Білім беру үдерісінің заңдылықтарын анықтау педагогиканың тағы да бір міндетімен – қазіргі педагогикалық жүйелерді негіздеумен байланысты. Бұл істе педагогиканың ғылыми теориялық қызметі оның құрастырушылық-техникалық қызметіне қарағанда басым және жүйе құрушылық бағытта болады. Оқыту мен тәрбиенің ғылыми негізделген жүйесін құру, жаңа әдістер мен оқу материалдарын жасау теориялық зерттеулер барысындағы педагогикалық құбылыстардың мәнін табу негізінде ғана мүмкін болады.
Педагогика ғылымының тағы бір міндеті жаңа білім мазмұнын және оған сәйкес оқытудың, тәрбиелеудің, білім беруді басқарудың мазмұнын, формаларын, жүйелерін жасау болып табылады. Әуелі білім мазмұны және оқыту мән тәрбиелеудің әдістері жасалады, сонан соң ғана практикада тұжырымдамалық нұсқауларды іске асыру құралдары даярланады. Қазіргі уақытта біздің еліміздегі білім беру жүйесі оны жаңартудың жүйе құрушылық түсінігін талап ететін жаңару кезеңіне енді.
Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудін анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондықтан ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің дамуы мен жетілдіру процесі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.
Ғылым үнемі жаңа фактілермен толықтырылып отырған жағдайда ғана дами алады. Ал оның жинақталуы мен интерпретациясы үшін ғылыми негізделген зерттеу әдістері қажет болады. Зерттеу әдістері ғылымтануда әдіснама деп аталатын теориялық принциптердің жиынтығына тәуелді болып келеді.
4- дәріс
Дәріс 4. Әдіснамалық тәсілдер педагогтың табысты тәжірибесінің тактикасы ретінде Әдіснама ұғымы
Педагогикалық әдіснаманың құрылымы
Әдіснама дегеніміз - әдістер туралы ілім. Таным процесіндегі әдіске антикалык философия ғылымы үлкен мән берген, онда алғаш рет зерттеу нәтижесі мен ғылыми таным әдісі арасындағы өзара қатынас айқындалған болатын.
Зерттеушілер көбінесе «әдіснама» ұғымын нақты өмірден және білім алу процесінен мүлдем алыс жатқан абстрактылық ұғым деп санайды. Шын мәнінде «әдіснама дегеніміз – теориялық және практикалық әрекетті ұйымдастыру және құрудың принциптері мен тәсілдерінің жүйесі».
Әдіснаманың қазіргі әдебиеттерде беріліп жүрген басқа да анықтамалары бар. Мәселен, әдіснама дегеніміз:
а) үнемі өзгеріп отыратын педагогикалық шындықты көрсететін ғылыми білімдерді алу тәсілдерін анықтайды.
ә) белгілі бір ғылыми-зерттеудегі мақсатқа қол жеткізу негізгі жолдарын бағыттайды, алдын-ала анықтайды.
б) зерттелетін процесс немесе құбылыс туралы ақпаратты алудың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді.
в) педагогика теориясы қорына жаңа ақпаратты ендіруге көмектеседі.
г) ғылымдағы теминдер мен ұғымдарды айқындауға, байытуды, жүйелерді қамтамасыз етеді.
д) ғылыми танымдық объективті фактілер мен логикалық-аналитикалық құрадарына сүйенетін ғылыми ақпараттар жүйесін жасайды.