Мамандық 6В01513-Биология (мамандық шифры және атауы ) «Педагогикалық зерттеулер»



бет11/22
Дата01.11.2023
өлшемі71,71 Kb.
#121231
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
Лекция 2

В.А.Караковскийдің тәрбие процесін жүйелі құрастыру тұжырымдамасы бойынша педагогикалық әрекеттің неғұрлым іргелі факторларының бірін: мектепті өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі ұйымдастыруды, өзіндік қызмет етуді әлеуметтік тұрғыда іске асырады. Л.И.Новикова ізгіліктік сипаттағы мектептегі тәрбиелік жүйе дамуында өткен кезең, осы шақ, болашақ бар деп көрсетеді. Әлеуметтік тәрбие тұжырымдамасының авторлары/ Б.П.Битинас, В.А.Бочарова, А.В. Мудрик/ тәрбиені әлеуметтік үдеріс ретінде сипаттайды, сондықтан да тәрбиенің мақсаты тұлғаны әлеуметтендіру, тұлғаға әлеуметтік тәжірибені игерту. Тұлғаға бағытталған мәдениеттану тұжырымдамаларының авторлары Е. Белозерцев, Е. В. Бондаревская, И. А. Колесникова, В. В. Сериков, Е. Ш. Ямбург, Н.Е.Щуркова жалпы тәрбиені мәдениет тұрғысынан қарастырып, тәрбиенің мақсаты- ол «мәдениет адамы» деп нақтылайды. Баланы және оның даму үрдісін педагогикалық қолдау (О. С. Газман, Т. В. Анохина, С. Д. Поляков, С. М. Юсфин, В. М. Лизинский) тұжырымдамасының мәңі: тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар туғызу. Диалогтік үлгі тұлғаға бағытталған жағдайдың үш негізгі компонентіне негізделген: 1) өмірлік контекст; 2)ойын әрекеттестігі; 3) диалог. Әлеуметтік-бағдарланған үлгі- мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы болып табылады.
Тәрбиенің әдіснамалық негізі мәдениеттану, аксиологиялық, өркениеттік, жүйелілік, тұлғалық, тұлғаға ықпал ету, тұтастық, әлеуметтік, іс – әрекеттік, этнопедагогикалық, т.б. тұғырлары тұрғысынан қарастырылып, тұлғаның дамуын қалыптастыруға үлкен әсерін тигізеді
Мінсіз адам - тәрбиенің ең жоғары мақсаты және тұлғаның мінсіз үлгісі. Сондықтан, осы тұрғыда Абайдың "Толық адам" тұжырымдамасын қарастырамыз. Толық адам – Абайдың армандаған, аңсаған мұрат-мақсаттарының ең биік қол жетпес асқар шыңы. Толық адам ғана нұрлы ақылдың иесі бола алмақ. Қорыта келгенде айтарымыз, Абайдың "Толық адам" тұжырымдамасын ҚР білім алушылардың тұлғасын тәрбиелеудің жаңа үлгісінің негізі ретінде қарастыруға болады.

2

8 -дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет