Жауап: Бұл жағдайда мықын-сан жалғамасы жарақаттанған.
№34. Хирургке аяқ басының бір бөлігін Шопар буынының линиясы алуға тура келді. Бұл операцияны жасағанда қай жалғаманы кесуге болады?
Жауап:Шопар буынының сызығмен аяқ басының кішкене бөлігін кесіп алу үшін айрық жалғаманы кесу керек.
№35. Көздің төменгі қабырғасы аймағында қабыну процессі кезінде ірің жиналды. Емдеуші дәрігіер қабыныудың қанат таңдай шұңқырына жайылуын күтеді. Қабыну процессі қандай тесік арқылы көз ойысын қанат таңдай шұңқырына өтеді
Жауап: Қабыну процессі көз аймағыныан қанат таңдай шұңқырына төменгі көздік саңылау арқылы өтуі мүмкін
№36. Бас қаңқасының төменгі бөлігінде мойындырық тесігі орналасқан. Осы тесік арқылы нервтер мен ірі венозды тамыр өтеді. Мойындырық тесігі аймағында орналасқан тамыр жарақаттанса бас қаңқасының қай қуысына қан құйлады?
Жауап: Қан бас қаңқасының артқы қуысына құйылады
№37.Автожарақаттан кейін зардап шекен адам мұрын жарақатын алды. Осыдан кейін мұрын пердесі сынды. Қандай сүйектер жарақаттанды?
Жауап: Кеңсірік пен тор сүйегі жарақат алды.
№38. Футбол ойыны кезінде доппен тепкен кезде сирақ буынын тез түрде аяқ ұшымен жазылады. Бұл аяқтың қозғалысын қандай бұлшықеттер жүзеге асырады?
Жауап: Бұл қозғалысты санның төртбасты бұлшықеті жүзеге асырады
№39.Ауруды қараған кезде, жүректің оң жақ шекарасы төстен 3 см оң жаққа қарай ығысқан. Жүректің қай шекарасы үлкейген?
Жауап: ventriculus dexter
№40. Жүрек ұшының соғуы 5- қабырғааралықта ортаңғы бұғана сызығында сыртқа қарай сезіледі. Жүректің қай камерасы үлкейген?
Жауап: ventriculus sinister
№41. Тыныс жолдарына бөгде зат түскен адамды жарақатбөліміне әкелді. Басты бронхтардың анатомиялық ерекшелігін ескере отырып заттың қай бронхта тұрып қалғанын айт.
Жауап: Оң басты бронхта.
№42. Ауруда қабыну процесімен кеңірдектің артқы қабырғасы бұзылған. Бұл
Жағдайда қабыну процесі қай ағзаға өтуі мүмкін екендігін көрсет.