1) ә дауыстысы екпін түспеген жағдайда е дыбысына ауысады: бән (мен) – бени – (мені), гежә (түн) – гежеләр (түндер) және т.б. Алайда осы құбылыс чадырлунг және комрат говорларында кеңінен көрініс тапқанын атап өту керек; 2) нл, мл дыбыс тіркесімдері нн тіркесіміне өзгереді: оланнар – жастар, инсаннан – адамдармен, адамнан – адаммен, аннады – түсінді; 3) е, и, ө, ү, ә алдыңғы қатар дауыстылары сөз басында кейде қос дыбыс ретінде айтылады: йев – үй, йөрдек – үйрек, йүст – үсті; 4) ө, о дауыстылары бірінші буында дифтонг уо, үө түрінде айтылады: уон – он, уонун – оны, сүөйды – сөйледі; 5) -(а)йор, -ыйр, -ийр, -эр, -йар, -ый, ий говорлары ретінде танылған осы шақтың бірнеше формасы кездеседі: алэр – алар, ойнаээр – ойнар, гөрер– көрер; 6) славян тілдерінен енген -ка, -йка қосымшаларының болуы: врачка – дәрігер-әйел, чингенейка – цыганка, булгарийка – болгарка, чорбажыйка –хозяйка; 7) (й)лан, (й)лән, (й)нан, (й)нән (түрік әдеби тілінде -ile, -la, -le) септеуліктерінің болуы: алмайлан – алмамен, екмеклән – нанмен, чобаннан –шабанмен, чизмемнән – етігіммен, оннар чыкыйнан – олар шыққаннан; 8) славян тілдерінің әсерінен сөйлемдегі түркі сөз тәртібі өзгеріп, гагауз тіліндегі инверсия құбылысы стилистикалық жүйе түрінде көріністабады.
Тілдің фонетикалық, морфологиялық,
синтаксистік деңгейіндегі көрсетілген ерекшеліктер біздің пайымымызша,
қазақстандық гагауздардың да сөйлеу жүйесіне тән.
Халық ауыз әдебиетінің мақал (сөйлеш), ертегі (масаллар), ән (түркү),
аңыз-әңгімелер, тарихи поэмалар секілді түрлерін білесің бе? деген сауалға
жауап бергендердің 30% (негізінен жастар) білмейтіндігін және гагауздардың
70% «Оглан», «Пеперчу» (бойы бұрышпен бірдей бала туралы ертегі)
ертегілерін, «Узун Кирлан» («Ұзын керуен») тарихи аңызын, «Кероглы»,
«Карагез» эпостарын, Н.Грестің «Старатели Буджака» романын
білетіндіктерін айтқан.
Түркі халықтарының жазба ескерткіштерін әдетте үш хронологиялық қабатқа бөліп қарастырады: 1. Көне түркілік кезең (VX ғғ.); 2. Орта түркілік кезең (ХХV ғғ.); 3. Жаңа түркілік кезең (ХХХ ғғ.). Бірақ, аталмыш хронология ғылымда түпкілікті орнықпаған, сондықтан да қазіргі кезде кезеңдеудің бірнеше түрі ғылыми әдебиеттерде қатар қолданылып келеді.
Түркі тілдеріндегі ескерткіштер тілі термині көне және орта түркілік барлық тілдер тобына жататын ескерткіштер негізінде қалыптасқан. Бұған қазіргі тірі және өлі түркі тілдері кіреді.
Түркі тілдері ескерткіштері тілінің басым көпшілігі «әдеби тіл» мәртебесіне ие, яғни диалектілерден ерекшеленетін, сұрыпталған, өзіне дейінгі дәстүрлерді бойына сақтаған, функционалдық стилистикалық варианттылық сияқты әдеби тілге тән диалектілік негізде, яғни ауызша ғана қолданылатын немесе тек қалалықтар тілінің негізі болып табылатын формалар. Түркі халықтары мен тайпалық одақтардың шығыстан батысқа қарай миграциялану нәтижесінде көне әдеби тілдердің қалыптасуы басталды. Түркі тілдес халықтардың алғашқы әдеби тіл варианты руникалық ескерткіштердің тілі болып табылады, кейде оны руникалық койне деп те атайды. Аталмыш ескерткіштер тілі ұйғыр және қыпшақ элементтерінің қатысуымен оғыз тілі негізінде қалыптасты. Бұл тілдің халық фольклорымен байланысы да сезіледі (ол туралы әдебиеттануда жазылған еңбектер саны баршылық). Руникалық ескерткіштер тілінің стилистикалық тармағы анық емес, солай бола тұрса да ірі, кесек ескерткіштердің – Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк, Күлі Чор, Мойын Чор ескерткіштерінің тілі жоғарғы стильде, алтай жазбалары қарапайым стильде жазылған. Руникалық койнелердің ареалдық таралуы өте кең (Моңғолия, Байқал жағалаулары, Оңтүстік Сібір, Шығыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан, Поволжье, Солтүстік Кавказ, Шығыс Еуропа). Жанрлық жағынан да біркелкілік байқалмайды, олар: тарихибиблиографиялық, қайтыс болғандар басындағы баталар, құз басындағы, тастардағы, тұрмыстық заттардағы дидактикалық сонымен қатар, магиялық және діни, құқықтық мазмұндағы жазбалар. Көне ұйғыр әдеби тілі. Турфан және Ганьчжоу аймақтарында руникалық койне жазуының ұйғыроғыз негізінде қалыптасқан тіл. Фонетикалық, лексикалық және грамматикалық қабаттарында ұлттық, таза ұйғырлық элементтер сақталған. Алғашқы кезде қолданылған руникалық алфавитпен қатар, ұйғырлар ғылыми әдебиеттерде ұйғыр, кейде манихей немесе брахми деп аталып жүрген соғды жазуының бейімделген түрін пайдаланған. Көне ұйғырлардың әдеби тілінде жанрлық және стильдік тұрғыдан жіктелген, толыққан, діни, философиялықдидактикалық жанрлардың түрлері, шамандық, буддалық, манихейлік, христиандық трактаттар дәстүрі, прозалық, поэтикалық, медициналық, астраномиялық сипаттағы ғылыми шығармалармен қатар ресми құжаттар және жеке адамдардың хаттары да кездеседі. Алайда ұйғыр әдеби тілінің жанжақты қоғамдық функциясына қарамастан, аталмыш тіл тек жазба тіл ретінде ғана қалып қойды.
Қараханидұйғырлар әдеби тілі. Бұл тілді кейде хакан немесе буграхан әдеби тіл деп те атайды. Аталмыш әдеби тіл орталығы Қашқар қаласы болып табылатын Қараханид мемлекетінің аумағы мен Самарқан және Бұхара шекараларына дейін қолданылды. Қараханид дәуірінде араб жазуымен мұсылмандық діни мазмұнда жазылған Жүсіп Баласағұнның Құтты білік поэмасы мен Ахмед Иүгінекидің Хибат улХақайық шығармасы, Махмұд Қашқаридің Диуани лұғат иттүрк сөздігі мен Құран тәпсіріне жазылған түсініктемелерді атауға болады. Бұл кезеңде поэзия жанры прозаға қарағанда жақсы дамыған. Осылардың ішінде лингвистикалық тұрғыдан өте бағалы еңбек – Махмұд Қашқаридің Диуани лұғатиттүрк» еңбегі. Бұл – ХХ ғасырдың басына дейін белгісіз болған ХІ ғасыр ескерткіші. Зерттеушілердің пікірінше, қолжазба М. Қашқаридің өз жазуы емес, көшірмесі. Өткен 19151971 жылдары қолжазба кітап болып Стамбулда жарияланған. 19391943 жылдары (Б. Аталай) түрік тіліне аударып, 3 томдық сөздік пен еңбектің 1 томдық индексін Анкарада шығарған; 19601967 жылдары С. Муталибов өзбек тіліне аударады.