттей қылаңдап мен келе жатқанда, артыңда қарғылы төбеттей сүмеңдеп төрт биің келе жатқанда көктен құдай, жерден құмай алар деп қорқып келесің бе? – деген екен (Б. Адамбаев).
Бұл үзіндіден көріп отырғанымыздай уытты әзіл, зілді қақтығыста Жәңгір ханның екі жүзді билерін қарғылы итке теңеп өлтіре жерлеген. Мұны автор Исатай батырдың сөзімен береді.
Халқымыз қашанда қарама-қарсылықты, жаман мен жақсыны адамгершілік пен жауыздықты, достық пен дұшпандықты басынан өткерген. Дисфемистік теңеулер осы ретте дүниеге келіп, қолданысқа түскен сияқты. Осындай жағымсыз образды суреттеуде жазушы халыққа кеңінен танымал үй жануары итті алған. Ит сөзі көбінесе жек көрінішті мағынада алынып, жаман адамдардың іс-әрекетін суреттеген кезде қолданылады. Бұлайша суреттеу қазақ халқының ұғымына, тіршілік-болмысына тура келеді. Осылайша үй жануарларына теңеу жиі кездесетін құбылыс. Мысалы:
– Кәрі текедей бір бақыруға ғана мұрша беріп, жапыра салмақ (Ә. Кекілбаев).
Қазақ ұғымында дөрекі мәнде малға теңеу халықтың дүние танымымен тікелей байланысты.
Кейбір дисфемистік теңеулер жан-жануардың қасиеттеріне, тіпті шығаратын дыбыстарына да негізделеді. Мысалы:
– Қарғаша қарқылдап, шошқаша қорсылдап, итше арпылдап, құрбақаша бақылдап.
Осы тәріздес теңеулер жағымсыз экспрессияға негізделген, дисфемистік бейнелі теңеу. Бұл теңеулер жануарлардың дыбыс күшінің көмегімен адамдардың жағымсыз мінез-құлқын, қылығын бейнелейді. Осы арқылы суреттеліп отырған образдың мәні ашылады. Суреттелген кейіпкерлер әр түрлі қырынан көрініп, алуан түрлі мінездерімен жұртшылыққа танылады. Жоғарыдағы теңеулер жаман мінезді, арам пиғылды, еш нәрседен түсінігі жоқ, ұрысуға келгенде алдына жан салмайтын адамдардың жек көрінішті образдарын беріп тұр. Бұл теңеулер контексте жұмсалмай жеке тұрып-ақ жағымсыз мағынаны білдіре алады. Осы теңеулер арқылы сипатталған адамдар оқырман не тыңдаушы алдында аты аталған жан-жануарлардың кейпіне еніп, өздерінің ұнамсыздық сипатымен бой көрсетеді.
Теңеудің бұл түрі образ жасауға белсене қатынасады. Бұл жағымсыз адам арқылы жағымсыз портрет жасауға аса қолайлы. Мысалы:
Бір жігіт пен бір әйел
Сүйіседі жақындап.
Күліседі сақылдап,
Достарыңызбен бөлісу: |