Мамандыѓы: ќоѓамдыќ денсаулыќ саќтау


Бассүйектің жасқа байланысты ерекшеліктері



бет12/33
Дата23.01.2023
өлшемі0,5 Mb.
#62532
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Байланысты:
метод-Анатомия-Пер.практ.нав.-МПД-каз.

7.Бассүйектің жасқа байланысты ерекшеліктері: жаңа туған нәрестенің бассүйегі (еңбектер және басқа белгілер),ми сауыты мен бет сүйектерінің дамуының байланыстары,туғаннан кейінгі бассүйектің тез өсу кезеңдері.Кәрілікке байланысты бассүйектің өзгеруі.Бассүйек құрылысының жынысқа және типке байланысты ерекшеліктері,даму кемістіктері (аномалиялары).Бассұйектің рентген анатомиясы.Бассүйек туралы ілімнің нәсілшілдік теориясын сынау.
8.Қол,аяқ сүйектері: Қол сүйектері. Иық белдеуі сүйектері: бұғана,жауырын; қол сүйектерінің еркін бөлігі: тоқпан жілік, білек және қол ұшы (қол басы) сүйектері; дән тәрізді сүйектер. Иық белдеуі және қолдың еркін бөлігі сүйектерінің рентгенанатомиялық құрылысы мен сүйектену мерзімдері.
9.Аяқ сүйектері. Аяқ белдеуі сүйектері: жамбас сүйек, оның бөліктері Аяқтың еркін бөлігінің сүйектері: ортан жілік, сирақ, аяқ ұшы (басы) сүйектері; дәнтәрізді сүйектер. Аяқтың белдеуі мен еркін бөлігі сүйектерінің рентгенанатомиялық құрылысы мен сүйектену мерзімдері. Қол және аяқ қаңқалары құрылыстарының, олардың қызметтеріне байланысты ұқсастығы және айырмашылықтары. Антропогенез процесінде пайда болған қол және аяқ сүйектерінің құрылысындағы ерекшелік белгілері.Тірі адамдағы қолмен ұстап байқайтын аяқ-қол қаңқасындағы аймақтар.


ІІ. АРТРОСИНДЕСМОЛОГИЯ- сүйектер қосылыстары туралы ілім
10.Қосылыстардың дамуы (филогенез және онтогенез). Құрылысы мен қызметіне байланысты сүйектер қосылыстарының жіктелуі. Үзіліссіз қосылыстардың түрлері (синартроздар). Жартылай буындар (гемиартроздар).
11.Буынның құрылысы. Буындық беттердің құрылысы мен пішініне және қызметіне байланысты буындардың жіктелуі. Қарапайым және күрделі, комплексті (құрама), үйлесімді буындар. Бір білікті, екі білікті, үш білікті (көп білікті) буындар. Буындардағы қозғалыс түрлері және олардың анализі (айналу біліктері, қозғалыс жазықтықтары).
12.Бассүйек пен тұлға сүйектерінің қосылыстары. Омыртқааралық дискілер (фиброзды сақина, сілікпе тәрізді ядро), доға-өсінділер буындары, байламдар. Атлант-шүйде және атлант-біліктік буындар. Тұтас омыртқа бағанасы (иіндері, жасқа, жынысқа байланысты ерекшеліктері). Омыртқа бағанасының рентгенанатомиясы. Қабырға-омыртқа және төс-қабырға буындары (қосылыстары). Тұтас кеуде торы. Кеуденің пішіндері. Кеуде торының рентгенографиясы. Кеуде торының құрылысының кемістіктері (аномалиялары).
Адамның тік жүруіне және қызметіне байланысты омыртқа бағанасы мен кеуде торының ерекше құрылыс белгілері.
13.Бассүйек сүйектерінің қосылыстары: жіктер және синхондроздар, шықшыт (самай-төменгі жақсүйек) буыны.
14.Иық белдеуі сүйектерінің буындары. Акромион — бұғана және төс-бұғана буындары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет