4. Жағдайлық бағыт – бұл жерде басқарудың әр түрлі әдістерін қолдану ситуацияға байланысты анықталады. Ұйымға әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар көп болғандықтан ұйымды басқарудың бір ғана әдісі қолданылмайды, нақты жағдайға байланысты осы ситуацияға неғұрлым сәйкес келетін әдіс тиімді болып табылады.
4. Жағдайлық бағыт– бұл жерде басқарудың әр түрлі әдістерін қолдану ситуацияға байланысты анықталады. Ұйымға әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар көп болғандықтан ұйымды басқарудың бір ғана әдісі қолданылмайды, нақты жағдайға байланысты осы ситуацияға неғұрлым сәйкес келетін әдіс тиімді болып табылады.
Басқарудағы әртүрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілі
Әр түрлі мектептерге бөлу негізінде жүргізілетін бағыт бойынша негізгі мектептер:
Әр түрлі мектептерге бөлу негізінде жүргізілетін бағыт бойынша негізгі мектептер:
1. Ғылыми басқару мектебінің өкілдері (1885-1920) – Ф.У.Тейлор, Френк және Лилиан Гильберт, Генри Гантаеңбектерімен тығыз байланысты. Бұл мектеп өкілдері бақылау, логика және талдау негізінде қол еңбегінің операциясын жетілдіру арқылы тиімді орындауға болады деп санады. Бұнда белгілі бір тапсырманы орындауға жұмсалатын уақыт саны қарастырылды. Ғылыми басқару ойластыру және жоспарлау сияқты басқару қызметін жұмысты орындауға қатысты қызметтен бөлуге негіз болды.
2. Классикалық немесе әкімшілік мектеп (1920-1950).Бұл мектептің өкілдері негізінен басқарудың жоғары деңгейіндегі басшылар болып келеді. Анри Файоль көмір өндіру бойынша ірі француз компаниясын басқарды, Линдалл Урвик оның Англиядағы басқару мәселері бойынша кеңесшісі болды. А.К.Рейлимен бірге әкімшілік басқару туралы еңбек жазған Джеймс Д.Муни, Альфред П.Слоун жетекшелігінде «Дженерал Моторс» компаниясында жұмыс істеді. Классикалық мектеп өкілдерінің мақсаты - әмбебап басқару принциптерін құру болды және олар осы принциптерді сақтай отырып, ұйым табысқа жетеді деп есептеді. Бұл принциптері 2 аспектіні қарастырды.
2. Классикалық немесе әкімшілік мектеп (1920-1950). Бұл мектептің өкілдері негізінен басқарудың жоғары деңгейіндегі басшылар болып келеді. Анри Файоль көмір өндіру бойынша ірі француз компаниясын басқарды, Линдалл Урвик оның Англиядағы басқару мәселері бойынша кеңесшісі болды. А.К.Рейлимен бірге әкімшілік басқару туралы еңбек жазған Джеймс Д.Муни, Альфред П.Слоун жетекшелігінде «Дженерал Моторс» компаниясында жұмыс істеді. Классикалық мектеп өкілдерінің мақсаты - әмбебап басқару принциптерін құру болды және олар осы принциптерді сақтай отырып, ұйым табысқа жетеді деп есептеді. Бұл принциптері 2 аспектіні қарастырды.