Мамандыѓы: ќоѓамдыќ денсаулыќ саќтау


Жауап: Іштің ақ сызығындағы саңылаулар. №27



бет7/33
Дата23.01.2023
өлшемі0,5 Mb.
#62532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
    Бұл бет үшін навигация:
  • Жауап
Жауап: Іштің ақ сызығындағы саңылаулар.
27. Гимнастың жаттығу кезінде жетекшісі одан жауырынды түсіретін бұлшық етінің осал екенін байқады. Жетекшінің айтуымен қай бұлшық етті шынықтыру керек.
Жауап: Кіші кеуде бұлшық етімен бұғана асты бұлшық етін шынықтыру керек.
28. Самай-астыңғы жақ буынында бірнеше қозғалыстар болады: жақты көтеру, түсіру, алға, артқа қозғалу, оң-солға қозғау. Кейде артық қозғалғанда осы шығып кету болады. Бұның болмауына қандай анатомиялық құрылым кедергі жасайды?
Жауап: Самай-астыңғы жақ буынның алға шығып кетуіне кедергі жасайтын самай сүйегінің буындық төмпешігі.
29. Биіктіктен вертикальді құлаған адамда бел омыртқасында компрессиондық сынық болады. Омыртқа бағанасының бел бөлігіндегі лордоз үлкейеді. Бұл иілімнің үлкеюіне омыртқа бағанасының қай жалғамасының жарақаттануы әкеліп соқты.
Жауап: Омыртқа бағанасының бел бөлігінің лордозының үлкеюіне алдыңғы ұзына бойлы жалғаманың жарақаттануынан болады.
30. Қолда ең көп кездесетін жарақат, иық буынының шығып кетуі.
Қандай анатомиялық факторлар шығып кетуге себеп болатынын көрсет.
Жауап: Жиі шығып кетуге себепкер болатын: жақсы дамыған жалғаманың болмауы, буындық қапшықтың бостығы, буындық беттерінің бір бірімен сәйкес келмеуі.
31.Шешесі 7 жасар қызын хирургқа әкелді. Әкелген себебі: қызының білегі шынтақ буынынан 1800 –тан көпке жазылады. Бірақ хирург патология таппады, шешесін жұбатты.Неге хирург 1800 жазылатынын патология деп таппады?
Жауап: Балаларда және кейбір әйелдерде аса көп білектің жазылатыны, жалғамалар аппаратының осалдығынан, шынтақ өсіндісінің мөлшерінің кішкентайлығынан болады.
32.Кәріжлік білезік буынының рентген суреттемесінде медиальды бөлігінде «рентгендік саңылау» кеңейген. Бұл патолгияға жатады ма?
Жауап: Рентген суреттемесінің кәріжілік білезік буынының медиальды бөлігінде саңылау кеңейген себебі, онда буындық диск орналасқан.
33.Спортсмен ұзындыққа секіргенде шалқайып кетіп, жамбас буынында ауру пайда болды. Травматолог қарағанда санын жаза алмайтынын байқады.
Дәрігер жамбас буынының жалғамалары созылған деп диагноз қойды.
Осы жарақатта жамбас буынының қай жалғамалары жарақаттанған?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет