Мамандық 6В01513-Биология (мамандық шифры және атауы ) «Педагогикалық зерттеулер»


Дәріс 6. Педагогикалық процесті интегративті және дамушы жүйе ретінде зерттеу



бет9/22
Дата01.11.2023
өлшемі71,71 Kb.
#121231
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
Лекция 2

Дәріс 6. Педагогикалық процесті интегративті және дамушы жүйе ретінде зерттеу.
Дәріс 7. Адамзат тарихындағы тәрбие мақсаттарының көптүрлілігін зерттеу: тұжырымдамалар мен модельдер



  1. Интеграция ұғымына түсінік

  2. Тәрбие мақсаттарын зерттеу

Ғылымның пайда болуы - танымның дамуындағы интеграциялық процестермен тiкелей байланысты, яғни, ғылым – интеграцияның жемiсi. Ғылым дифференциация және интеграция процестерiнiң бiрлiгiнде дамып отырды. Интеграция ғылыми жаңалықтарға жол ашады, себебi қосымша мүмкiндіктердi пайдалану арқылы жаңа қорытындылар алынады, ғылым жаңа сапалық деңгейге көтеріледі. Ғылым аралық интеграция мен ғылыми бiлiмдердiң синтезi жаңа қорытындыларға әкеледi.


Интеграция – қандай да бiр жекелеген элементтердiң бiр тұтас болып бiрiгуi, қандай да бiр, бiрлiктiң қайта құрылуы. Интеграция принципi бiлiм берудегi интеграция ұғымымен берiледi. Сонымен, интеграция – бiрiгу, ортақ ойлау бағытын табу және оны мазмұны жағынан толықтыру. Интеграцияның нысанасы дүниенi тануға тұтастық беретiн дүниеге ортақ көзқарас. Ғылыми әдебиеттерде осы күнге дейiн «интеграция» ұғымы туралы түсiнiк болмаған едi. Интеграция терминi әдебиеттерде ХIХ ғ. бастап кездеседi және анықтамалық әдебиеттерде бiрiгу, қайта құрылу, толығу ретiнде түсiндiрiледi. Тек, 1993 ж. ЮНЕСКО сессиясында интеграция ұғымына анықтама берiлдi. Интеграция ұғымын «өзара органикалық байланыстағы бiлiмдердiң бiр-бiрiмен кiрiгуi, білім алушының ғылымды бiртұтас түсiнуiне қол жаткiзу», - деп көрсетедi. Едәуір кең көлемді өзгерістер интеграция дәуірін кешіп жатқан Еуропа елдерінде жүргізілуде, бұл Еуропалық Одақтың құрылуына әкелді. Интеграция оған кіретін мемлекеттердің экономикасы мен саясатының барлық саласына енгізілуде. Білім беру саласындағы интеграцияны ынталандыру үшін 1976 жылы ЕО мүше мемлекеттердің білім беру комитеті құрылды, оның міндетіне батыс еуропалық елдердің білім беру жүйесін үйлесімді ету мақсатында ынтымақтастық стратегиясын құру кірді. Бұл терминнiң пайда болуы, оның дамуы, адамдардың iсәрекетiндегi диалектикалық процестердiң қажеттiлiгiнен туатын дүниедегi болып жатқан объективтiк процестермен байланысты. Интеграцияның педагогикалық қырын қарастыратын ғылыми зерттеулерге тоқталатын болсақ, мысалы Г.Д.Гачев интеграцияны рухани мәдениеттің бірлігін сақтауға, тұтастық бейнесін беруге қабілетті маңызды фактор деп есептейді. Интеграцияның педагогикалық қыры И.П.Яковлевтің еңбектерінде көрініс тапқан.
Шетелдік педагогикалық әдебиеттерде мазмұндық интеграция мәселесіне де көп орын берілген. А.Блум оқыту мазмұны интеграциясының әртүрлі дәрежелерін қарастыра келіп, координацияланған процесс және бағдарламалар бойынша бір аймақтан алынған білім басқа аймақтан алынған білімге негізделетінін айтқан. Бұл тұрғыда әртүрлі сипаттағы аралас бағдарламалар тиімді болып келеді: а) кеңейтілген пәнаралық бағдарлама, ә) «байланыстырушы бағдарлама», б) бірізді бағдарлама. Мұның алғашқысы – бірнеше пәннің бір пәнге құрастырудың нәтижесі. Оған мысал ретінде «Әлеуметтік пәндер» пәнін алуға болады. Оған тарих, география, экономика, социология, құқықтану, антропология кіреді. «Байланыстырушы бағдарлама» бірнеше пәннің бір пәнге қосылуын көздейді, бірақ бір жүйе құраушы пән негізінде құрылады. Бағдарлама бойынша логикалық тұрғыдан келу басым: онда бір тақырып бірінен кейін екіншісі бірізді беріледі. Мысалы қала тарихын өту процесінде алдымен экономикалық мәселелер туындайды. Одан соң – географиялық, экологиялық және т.б. «Бірізді бағдарламаны» жүзеге асыру формасының бір түрі – интегративті оқу күні деп аталады. Шетелде «іріблоктық» құрастырылған бағдарламалар пәнаралық тақырыптар негізінде жасалады.
Тәрбие мақсаты, оның әлеуметтік жағдайы

  1. Тұлғаның жан- жақты және үйлесімді дамуы

  2. Педагогикалық үдерістегі білім беру мақсаттарының түрлілігі мен иерархиясы

  3. Тұлғаны тәрбиелеудің тұжырымдамалары (идеялар негізінде тәрбиелеу тұжырымдамасы, мінез-құлық теориясы, әлеуметтік тәрбие тұжырымдамасы, тұлғаға бағытталған мәдениеттану тұжырымдамасы, баланы және оның даму үрдісін педагогикалық қолдау, т.б.).

5. Білім берудің мемлекеттік- саяси үлгілері (дәстүрлі, диалогтық, педоцентрлік, әлеуметтік бейімделу, функционалды- рөлдік)
6. Білім беру мақсатын нақтылаудың әдіснамалық негіздері
7. Мінсіз адам- тәрбиенің ең жоғары мақсаты. Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасы.
Тәрбие мақсаты – педагогиканың ең маңызды мәселесі. Тәрбие мақсаты– ол педагогикалық процесс пен қоғамдылық қажеттілігіне, қоғамның бетбұрысына қарай өзгеріп отырады және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығы мен тәрбиеленушінің көздеген мұратына қол жеткізуіне байланысты келеді.
Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар- мақсатты құрастыру, оны белгілі заңдылыққа негіздеуді есепке алу. Тәрбиенің мақсаты- нақты тәрбие міндеттерінің жүйесі. Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді.
Тұлғаның жан –жақты және үйлесімді дамуы туралы түсініктер сонау көне дәуірдің философиялық ілімдерінде, қайта өркендеу дәуірінің гуманист- педагогтарының еңбектерінде кездеседі. Түрлі тарихи кезеңдерде жан-жақты және үйлесімді даму ұғымына әр түрлі түсініктер берілген.Тәрбиенің мақсаты нақты тарихи сипатына қарай құбылмалы келеді.
«Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» тәрбиенің мақсаты: ата-анасын қадірлеп, қастерлейтін, туған жерін, Отаны Қазақстанды сүйетін, қазақ тілін, мәдениетін, тарихын меңгерген және ардақтайтын, толерантты, халықтар достығын, ел бірлігін сақтайтын, дені сау, жан дүниесі бай, еңбекке бейім,
Білім беруде мақсаттардың иерархиясы: әлеуметтік мақсат-идеалды және жалпы білім беру мақсатынан- белгілі бір сабақтың мақсатына дейін. Бір жағынан тәрбиенің, екінші жағынан оқытудың мақсаттарын ажырата білу керек, атап айтсақ, білім беру жүйесінің мақсаты және пәнді оқыту мақсаты; сабақтың мақсаты және тәрбиелік іс-шараның мақсаты; оқу тапсырмасының мақсаты және тәрбиелік әсердің мақсаты.
Кейде мақсат қою деңгейлерінің бұл иерархиясы сақталмайды, содан кейін мақсат қою таза формалды әрекетке айналады.
Тұжырымдама – ол жетекші, негізгі идеясы бар өзара байланысты ғылыми көзқарастар жүйесі. Жалпы тұлғаны тәрбиелеу тұжырымдамаларының шартты түрде төмендегі жіктемесін ұсынуға болады: идеялар негізінде тәрбие тұжырымдамалары, ұжымдық тәрбиеге бағытталған тұжырымдамалар, әлеуметтік тәрбие тұжырымдамалары, тұлғаға бағытталған мәдениеттану тұжырымдамалары, баланы және оның даму үрдісін педагогикалық қолдау тұжырымдамалары, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет