Мамандық 6В01513-Биология (мамандық шифры және атауы ) «Педагогикалық зерттеулер»



бет7/22
Дата01.11.2023
өлшемі71,71 Kb.
#121231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
Лекция 2

Педагогикалық зерттеу әдістері - педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді талдаудың негізгі тәсілдері.
Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді. Эмпирикалық зерттеу әдістерінің құрылымы өте күрделі, ол грек тілінде - тәжірибе деген ұғымды береді.
Эмпирикалық әдістердің алғашқы тобына бақылай отырып зерттеуді жатқызуға болады. Бұл мақсатқа сай заттар мен құбылыстарды зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді санамен қабылдау және ақпараттарға өзіндік тұрғыдан талдау жасау, зерттеу нысанасының сыртқы көрінісі мен қасиеттері, белгілері туралы мәліметтер жинақтау дегенді білдіреді.
Жалпы эмпирикалық әдістер тобына: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу; математикалық, статистикалық, графикалық, кесте; баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент) жатады. 
Іс-әрекеттегі зерттеу. Көптеген Батыс елдерінде бұл тәсіл әртүрлі білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үдерістің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені ол мәні және мазмұны бойынша тәжірибеге бағытталған. Ал біздің білім беру жүйемізде іс-әрекеттегі зерттеу мұғалімдер үшін жаңа ұғым.
Ферранс (2000) әрекеттегі зерттеудің келесі түрлерін анықтайды:
Мұғалімнің іс-әрекетіндегі жеке зерттеу, онда белгілі бір сыныптың жағдайына қатысты бір мәселе зерттеледі. Мұғалім оқыту стратегиялары, сыныпты басқару, ресурстарды пайдалану немесе оқушылардың оқу мәселелері контекстінде қойылған мәселелерге жауап іздеуі мүмкін.
Іс-әрекеттегі бірлескен зерттеу екі немесе одан да көп мұғалімдердің және сыныптың өзекті мәселелерін шешуге мүдделі басқа тұлғалардың, әдістемелік бірлестік мүшелерінің және т.б. қатысуын білдіреді. Қойылған мәселе тек бір сыныпқа қатысты болуы немесе көптеген сыныптарға тән болуы мүмкін. Бұл зерттеуді жүзеге асыратын оқытушыларға университеттің педагогикалық қоғамдастығының өкілдері және басқа серіктестер түрінде сыртқы қолдау көрсетіле алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет