Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет59/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69
Байланысты:
азақ тіліндегі дисфемизмдер

Қорқау қасқыр құлықты.

Бұзауы өлген сиырдай

Сауын иіп Дулат жүр,

Місе қылып тұлыпты (Дулат Бабатайұлы).

Осы үзіндідегі қорқау қасқыр құлықты дисфемистік перифразасына негіз болып тұрған қасқыр сөзі сол кездегі үстем тап өкілдерін суреттеуде өмірге келген дисфемистік перифраза болып табылады. Өз заманының ел билеуші зорлықшыл надан байларының ел ішіндегі жауыздық іс-әрекеттерін ақын тағы да мына жолдар арқылы береді:



Өсекшіні мақтадың,

Арамдық болды баққаның

Қашан сенің ашылар,

Момындарға құрылған

Қанды қара қақпаның (Дулат Бабатайұлы).

Мұндағы қанды қара қақпаның деген тіркес метафораланып тұтасымен дисфемистік перифразаға айналған. Осындай айшықты сөздер туралы С. Исаев былай деген болатын: “…Көркем шығармада айтайын деген ой, негізінен тура айтылмайды, образдар арқылы беріледі және ол тарихи фактілер арқылы ғылыми тұрғыдан дәлелдене бермейді. Мысалы, жауыздықты көркем шығарма авторы кейіпкердің іс-әрекеті, қылығы, психологиясы, мінезді, не басқа кейіпкермен, болып жатқан оқиғамен қарым-қатынасы т.б. жауыз еді, оңбаған еді, озбыр еді десе, “ол оқушы сезіміне ешбір әсер де етпес еді. Автор оны суреттегенде, өзі көрінбейді, оқушы тек кейіпкерді көреді. Және ол жауыздық феодалдық қазақ қауымындағы болыстардың үстем тап өкілдерінің көбіне тән қасиет еді” [101, 10 б.]. Тағы бір мысал:



Сүлеймен төре құлақ сал,

Дулаттың төккен жырына.

Теңізден терең сыры ма?

Төрдегі өңшең отырған



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет