Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет66/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
азақ тіліндегі дисфемизмдер

Жарадан аққан іріңдей…

Мына заман қай заман? (Ш. Қанайұлы).

2. Келеді ана, қарабет қарақшыдай,

Елмен жерден біржола аласталған (М. Мақатаев).

Асты сызылған дисфемистік теңеулер қазақ поэзиясында сирек те болса кездеседі. Бұл ақындардың ұтқыр теңеулерді, тұжырымды ойларды қиыннан қистырғаны деп айта аламыз. Сонымен жоғарыдағы талданған мысалдардан көріп отырғанымыздай қазақ тілінде дисфемистік теңеулер баршылық және олардың жасалуының әр түрлі тәсілдері бар. Дисфемистік теңеулерден, белгілі бір қаламгердің талғамын, ой-өрісін жазбай тануға болады.

Қорыта келгенде, дисфемистік теңеулерді қазақ теңеулер жүйесінде өз алдына жеке семантикалық топ құрай алатын, белгілі бір стильдік мақсат үшін жұмсалатын, жағымсыз мінез-құлық пен іс-әрекетті суреттеуде жұмсалатын пәрменді бейнелеу тәсілі деп танимыз. Тіліміздегі дисфемистік теңеулерді былайша жүйелеуге болады.

1) Төрт түлік малға, жан–жануарларға, олардың әрекеттеріне, дыбыстарына теңеу арқылы пайда болған дисфемистік теңеулер;

2) Жабайы құстарға теңеу арқылы пайда болған дисфемистік теңеулер;

3) Адамды адамға теңеу арқылы пайда болған дисфемистік теңеулер;

4) Әр түрлі жансыз заттар мен бұйымдарға теңеуден пайда болған дисфемистік теңеулер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет