15.Қолдың еркін бөлігінің буындары. Иық буыны. Шынтақ буыны. Білек сүйектерінің қосылыстары. Кәріжілік-білезік буындары. Қол ұшы (басы) сүйектерінің буындары.
16.Аяқ белдеуі сүйектерінің буындары. Жамбас сүйектерінің бір-бірімен (қасаға симфизі), және сегізкөзбен (сегізкөз-мықын буыны) қосылыстары. Тұтас жамбас астауы, оның мөлшерлері. Жасқа, жынысқа байланысты және жеке ерекшеліктері.
17.Аяқтың еркін бөлігінің буындары.Ұршық (Жамбас-ортан жілік буыны. Тізе буыны. Сирақ сүйектерінің қосылыстары. Сирақ-асық буыны. Аяқ ұщы (басы) буындары. Аяқ ұшы (басы) күмбездері.
18.Сүйектер қосылыстарының рентгенанатомиясы.
19.Тегіс және көлденең жолақты қаңқалық бұлшықет тіні, олардың құрылысы мен қызметтік ерекшеліктері. Бұлшықеттердің дамуы (филогенез, онтогенез).
20.Бұлшықет ағза есебінде. Сіңірлер, апоневроздар. Бұлшықеттердің пішініне, құрылысына және қызметтеріне байланысты жіктелуі. Бұлшықеттер — синергистер және антагонистер. Бұлшықеттердің қосымша аппараттары: шандырлар, сіңірлердің (синовиальдық) қынаптары, синовиальдық қаптар, бұлшықет шығыршықтары, сіңірлі доғалар, сүйек-фиброзды өзектер (каналдар).
21.Бұлшықеттердің анатомиялық және физиологиялық көлденең кесінділері; бұлшықеттердің жұмысы мен күші туралы негізгі деректер; рычаг туралы түсінік. Қызметтердің бұлшықеттер мен сүйектердің құрылысына әсері туралы П.Ф.Лесгафтың ілімі.
22.Тұлғаның бұлшықеттері және шандырлары. Беткей және терең арқа бұлшықеттері. Шүйде асты бұлшықеттері.
23.Кеуденің бұлшықеттері мен шандырлары, құрылысы, топографиясы,
қызметтері. Көкет (диафрагма), оның анатомиясы, топографиясы, қызметі. Кеуде бұлшықеттерінің тыныс алу қызметіне қатынасуы.
24.Іштің бұлшықеттері және шандырлары: қиғаш, көлденең және
тік бұлшық еттер. Іштің тік бұлшықетінің қынабы. Пирамидалық бұлшықет. Шап өзегі. Ақ сызық, кіндік сақинасы. Белдің шаршы бұлшықеті. Іш қысымы (прессі). Кеуде және іш аймақтарының топографиясы. Құрсақ қабырғасының әлсіз жерлері.