3. Мәселелер. Мәселе – алдын - ала белгіленген әдіспен алдын ала көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс жұмыс. Жұмыс сериясы немесе жұмыс бөлігі, техникалық жағынан алғанда жұмыс жұмысшының өзіне емес, ал оның лауазымына қарай белгілейді.

4.Технология - өте кең ұғым. Көп адамдар оны машина және ғылыми жаңалықтарымен байланыстырады. Бірақ әлеуметтанушы Чарльз Перру бойынша технология шикізатты өңдейтін құрал ретінде яғни адам ақпарат немесе физикалық материал болсын қажетті өнім немесе қызмет түріне айналдыратын құрал ретінде қарастырады.
Стандарттауды, яғни стандартты бір–бірін алмастырушы компоненттерін қолдану Э. Уитни есімімен тығыз байланысты. Э. Уитни британдық мақта тазартатын машинаны ойлап табушы. Ол стандартты бөліктерді қолдану арқылы өндіріс шығындарын едәуір азайтты. Стандарттау концепциясы біліктілігі аз мамандарды көптеп жұмысқа тартуға мүмкіндік берді.

Конвейерлі жинақтаушы линия - бұндағы негізгі мақсат жұмысшы өз орнында қала отырып, өнімді жинақтауға қатысады. Бұл әдісті ойлап табушы Генри Форд. Ол 1913 осы идеяны шығарған. Конвейерлі жинақтаушы линия арқылы бір машинаны жасауға көптеген адамдар қатысты. Олар өз орнында қала отырып өнімнің әрбір бөлшегін жинақтауға қатысады.
Томпсон бойынша технологияны зерттеу. Томпсон технологияны 3 категорияға бөледі:
1. Көп звенолы технология - өзара байланысты мәселелер сериясы ретінде және олар ретімен орындалуы қарастырылады. Мысал ретінде, конвейрлі жинақтаушы линия.
2. Делдалдық технология – бұл өзара байланысты адамдар тобы. Мысалы, банктік жұмыс салымдарымен несие алушыларды байланысқан болса, телефон жүйесі қоңырауды шалушылар мен қоңырау күтушілерді байланыстырады. Ал еңбек бюросы жұмысшы іздеушілер мен жұмыс іздеушілерді байланыстырады.