Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет6/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Модель – 
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту мен жетілдіру
бағытын айқындайтын тәсілдер мен қағидаттар жиынтығы.
Мектепке дейінгі ұйым
– бұл бір жастан бастап мектеп жасына жеткенге 
дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі педагогика
– бала өмірінің алғашқы күнінен бастап 
(туғаннан мектепке барғанға дейін) оны тәрбиелеу, оқыту және білім беру 
туралы ғылым.
Педагогтің кәсіби стандарты –
білім бағдарламаларын қалыптастыруға, 
оның ішінде білім ұйымдарының қызметкерлерін оқытуға, білім ұйымдарының 
бітірушілері мен қызметкерлерін сертификаттауға арналған

 
 



БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
ҚР -
Қазақстан Республикасы
ҚР ҒжЖБМ - 
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім 
министрлігі 
ҚР ОАМ - 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 
ҚР МЖМБС - 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті 
білім беру стандарты 
ЖОО - 
Жоғары оқу орны 
МДҰ - 
Мектепке дейінгі ұйым 
МЖДБ - 
Мектеп жасына дейінгі балалар 
БТ - 
Бақылау тобы 
ЭТ - 
Эксперименттік топ 
ТК - 
Таңдау компоненті 
ЖК - 
ЖОО компоненті 
ОӘК - 
Оқу-әдістемелік кешен 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің көкейкестілігі.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-
техникалық және мәдени дамуының жоғары қарқынын қамтамасыз ету 
мақсатында дамудың қазіргі кезеңінде жоғары білім табысты кәсіби-тұлғалық 
өзін-өзі жүзеге асыруға дайын құзыретті педагогтерді даярлауды көздейді. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің кәсіби дайындығындағы өзгерістер 
мектепке дейінгі білім беруді реформалаумен байланысты.
Педагогтерді даярлау саласындағы ұлттық білім беру жүйесінің негізгі 
жетістіктері: білім беру мен ғылымның заңнамалық базасын, ұлттық жастар 
саясатын жаңарту; университеттердің академиялық еркіндігін кеңейту; 
қазақстандық қоғам мен білім берудің алдында тұрған негізгі міндеттерді 
ескере 
отырып, 
инновациялық 
жобаларды 
қосу, 
педагогикалық 
университеттердің миссиясы өзгермелі ортада өмір сүруге икемді және бәсекеге 
қабілетті түлектерді дайындау. Жоғары оқу орындарында әр білім алушының 
қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы 
адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен 
әлеуетін ашу жүзеге асырылады [1].
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 
жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет», «Біртұтас ұлт», 
«Берекелі қоғам» атты Жолдауында: Тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін 
арттырып, өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес 
қосады. Сондай-ақ, ұстаздардың құзырет аясы айқындалып, болашақ 
педагогтердің нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн 
екендігін мәлімдеді. Педагог мамандардың өз саласының шеберіне әрдайым 
сұраныс болатынын нақтылады. Өскелең ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге 
елдерде де бәсекеге қабілетті болуы керектігін алға тартты [2]. 
Қазақстанның дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, жаңа заман 
талаптарына сәйкес болашақ педагогтің ғылыми-зерттеушілік ізденісі негізінде 
зерттеушілік іс-әрекетін дамыту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет