Мамытбаева жанат абдиманаповна


«Жобалап оқыту технологиялары негізінде зерттеушілік іс-әрекетті



Pdf көрінісі
бет46/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   93
Байланысты:
20.4.2023-0dis

«Жобалап оқыту технологиялары негізінде зерттеушілік іс-әрекетті 
дамыту»
элективті курс бағдарламасы құрастырылды, мазмұны 3.2 
параграфында берілді.
Зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік бөлігінің мақсаты
– білім 
алушыларға жобалап оқыту технологиялары арқылы зерттеушілік іс-әрекетін 
дамыту үдерісінде құрылымдық-мазмұндық моделінің тиімділігін тексеру.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың негізгі міндеттері:

 б
олашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетінің 
даму деңгейін жобалап оқыту технологиялары арқылы диагностикалау әдістер 
кешенін құрастыру;


 
эксперименттік топ білім алушыларын жобалап оқыту технологиялары 
арқылы зерттеушілік іс-әрекетінің дамыту моделінің тиімділігін сынақтан 
өткізу.
Үшінші кезеңде 
сандық және сапалық әдістер көмегімен экспримент 
нәтижелерін сараптау жүзеге асырылды. Барлық есептеулер ПК – «Excel», 
IBMStаtistic SPSS бағдарламалары бойынша жасалды.
Білім алушылардың
жобалап оқыту технологиясы бойынша зерттеушілік іс-әрекетін дамытуға 
байланысты іс шаралар жүргізілді.
Біз әзірлеген құрылымдық-мазмұндық 
модельге сәйкес білім алушылардың мотивация, құндылық бағдарлары, білім 
мен зерттеушілік іс-әрекеті басшылыққа алынды.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың қалыптастырушы кезеңінде 
экспериметтік және бақылаушы топ білім алушыларына салыстырмалы талдау 
жасалды. 


109 
Айқындаушы 
эксперименттік 
жұмыс 
барысында 
жоспарлаған 
диагностикалық әдістемелер мазмұны мен нәтижелері:
1. «Жобалап оқыту технологиясының маман даярлаудағы маңыздылығы» 
атты білім алушылардың жобалап оқыту технологиясын меңгеру даярлығын 
анықтауға арналған авторлық сауалнаманың нәтижесін біз Блум таксономиясы 
арқылы шығардық.
(ЭТ) білім алушыларының сауалнаманың нәтижесін талдауда: «Жобалап 
оқыту технологиясы таныс па?» 22,4% таныс екендігі анықталды, ал қалған 
77,6% жобалап оқыту технологиясы таныс еместігін алға тартты.
Сауалнаманың келесі сұрағында: Жобалап оқыту технологиясының 
өзектілігін қалай бағалайсыз? 20,7% сауалнамаға қатысқандар оң бағасын 
берді, оқу материалының мазмұнында жобалап оқыту технологиясының 
эелменттерін пайдаланатынын; 79,3% студенттер «білмеймін» деп жауап берді. 
Бұл студенттер жобалап оқыту технологиясының өзектілігі туралы белгілі бір 
білімге ие болса да, бірақ бұл білім олардың оқу үдерісінде қолданылуын 
қамтамасыз ете алмайды. Сауалнаманың келесі сұрағында: білім алушылардан 
аталған жауаптардан жобалап оқыту технологиясы бойынша тапсырмалардағы 
мәселені шешуге байланысты болатын, мәселені шеше алатынын 18,9% білім 
алушы анықталды: студенттер жобалап оқыту технологиясы бойынша 
тапсырмалардағы 
мәселені 
шешуге 
мүмкіндігінің 
жоқтығы 
81,1%. 
Сауалнаманың келесі сұрағында: жобаны орындау сіз үшін қаншалықты 
қызықты? сұрағына 34% білім алушының қызығушылықтарының жоғары 
екендігін байқауға болады, 66% жобаны орындауға деген қызыушылығының 
төмен екендігін байқадық. Сауалнаманың келесі сұрағында: Мектеп жасына 
дейінгі балалармен бірге орындалатын жобалық іс-әрекетпен таныссыз ба? 
білім алушылардың практикалық тәжірбиедегі іс-әрекеттерді орындау 
барысында мектеп жасына дейінгі баламен қандай жобаны орындау керектігін 
білетіндігі 24%, практикалық тәжірбие барысында мектеп жасына дейінгі 
баламен қандай жобаны орындау керектігін және қалай жүзеге асыратынын 
білмейтін білім алушылар да кездесті, ол 76% құрады. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогі ретінде жобалық іс-әрекетті 
орындауға дайындық әлеуетін бағалауда өзіне деген сенімділік тұрғысынан 
26% оң көрсеткіште бағаласа, кейбір білім алушылар өздерін жобалық іс-
әрекетті орындаудағы дайындық әлеуетін 74% бағалай алмайтындығын 
көрсетті. Білім алушылар өтілетін пәндер барысында өзіндік жұмыстарды 
орындауда эссе, реферат, баяндама

жобалап оқыту технологиясын пайдалану 
мүмкіншіліктері 42% болса өзіндік жұмыстарды орындай алады бірақ, 58% 
жобалап оқыту технологиясын пайдалана отырып жасай алмайтындығын 
білдірді.
Білім алушылардан сауанаманы алу барысында жобалап оқыту 
технологиясын терең түсінуді қалайтындығын анықтауда 100 білім алушы 
сұраныс білдірді. 


110 
Кесте 17 - «Жобалап оқыту технологиясының маман даярлаудағы 
маңыздылығы» атты білім алушылардың жобалап оқыту технологиясын 
меңгеру даярлығын анықтауға арналған авторлық сауалнаманың нәтижесі 
Блум 
таксоно
миясы 
Сауалнама нәтижелері: 
жетістіктер және % 
көрсеткіштері анықталғаны 
Сауалнама нәтижелері: кемшіліктер және % 
мөлшерлемелерінің көрсеткіштері 
Білу 
Жобалап оқыту технологиясын 
біледі «жоба орындауды»; 
- жобаның түрлеріне не 
жататынын біледі, нәтижесі: 
22,4% 
- Жобалап оқыту технология ұғымдардың 
нақты анықтамасын білмейді; 
- жобаның түрлерін білмейді; 
- жобаны орындауды, оны жүзеге асыру 
қажеттілігі туралы білімінің болмауы; 
- жобаны орындауда кездесетін мәселені 
анықтай алмайды; нәтижесі: 77,6% 
Түсіну 
- Жобалап оқыту 
технологиясының өзектілігін 
түсіну; 
- жобалап оқыту 
технологиясының тапсырмалар 
мазмұнын түсіну; нәтижесі: 
20,7% 
- Жобалап оқыту технологиясының 
өзектілігінің маңыздылығын түсінбеу; 
- Жобалап оқыту технологиясының өзекті 
мәселесінің ерекшеліктері қандай екенін 
түсіндіре алмайды. нәтижесі: 79,3% 
Қолдану - Жобалап оқыту технологиясы 
бойынша тапсырмалардағы 
мәселені шешуге қажетті ақпарат 
көздерін пайдалана алады 
-жобалап оқыту технологиясы 
бойынша тапсырмалардағы 
мәселені шешу үшін мәселені 
анықтай алады, нәтижесі: 18,9% 
- Жобалап оқыту технологиясы бойынша 
тапсырмалардағы мәселені шешуге қажетті 
ақпарат көздерін дұрыс пайдалана алмайды; 
-Жобаны орындауда зерттеушілік іс-
әрекетті дұрыс құра алмайды. 
Нәтижесі: 81,1% 
Талдау 
- Жобаны орындауда 
қызығушылқтарының 
нәтижесінде, жобаның түрлерін 
талдай алады; нәтижесі: 34 % 
- Жобаға деген қызығушылықтарының 
болмауына байланысты жобаға талдау 
жасай алмайды; 
- жобаның орындау тәсілдерін білмейді; 
нәтижесі: 66 % 
Бағалау 
- Өзіндік жұмыстарды орындауда 
эссе, реферат, баяндама,
жобалап оқыту технологиясын 
пайдалануды бағалай алады, 
нәтижесі: 42% 
Өзіндік жұмыстарды орындауда эссе, 
реферат, баяндама, жобалап оқыту 
технологиясын пайдалану мүмкіншіліктерін 
тапсырмаларды қалай қолдану керектігін 
білмейді: 58 % 
Құру 
- Білім беруде жобалап оқыту 
технологиясын құра алады 
22,4%
- Жобалап оқыту технологиясының 
мазмұнын білмейді: 
- жобалап оқыту технологиясын анықтай 
алмайды: 77,6% 
«Жобалап оқыту технологиясының маман даярлаудағы маңыздылығы» 
атты авторлық сауалнаманың қорытынды нәтижесінен көріп отырғанымыздай, 
білім алушылардың жобалап оқыту технологиясына қызығушылық тудырғанын, 
жобалық іс-әрекеттерді орындауға ниетті екендерін, мектеп жасына дейінгі 
балалармен жобалық әрекетті орындағысы келетіндерін анық аңғардық. Демек, 


111 
біздің жұмысымыздың өзекті екенін, ары қарай диагностика жасауға мүмкіндік 
алдық. Келесі кезекте білім алушылардың мотивациялық деңгейлерін 
қарастырғанды жөн деп есептедік. 
2. Т.Элерстің «Табысқа жету мотивациясы» мақсатқа, жетістікке жетуге 
мотивацияның бағытын бағалауға арналған анықтау тест әдістемесі (Қосымша 
Ә) 
берілді [233]. Табысқа жетуге деген мотивацияны анықтау үшін жеке 
тұлғаны диагностикалау кезінде Т.Элерстің тестік позициясына сүйендік.
Әдістеме негізінде табысқа жету мотивациясының жоғары, орта, төменгі 
деңгейі анықталды. Байқауымызша табысқа жетуге деген күшті мотивация, 
әлсіз мотивацияға қарағанда қарапайым, бірақ мұндай адамдар табысқа жету 
үшін көп жұмыс істейді, табысқа ұмтылады.
Жетістікке жету мотивациясының 
бастапқы деңгейін анықтау динамикасын бақылау мақсатында эксперименттік 
зерттеу жұмысын жүргіздік.
Эксперименттің басында және соңында 
эксперименттік топпен бақылау тобының білім алушылары тестілеуден өтті. 
Т.Элерстің «Табысқа жету мотивациясы» мақсатқа, жетістікке жетуге 
мотивацияның бағытын диагностикалауға арналған анықтау тесті жүргізілді. 
Нәтижесінің сандық, пайыздық көрсеткіші (кесте 18), диаграммасы (сурет 10) 
берілді. 
Кесте 18 - Т.Элерстің «Табысқа жету мотивациясы» мақсатқа, жетістікке жетуге 
мотивацияның бағытын диагностикалауға арналған анықтау тесті 
Студент 
саны 
Төмен деңгейі 
Орта деңгейі 
Жоғары деңгейі 
саны 

саны 

саны 

Эксперимент 
63 
24 
37,1 
18 
28,6 
21 
34,3 
Бақылау 
62 
27 
39,5 
21 
27,9 
14 
32,6 
Білім алушыларға Т.Элерстің «Табысқа жету мотивациясы» әдістемесі 
бойынша 41 сұрақ берілді. Сауалнаманың талабы бойынша білім алушылар 
сұрақтарға «Иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек. 2, 3, 4, 5, 7, 8, 9, 10, 14, 
15, 16, 17, 21, 22, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 32, 37, 41 сұрақтарына «ия» деп жауап 
берілсе 1 ұпай беріледі, ал 6, 13, 18, 20, 24, 31, 36, 38, 39 сұрақтарына «жоқ» 
деп жауап берсе жауаптарына ұпай берілмейді, 1, 11, 12, 19, 23, 33, 34, 35, 40 
сұрақ жауаптары есепке алынбайды. Қорытынды шығару үшін сұрақтардың 
жауаптары бойынша алынған ұпайларды есептейміз. Интерпретация 
көрсеткіші: 
1-10 мотивацияның төмен деңгейі 
11-16-мотивацияның орта деңгейі 
17-21-мотивацияның жоғары деңгейі 


112 
Сурет 11 - Т.Элерстің «Табысқа жету мотивациясы» мақсатқа, жетістікке жетуге 
мотивацияның бағытын диагностикалауға арналған анықтау диаграммасы 
1-10 ұпай-табысқа жетудің төменгі мотивациясынның нәтижесінде білім 
алушылардың эксперименттік тобы 37,1% төменгі көрсеткіш көрсетсе, ал 
бақылау тобы 39,5 %, 11-16-мотивацияның орта деңгейі бойынша 
эксперименттік топ 28,6 %, бақылау тобы 27,9 %, 17-21-мотивацияның жоғары 
деңгейі эксперименттік топ 34,3 %, бақылау топ 32,6%, көрсеткішін көрсетті. 
Бұл алынған анықтаушы кезеңдегі нәтижелер болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы 
дамытуда мотивацияның білім алушы үшін маңызды болатынын аңғардық. 
Мотивацияны дамыту арқылы біз өз зерттеуіміздің нысаны болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогтерінің мотивациялық бағдар деңгейін көре алдық. 
Т.Элерстің «Табысқа жету мотивациясы» мақсатқа, жетістікке жетуге 
мотивацияның бағытынын анықтайтын әдістемесінен кейін біз білім 
алушылардың кәсіби іс-әрекетке теориялық және әдіснамалық даярлығын 
анықтауға кірістік.
3. Ю.В.Рындинаның «Білім алушылардың кәсіби іс-әрекетке теориялық 
және әдіснамалық даярлығы» өзіндік бағалау әдістемесі негізінде тестік бағалау 
диагностикасы жүргізілді [234]. Когнитивті зерттеу эксперимент нәтижесінде 
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы негізінде білім 
алушылардың зерттеу мәселелерінің компоненттерін қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. Бағдарламада ғылыми әдебиеттерді талдау, салыстыру 
мақсатында тапсырмалар берілген. Білім алушылар жаңа ғылыми терминдерді 
зерттейді, өзі бетінше шешім қабылдайды, мотивациялық құндылықтары 
қалыптасады. Бағалау шкаласы бойынша 17 сұрақ беріледі, жауаптары цифрлық 
кодпен 
белгіленеді. 
Сауалнама 
сұрақтары 
(Қосымша 
Б) 
берілді. 
Диагностикалық картаны толтыру үшін бес баллдық шкаланы қолдану 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет