Жауап: Кеңірдектің артқы қабырғасының қабыну процесі өңешке өтеді.
№43. Интубациялық түтікті көмейге салу үшін дәрігер тамақ арқылы көмей
кіреберісі қолмен табады. Көмейге кіретін тесік немен қоршалған?
Жауап:Көмейге кіретін тесіктің алдын көмей үсті шеміршегі, артын ожау тәрізді шеміршектердің ұштары бүйірінде ожау – көмей үсті қатпарлы қоршаған
№44. Дәрігер әншінің көмейін қарады. Қалыпты жағдайда дыбыс саңлауы сау адамда пішіні қандай болады.
Жауап: Жәй тыныс алғанда дыбыс саңлауының пішіні үш бұрышты болады.
№45. Плевритпен ауратын ауруды рентгеноанатомиялық тексерістен өткізгенде, оның плевра қуысынан сұйықтықтық табылды. Сұйықтықтың жиналуы плевраның қай бөлігінде болды?
Жауап: Сұйықтықтың жиналуы, оның салмағына байланысты қабырға-диагфрагмалық синусында болды.
№46. Кеуде қуысының рентген суретінен дәрігер сол өкпенің «өкпелік алаңы»оң өкпеге қарағанда кіші екенің байқалды. Оң және сол өкпелердің көлемі бірдей еместігін немен түсіндіруге болады?
Жауап: Сол өкпенің кішілігі жүрекке байланысты, ол кеуде қуысының сол жағында көп орын алып жатыр.
№47.Стоматолог-дәрігер ауыз қуысын қарайды. Жұмысқа кіресер алдында тіл
астына тампон салады. Неге бұл манипуляцияны жасайды?
Жауап: Сілекейді азайту мақсатында.
№48. Дәрігер-стоматолог тіске пломб салады. Ауыз қуысында слекейдің
жиналуын азайту үшін шықшыт безінің өзегінің тесігін жабу үшін
тампонды қайда салуы керек?
Жауап: Дәрігер тампонды немесе дренаждық трубканы ауыз кіреберісіне салады.
№49. Балада үстіңгі және астыңғы күрек тістер түгелімен шықты. Баланың жасын анықта.
Жауап: 10-12 айлық бала
№50. Балада мұрынмен дем алу қиындады. Дәрігер қай бадамшаның
үлкейгені туралы ойлау керек?
Жауап: Жұтқыншақтық бадамша үлкейген
№51. Балада үстіңгі және астыңғы күрек тістер түгелімен шықты. Баланың жасын анықта.