1. Кері байланыс. Бағыныштылар әдетте атқарған ісінің бағасы туралы басшылар тарапынан тезірек білгісі келеді. Бағынышты өзіне көбіне мынадай сұрақ қояды:”Мен осы жұмысты қалай істеп жүрмін ?”. Басшы осы сұраққа дер кезінде, әрі дәл жауап беруге міндетті.
2. Белгілі бір шамадағы еркіндік. Бағыныштылардың біреуіне көбірек, ал екіншісіне шамалы еркіндік қажет. Басшы өзінің қарамағындағылардың мінез-құлқымен жете таныса отырып, бір шешімге келуі тиіс.
3. Жұмысқа көзқарас. Жұмыс – адам өмірінің бір бөлігі болғанмен, оның тұтастай тіршілігі емес. Адамдар өмірінде жұмыстың атқаратын ролін дұрыс бағалаған басшы жұмыс ролін тым асыра көрсетпей-ақ өзінің қарамағында істейтіндерге психологиялық дұрыс бағдар беріп, жұмыс орнын айқын белгілейді.

4. Жұмыс нәтижесін бағалау. Жақсы басшы қарамағындағы қызметкерлердің еңбектегі жетістігін дұрыс көрсетіп, бағалай біледі.
5. Жоғарылату. Көне ұрандарда көптеген дана сөздер бар: сондағы атап көрсетілетін жай, мансапқа жетудің дұрыс жолы - өзінің күнделікті жұмысын тиянақты орындау.
6. Жеке басының мінез – құлқы.
Өкілеттілікті яғни көрсетілген сенімді іске асыру үшін қажетті факторлар:
1. Осы құрылым шеңберінде белгілі бір позициялармен байланысты міндеттер.
2. Маманның, қызметкердің өз іс-қызмет шеңберінде атқаратын өкілеттілігі.
3. Қойылған мақсаттардан және өкілеттілігінен туындайтын жауапкершілік.
Басқару әдістері дегеніміз тәсілдер немесе адамның іс-қызмет аясындағы амалдарының жиынтығы, белгілі мақсаттарға жету тәсілі, белгілі бір міндеттерді шешу жолдары.