Мамытбаева жанат абдиманаповна


Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-



Pdf көрінісі
бет13/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   93
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-
әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың ғылыми-
тәжірибелік алғышарттары», -
атты екінші тарауда мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы 
дамыту әлеуеті айқындалып, соның негізінде құрылымдық-мазмұндық моделі 
ұсынылды. 
«Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс - 
әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытуға арналған 
тәжірибелік
-
эксперименттік жұмыстар мазмұны» 
атты үшінші тарауда 
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекет 
деңгейлері анықталып, даму жолдары негізделіп, тәжірибелік – эксперименттік
жұмыс нәтижелері берілді. 
Қорытындыда
ғылыми болжамды дәлелдейтін зерттеудің теориялық 
және практикалық нәтижелері бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар, зерттеу 
мәселесінің болашақтағы бағыттары айқындалған. 
Библиографиялық 
бөлімінде
пайдаланылған 
әдебиеттер 
тізімі 
жинақталды.
Қосымшада 
қолданылған зерттеу мен әдістемелік материалдар берілді. 


16 
1 БОЛАШАҚ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ 
ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІН ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1 «Зерттеушілік іс-әрекет» және «жобалап оқыту технологиясы»
ұғымдарының ғылыми әдебиеттердегі зерттелу жайы 
Заманауи бiлiм бepу, әлeмнiң жeтeкшi мeмлeкeттepiнiң бәceкeгe қабiлeттi 
талаптаpына жәнe нәтижеге бағытталған білім беру моделіне cәйкec құрылуын 
басшылыққа алуда.
2020 жылдың 1-қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт 
Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен 
өркендеуінің негізі», – атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Ғылым 
саласындағы ахуал ерекше назар аударуды талап етеді. Біз ғылымсыз еліміздің 
дамуын қамтамасыз ете алмаймыз. Бұл бастаманы жүзеге асыруға бағытталған 
бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін ұсына алатын, жоғары білікті мамандарға 
деген қажеттілік артуда. Осы және басқада бірқатар басты мемлекеттік 
құжаттарда жүктелген міндеттер іске асырылу үшін, ағымдағы заманауи бiлiм 
бepу, әлeмнiң жeтeкшi мeмлeкeттepiнiң бәceкeгe қабiлeттi талаптаpына жәнe 
нәтижеге бағытталған білім моделінің cтpатeгиялық дамыту жоспарына cәйкec 
құрылуы қажeттілігі өзекті болмақ» [103]. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің алған білімдерін күнделікті 
өмірде жеткізе алатындай етіп, білім мен білік дағдылар мен оқытудың 
ғылыми зерттеулерінде кездесетін жаңа мәселелерді шешу үшін қолданылатын 
әдістердің бірі – жобалап оқыту технологиясы арқылы зерттеушілік іс-
әрекеттерін дамыту.
Зерттеушілік іс-әрекет ұғымының зерттелу жайы ертеректен басталады 
мысалы, іс-әрекеттік ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға XVIII ғасырда 
философ И.Кaнт енгізді. Іс-әрекет ұғымы aлғaшқы уaқыттa философиялық 
сөздіктерде кездесе бaстaды. И.Кaнт іс-әрекет ұғымы философиялық мaғынaға 
қaрaғaндa aдaмның қоршaғaн ортaмен қaрым-қaтынaсындa деп болжaй білген.
«Іс-әрекеттегі зерттеу – білім aлушылaрдың өздерінің қaндaй тұлғa екенін 
және оқыту мен оқу үдерісі турaлы сын тұрғысынaн ойлaнуынa көмек беретін 
тәсіл» деген ой айтады [104].
Зерттеушілік іс-әрекеті – бұл қолдaнбaлы сaпaлық зерттеу. Оны психолог 
ғалымдар іс-әрекеттің жоспaрлaу, әрекет ету және бaғaлaу кезеңдерін 
қaмтитын, спирaль түрінде дaмитын үдеріс түрінде сипaттaғaн. Зерттеушілік іс-
әрекеті – педaгог тәжірибесін жетілдіруге, ізденуге, өз тәжірибесіндегі шешімі 
тaбылмaй жүрген мәселелердің жолын қaрaстыруғa, оқыту мен оқу үдерісі 
турaлы сын тұрғысынaн ойлaнуынa көмек беретін тәсіл. Зерттеушілік іс-
әрекетті комaндaлық жұмыс десек те болaды. «Зерттеушілік іс-әрекетке» 
философиялық сөздікте - жaңa білім өндіруге бaғыттaлғaн ойлaу турaлы, қоғaм 
турaлы әрекет деген түсінік беріледі.
Д.Берлайн зерттеушілік іс-әрекет негізін қалаушылардың бірі, ол зерттеу 


17 
іс-әрекетін беймәлім заттарды зерттеу, іздеп табу», – деп түсіндірді [28,с. 5].
Зерттеу іс-әрекетін бағалауда және сараптама өлшемінен ғылыми ақпарат алу 
үдерісінде ғылыми зерттеудің нәтижесі ретінде олардың біртұтастығын 
анықтауға мүмкіндік береді. Педагог қызметінің негізгі мәні – білім алушыны 
оқыту, тәрбиелеу, дамыту ғана емес, сол үрдістерді басқаруды шығармашылық 
арқылы жаңаша ұйымдастыра алуында. Ал, жаңа тұрпаттағы жаңа педагогтің 
сапа көрсеткіштерінің бірі - оның ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетінің 
мәдениеті. Зерттеушілік іс-әрекет бүгінгі таңда өзекті мәселе ретінде қаралып 
келеді. 
В.В.Краевскийдің еңбектерінде зерттеушілік іс-әрекет ұғымы тұлғалық 
әрекетті зерттейтін ғылым ретінде қарастырылған [21,с. 27], ғалымның 
зерттеуіне сүйене отырып, «зерттеушілік іс-әрекет объективті және субъективті 
жаңа білім алудағы іс-әрекет, ал зерттеушілік қызмет жеке тұлғаға бағытталған 
оқу-тәрбие үдерісі негізінде іске асырылатын үдеріс», – деп түсіндіреміз. 
Зерттеушілік іс-әрекетте оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу іс-әрекеттері бірге 
қолданылады.
Б.А. Виколдың зерттеулерінде «оқу-зерттеу іс-әрекетіндегі басты 
ерекшелік ол педагогтің және білім алушының іс-әрекетінен құралады, зерттеу 
проблемасын, зерттеу болжамын, мақсатын, міндеттерін анықтау – педагог пен 
білім алушының бірлесе жұмыс істеуінің нәтижесі» деп қарастырылған [105]. 
Ғалымның пікірінше, ғылыми-зерттеу іс-әрекетінде білім алушы өз бетінше 
зерттеу жүргізеді, педагог тек бақылаушы қызметін атқарады. Зерттеу жұмысы 
– шығармашылық іс, бірақ ғылыми шығармашылық жасау мүмкіндігінің өзі 
педагог-зерттеуші үшін оның негізгі ережелері мен рәсімдерін қаншалықты 
меңгергендігінде, сондай-ақ ғылыми жұмыстың өзіндік бір және өзіне 
қойылатын әдіснамалық талаптарынан тұратын өз қызметін бағалау тәсілдеріне 
байланысты. Біздің ғылыми жұмысымыздың басты мақсаты – болашақ 
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту 
технологиясы арқылы дамытуда зерттеушіліктің маңызды рөлін көрсете білу. 
А.Г.Асмолов «Іс-әрекет субъекттің қоршаған ортамен қарқынды түрде, 
өзін-өзі айқындаушы өзара әрекеттесуінің иерархиялық жүйесі болып 
табылады, бұл үдеріс барысында психикалық бейненің пайда болуы, оның 
объектте көрініс беруі, субъекттің өзін қоршаған заттық ортамен психикалық 
бейнелер арқылы көрініс тапқан қатынастарының жүзеге асырылуы және қайта 
жаңғыртылуында жүреді», – деген тұжырым келтірді [106]. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің жобаны орындау барысында 
іс-әрекетінің негізгі сипаты – оның мақсат қоюшылығы мен мақсатқа 
бағытталуы.
А.Н.Поддьяков ғылыми еңбектерінде «Зерттеу іс-әрекеті арқылы қоршаған 
ортадағы жаңа материалдарды жинақтау мен ізденуге бағытталған белсенді 
әрекет», – деген түсінік берді [107].
Ғылыми зерттеу жұмыстарының мәселелерін шешу барысын анықтауда 
В.Пегашкин мен Т.Гаврилованың еңбегінде «Ғылыми-зерттеушілік іс-


18 
әрекеттеріне деген төмен қызығушылықтарын көрсетудегі мәселені шешуші
жолдарын арнайы ынталандырып, оқытуды қажет ететіндігінде», – деп
көрсетеді [108].
«Зерттеушілік іс-әрекет» термині философиялық сөздікте - жаңа білім 
өндіруге бағытталған ойлау, қоғам туралы әрекет деген түсінік беріледі [109]. 
Зерттеушілік іс-әрекет зерттеушінің интеллектуалдық және шығармашылық 
қызметінің ерекше түрі. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің 
зерттеушілік іс-әрекеті заттардың құрылымын, қоршаған әлем құбылыстары 
арасындағы байланыстарды түсінуге, оларды ұйымдастыруға және жүйелеуге 
бағытталады. Іздеу іс-әрекеті неғұрлым әртүрлі, қарқынды, жылдам болса білім 
алушы толыққанды дамиды. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогі өзінің 
жеке сезімдері, іс-әрекеттері мен тәжірибелері арқылы дамиды. Нені орындай
алатындығын зерттейді, жаңалығына қуанады және өзін-өзі дамытуына 
зерттеушілік іс-әрекеті ықпал етеді [34,с. 148].
А.А.Вербицкийдің пікірі бойынша болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетінің заттық және әлеуметтік құрылымын 
оқу үдерісінде іске асыруда іскерлік ойындардың дидактикалық құралдары мен 
формаларының рөлі ерекше [110]. Автордың тұжырымында зерттеушілік іс-
әректті ойын арқылы оқытуда болашақ білім алушылардың оқудағы, еңбектегі 
«кәсіби іс-әрекетімен» жүзеге асыруын анықтауға болады. 
А.Н.Леонтьев іс-әрекет құрылымын қажеттіліктен мақсатқа, оған қол 
жеткізу шарттары мен іс-әрекеттер құрайтынын, психикалық рефлексия арқылы 
жүзеге асырылатын анықтады [29,с. 106].
Ал, көрнекті ғалым, педагог-психологтар А.А.Савенков пен Л.Венгер 
мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеу қызметін қарастырғанда бірнеше 
кезеңдерге бөлді. Бірінші кезеңде, танымдық қажеттілік шығармашылық 
қызметтің дамуына ықпал етеді деген қорытынды жасады. Екінші кезеңде, 
баланың өз бетінше ізденуге, зерттеушілік қабілетін дамытуға және оны игеруге 
зерттеушілік іс-әрекет арқылы жүзеге асырады деп тұжырымдады. Үшінші 
кезеңде, іздену іс-әрекет үдерісінде ғылыми таным әдісін меңгеруді 
жеңілдетеді. Төртінші кезеңде, зерттеуші болу үшін балалардың қабілеттерін 
дамыту бағыттарының бірі шығармашылық дамуына ықпал етуді талап етеді 
[27,с. 5]. Білім алушылардың психологиялық дайындығының күші, ғылыми 
негізде жүзеге асырылатын іс-әрекет ретінде қарастырылады. 
Отандық ғалым А.Р.Ерментаеваның пікірінше болашақ педагогтің 
зерттеушілік іс-әрекетін дамыту - оқудың кәсіби түрі іс-әрекетті жетілдіруге 
психологиялық даярлық деңгейлерінің дамуы [111]. Болашақ мектепке дейінгі 
ұйым педагогінің зерттеушілік іс-әрекетінің дамуы ең алдымен психологиялық 
даярлықтың даму деңгейіне байланысты деген тұжырым жасадық. 
Біздің зерттеуіміздің негізінде «зерттеушілік іс-әрекет дегеніміз – 
жaңaлықты оқу үдерістерісінде aнықтaуғa, бaйлaныстaры мен қaтынaстaрын 
орнaтуғa, нaқты фaктілерді теориялық және эксперименттік тұрғыдaн 
дәлелдеуге, тaным жүйесінің зерттеу әдістері aрқылы зaңдылықтaрды 


19 
aнықтaуғa бaғыттaлғaн шығaрмaшылық мaзмұндaғы іздену іс-әрекеті», - деген 
түсініктеме береміз.
М.И.Махмутовтың педагогтерге арналған «Мектепке дейінгі білім беру 
мен оқыту жұмысын ұйымдастыру туралы ғылыми зерттеулерінде оқу-зерттеу 
іс-әрекеті оқу-тәрбие үдерісінің міндетті құрамдас компоненті» – деп 
қарастырылады [112]. Білім берудің компонеттері арқылы оқу-зерттеу іс-әрекеті 
және оқу-тәрбие үдерістерінің басымдылығында екендігі тұжырымдалды.
М.Ә.Құдайқұлов «Іс-әрекеттің тиімдісі білім, білік және ынтаның бірлігі. 
Бұл сапалар еңбек үрдісі мәдениетінің деңгейлері арқылы дамиды», - деген 
тұжым келтірген [113].
Г.К.Баймұқашева өзінің зерттеу жұмысында «білім беру мен ғылыми-
зерттеу қызметі» ұғымдарын салыстырды. Оқу үдерісінде студенттердің оқуы 
мен 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстары 
енгізілген 
жүйе 
семинарлардан, 
тәжірибелерден, зертханалық курстардан тұрады [114]. Зерттеушілік іс-әрекеті –
қабылдаған білім, білік, дағдыларын белгілі бір ғылыми айналымға байланысты 
қолдана алуы, өзін-өзі әлеуметтендіруге дайындық деңгейі болып табылады.
«Зерттеушілік іс-әрекет» ұғымына берілген анықтамалар 1-кестеде берілді.
Кесте 1 - Ғалымдардың еңбектеріндегі «Зерттеушілік іс-әрекет» ұғымына 
берілген анықтамалар 
Авторлар 
Анықтамалар 


Ш.Т. Таубаева
 
Зерттеушілік іс-әрекет – жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар, 
мәдениет пен білім саласында мұқияттылықпен, реттілікпен 
жасалған ерекше зерттеулер. 
 
К.М.Метербаева 
Баланың ойлау әрекеті үнемі дамып, мазмұны жағынан 
өрістеуі олардың түрлі іс-әрекеттерінің зерттеушілік нәтижесінде 
жүзеге асырылады. 
У.Ж.Мухамеджанова 
А.М.Жубандыкова
Зерттеушілік іс-әрекеттер тұлғаның негізгі қозғалыстарының 
барлығын меңгереді және ең маңыздысы – оларды іс-әрекетінде еркін 
жүзеге асыра бастайды. 
М.А.Утешова
Зерттеу әрекеті – баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып-білуге 
деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі.
М.Б.Аманбаева
Зерттеушілік іс-әрекет – жаңалықты оқу үдерісінде анықтауға, 
олардың байланыстары мен қатынастарын орнатуға, нақты фактілерді 
теориялық 
және 
эксперименттік 
тұрғыдан 
дәлелдеуге, 
заңдылықтарды анықтауға бағытталады.
К.С.Құдайбергенова Бүгінгі білім берудегі күтілетін нәтижені жеке білім алушылардың
білімі, біліктілігі, құндылықтары мен қабілеттері емес, бүгінгі 
әлеуметтік ортаның, уақыттың талабына сай, ашық ортадан өз жолын 
өзі таба алатын тұтас адам деп қарастыру қажет. 
Ғ.З.Байжасарова
Нәтижеге бағдарланған білім жүйесінің философиясы күтілетін 
нәтижеге жету ынтасына негізделген нақты білім алушының оқу 
үрдісін сипаттаушы білімдік үрдіс. 


20 
1 - кестенің жалғасы 


Ү.Б.Жексенбинова
Б.Қ.Игенбаева
Зерттеушілік іс-әрекетіне жетекшілік етуде: баланың өз бетінше 
әрекеттенуге үйрету; баланың ұсыныстарына көңіл бөлу; нәтижені 
талдау барысында бағалауға асықпау;
А.Н.Леонтьев 
Мотивтің өзі ғылыми-зерттеу іс-әрекетін кешенді ынталандырушы 
және реттеуші ретінде танымдық функцияға ие, ол мотивтің ішкі 
құрылымының басқа элементтерімен байланысы арқылы мотивте 
күшейтіледі 
А.И.Савенков
Зерттеу қабілеттері зерттеу іс-әрекетімен жүзеге асыруда 
субъективті шарттары болып табылатын жеке тұлғаның жеке 
ерекшеліктері
А.С.Обухов
Зерттеушілік тұлғаның әлемде болып жатқан өзгерістерге белсенді 
түрде жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар оған бұрын 
зерттелмеген нәрсені іздеуі және табуы қажет. 
М.А.Слеменев
Ғылымдағы дайын өнімдері зерттеуін анықтауда «...ғылыми 
шығармашылықтың ең типтік белгілері-алынған білімнің жаңалығы 
мен әлеуметтік құндылығы»
Ғалымдардың 
еңбектерін 
талдай 
келе, 
«зерттеушілік 
әрекет», 
«зерттеушілік іс-әрекет» ұғымдарына талдау жүргізу барысында қорытынды 
ойлардан түйгеніміз: «зерттеушілік іс-әрекет» алдын-ала нәтижесі белгісіз 
бірақ, ізденушілік пен шығармашылық жұмыстар негізінде, зерттеушілік 
міндеттерді шешудің жолдарын қарастыру және оған өзек болатын нақты 
жауаптарды табуға байланысты екеніне көз жеткіздік. Зерттеу жұмыстарын 
жүргізу түрлері студенттер үшін оқу-зерттеу, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен 
қатар жүреді (сурет 1).
Сурет 1 - Зерттеушшілік іс-әрекеттің мәні 


21 
Аталған зерттеу жұмыстарының ішіндегі оқу-зерттеу жұмысы білім беру 
мен тәрбие берудегі практикалық, зертханалық сабақтар нәтижесінде жүзеге 
асырылса, теориялық білімді толықтырумен қатар оқудағы жобалық 
проблемалардың шешімдерін іздестіру болып табылады. Ғалымдардың 
идеяларын зерделей келе, зерттеушілік іс-әрекеттің мәнін ажыраттық (сурет 1). 
Білім берудегі зайырлы тұжырымдамалық сипаттағы реформалаудың 
қажеттіліктерінен туындаған идеялары, білім берудің барлық деңгейлері 
А.Байтұрсынұлы [8,с. 15], М.Дулатов [115], Ж.Аймауытов [11,с. 19], 
М.Жұмабаевтар [10,с. 7] еңбектерінде айқын көрініс тапқан. Зерттеуші іс-
әрекеттегі педагогикалық қызметтердің жобалаушысы болып табылады.
Т.Т.Тәжібаевтың пайымдауынша зерттеушілік іс-әрекет тұлға әрекеттерінің 
бір мақсатқа жетудегі бағыттылығы оқудағы немесе еңбек нәтижесінде өнімді 
шығарудағы саналы әрекет нәтижесі [116]. Қазақстандағы мектепке дейінгі 
білім берудің дамуы мен қалыптасуындағы алғашқы ағартушы ғалым 
Н.С.Кұлжанованың еңбектерінің рөлі ерекше. Атап айтқанда Қызылордада 
мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің конференциясында ол қазақ 
даласында мектепке дейінгі білім берудің мәселелерін және негізгі міндеттерін 
көтеріп, баяндама жасады [117]. 
Мектепке дейінгі ұйымдардың қанат жая бастауына байланысты 
Ә.Сыздықов еңбектер жазды [118]. 
Б.Баймұратова [61,с. 26] балаларды ана тілінде сөйлеуге үйретуге сонымен 
қатар, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын жазып, артына мол мұра қалдырды. 
Білім беру мақсаты жаңа білім нәтижелерін - жаңа өзгерістер жағдайына 
инновациялық және жобалаушылық ойлау қабілеттері қалыптасқан, өзін-өзі 
дамыту мен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын, әлеуметтік және кәсіби 
құзіреттілігі негізінде тиімді шешімдер қабылдай [119]. 
1975-1980 жылдары Г.Дүкенбаева мен М.Сәтімбекова [65,с. 14] 
балабақшада балаларды мектепке даярлау мәселелері бойынша зерттеу 
жұмысын жүргізді. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие саласындағы 
мамандарды 
даярлауға 
үлес 
қосқан 
А.К.Меңжанова 
[62,с. 
18], 
М.Т.Тұрыскелдина [120], Қ.М.Меңдаяқова [64,с. 25], Ж.И.Идирисова [121], 
Қ.Аймағамбетова [122] және т.б ғалымдарды атап өткеніміз жөн. 
Ойымызды жинақтай келе, ғылыми әдебиеттердің негізінде «Зерттеушілік 
іс-әрекет дегеніміз – жаңалықты оқу үдерісінде пайдалануға, нақты фактілерді 
теориялық және эксперименттік тұрғыдан дәлелдеуге таным жүйесінің зерттеу 
әдістері арқылы заңдылықтарды анықтауға бағытталған шығармашылық 
мазмұндағы ізденіс іс-әрекеті», - деген анықтама бердік. 
Келесі кезекте зерттеуіміздің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, жобалап 
оқыту технологиясын қарастырғанды жөн деп санаймыз.
Білім алушыларды кәсіби даярлауда диагностикалау, бағалау және болжау 
арқылы жобалап оқыту қызметін ұйымдастыру негізінде болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогтерінің білім беру мәселелерін жобалап оқыту 


22 
технологиясы арқылы дамытуды қарастыруда зерттеушілік іс-әрекеттерін 
дамыту қажет. Мәдени құндылықтар мен білім қоғамдық меншікке айналуға 
бағытталған жаңа қоғамның әртүрлі жобаларын Ренессанс дәуірінің 
классикалық педагогтары Томас Мор, Томмазо Кампанелла жасаған.
Авторлар И.А.Колесников пен М.П.Горчакова-Сибирская [123], чех 
педагогы «Ұлы дидактиканың» авторы Я.А.Коменский [124], білім беру 
табысты болуы үшін педагогтің жұмысына зерттеушілік ынталандыруды енгізу 
қажет деп есептеді. Одан әрі бұл идеяны француз философы Ж.Ж.Руссо [125], 
швейцариялық педагог И.Г.Песталоцци [126], неміс педагогі Адольф Дистервег 
[127] жалғастырды. 
Ағылшын химигі, профессор G.Armsrong жобалық қызмет идеясы 
эвристикалық әдіс ретінде сипатталады дей келе, оны қолдану білім алушының 
эмпирикалық түрде ашқан ғылыми фактілерге қатысты зерттеуші позициясына 
байланысты [128]. 
XVII-XVIII ғасырларда жасалған бірқатар жобалар, перспективалық 
өзгерістерді және жүзеге асыру үдерістерін жоспарлау идеясы Дж.Дж. 
Руссоның «Сент-Мари мырзаның білім беру жобасы», В.Ф.Одоевскийдің 
«Мектептерді 
орналастыру 
жобасы», 
М.В.Ломоносовтың 
«Мәскеу 
гимназияларына арналған ережелер жобасы» еңбектерінде жақсы зерделенген. 
XVIII ғасырдағы Француз революциясы тудырған Франциядағы халықтық 
білім беруді реформалау қажеттілігі жалпы ұлттық сыныптан тыс мектеп 
жүйесі жобаларының пайда болуына әкелді (Ж.А.Кондорсе, Л.М.Лепелетье, 
Ш.М.Талейран, М.Ж.Шенье). 
Осылайша, сол кездегі педагогика терминологиясы мен дәстүрлі жобаның 
жалпы мәнін ала отырып, басты мақсаты педагогикалық объектінің даму 
болашағын болжау болып табылатын бірыңғай жобаларды жасайды. Алайда 
педагогикалық жобалардың негізіне әдістемелік база және жалпы 
тұжырымдамалық ережелер жетіспейді. 
Ғалым Н.О.Яковлева жобалық қызмет идеяларының даму тарихын үш 
кезеңге бөліп көрсетеді: 
Бірінші кезең – ежелгі дәуірден ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейінгі кезең. 
ХХ ғасыр – қазіргі әдебиетте жобаның дербес қызметке бөлінуі, идеологияның 
қалыптасуы және жобалау әдістерінің даму кезеңі ретінде сипатталады. 
Екінші кезең – 20-50 жылдар аралығы. ХХ ғасырда педагогикалық жобалау 
арнайы ғылыми зерттеу нысанына айналды. 
Үшінші кезең – 50-жылдардан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі кезең. 
Жобалау әлеуметтік ғылымдарға, соның ішінде педагогикаға да таралады [129]. 
Педагогикадағы жобалап оқыту технологиясын зерттеушілер В.С.Зайцев 
[130] пен Г.Г.Митрофанова [131] болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтері 
мен тәрбиешілерінің инновациялық технологияларды қолдана отырып, 
балалардың зерттеушілік іс-әрекетін дамыту [132] арқылы жобалап оқытудағы 
жобаны жүзеге қалай орындау керектігін түсіндірді.
Неміс педагогі Мaikl Knoll [133] еңбектеріне сүйене отырып, жобалау 


23 
идеясы қайта өрлеу дәуірінің соңында Италияның, содан кейін Францияның 
сәулет мектептерінде пайда болғанын айтады.
Жобалап оқыту технологиясының мәні білім алушының алдын-ала 
жоспарланған, бірте-бірте күрделі практикалық тапсырмаларды орындау 
арқылы дағдыларды меңгеруінен және білім алуынан тұрды.
ХХ ғасырдың басына қарай Н.О.Яковлева «Педагогикалық жобалаудың 
теориялық және әдістемелік негіздері» атты өзінің монографиясында, жобалау 
теориясы мен практикасын кеңінен қозғап, тың мәліметтер келтірген [129,с. 39].
Жобалық оқытудың мақсаты білім алушыларға түрлі мүмкіндікте білім 
алатын жағдайлар жасау; танымдық және практикалық міндеттерді шешу үшін 
алған білімдерін пайдалануды үйрену; коммуникативтік дағдыларды дамыту. 
ХХ ғасырдың басында атақты ғалымдар Дж.Дьюи [134], G. Saimon [135], 
В.Х.Килпатриктің арқасында педагогикалық жобалауды қалыптастырудың 
педагогикалық тәжірибесі қалыптасты [136]. Осы кезеңдегі педагогика 
болашаққа бағдарланған оқуды бастауды жариялайды «белсенді» білімнің 
практикалық сипатымен ерекшеленді. 
Келесі кезекте, теориялық білім берудегі жобалауды негізге алған отандық 
зерттеушілердің еңбектеріне талдау жасағанды жөн деп таптық. 
Ғалымдар 
Ш.Т.Таубаева 
мен 
А.А.Булатбаева 
«Педагогикалық 
әдіснамалары мен әдістерін зерттеу» еңбегінде ғылыми зерттеудің дәстүрлі 
әдістерін, білім беру тақырыптарының әртүрлі жүйелерін жобалауды 
айтарлықтай өзгертетін жүйелік тәсілдердің негізгі элементтерін қамтитынын 
анықтады: 
– бар жағдайды бағалау; 
– мақсаттар мен міндеттерді айқындау; 
– зерттелетін объектінің жүйелік көрінісі; 
– жүйенің тұжырымдамалық моделін жобалау және қалыптастыру; 
– жүйені зерттеу және оңтайландыру; 
– жүйені іске асыру; 
– қызмет бағдарламасын әзірлеу және іске асыру; 
– алынған нәтижелерді талдау және бағалау; 
– жүйелер мен бағдарламаларды жетілдіру және дамыту [137,138]. 
Жобалаудағы аталған жүйелік тәсілдер білім берудегі зерттеу обектісінің 
жүйеленуіне негізделеді. 
А.К.Менжанова, Г.И.Исмагулова, Е.Б.Дайрабаевтың «Мектепке дейінгі 
педагогика» атты еңбегінде: «Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін 
жобалау барысында жоспар жасай білуге, жұмысты орындауға үйретеді, 
ұқыптылыққа, дәлдікке ойлампаздыққа баулиды, бір затты тұтас жасап 
шығатындай тапсырма беріледі, заттың бір бөлшегін ғана орындау, оларды 
қанағаттандырмайды», – деген пікір келтірілген [138]. Ғалымдар 
тапсырмаларды танымдық және шығармашылық тұрғысынан шешуді 
жобалайды. 
Н.В.Матяш пен И.А.Афонин білім беруде қолданылатын шығармашылық 


24 
жобаларды жүзеге асыруда ұсынатын интеграцияланған жобалап оқытудың 
құрылымымен бірдей мақсат, жоспарлау, іске асыру, бақылау, түзетулерді атап 
өтті [139,с. 106].
Е.А.Алексеева 
мен 
М.В.Морозованың 
тұжырымдарына 
сәйкес 
аудиториядан тыс жобалап оқыту технологиясы оқу үдерісінде 
ұйымдастырудың икемді моделі ретінде ерекше орын алады, ол оқу үдерісінің 
ұйымдастыру формасын да, педагогтің рөлін де түбегейлі өзгертуді көздейді 
[140].
Педагог білім алушылардың жобалық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып, іс-
әрекеттің жаңа түрлерін игеруіне, білім алушының танымдық іс-әрекетке, өзін-
өзі тәрбиелеуге және алған білімдерін практикада қолдануға қызығушылық 
танытуына жағдай жасайды. 
Неміс ғалымы К.Фрей «Жобалау әдісі» еңбегінде білім алушыларға
жобаны орындау жолын көрсетеді. Жобаға қатысушылар өмірдегі кез келген 
тақырыптағы мәселені орындай алады деп анықтады: 
– жобаға қатысушылар бір бірімен оқыту нысаны туралы ақпаратты бөлісе 
алады; 
– жобаға қатысушылар жобалық бастаманы дамытады және оны 
баршаның назарына жеткізеді; 
– жобаға қатысушылар жұмыс барысы туралы бір бірін хабардар етеді; 
– жобаға қатысушылар пікірталастарға қатысады және т. б. [95,с. 33].
Сондай-ақ, білім алушылар үшін оқу үдерісіне белсенді қатысу: жобаның 
мақсаттары мен міндеттерін өз бетінше тұжырымдау, өндірістік және өмірлік 
жағдайларында сұранысқа ие жеке қасиеттерді қалыптастыру: зерттеу және 
жобалау дағдыларын меңгеру; мәселенің шешімін көре білу, дербестік, 
икемділік, сыни тұрғыдан ойлау, үйренген әрекет үлгілерін жаңа жағдайға 
көшіру, тұрақты интеллектуалдық қасиеттерді қалыптастыру [141]. 
Ғалымдар А.П.Корзун және Л.С.Пастуховалар бойынша жобалап оқыту 
технологиясының әдісі: 
– өзекті мәселенің сыни бағытталуына оқыту (challenge-based learning); 
– проблемалық бағдарланған оқыту (problem-based learning); 
– орынға байланысты оқыту (place-based learning); 
– тәжірибеге негізделген оқыту (activity-based learning); 
– әзірлемелер арқылы оқыту (design-based learning) [142].
Жобалап оқыту технологиясы педагогтерге белгілі бір тақырыпта, 
проблема бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға, ал 
білім алушыға жеке оқу пәндері бойынша да, сабақтан тыс уақытта да 
шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Жобалап оқыту 
технологиясы білім алушылардың іс-әрекетін дамытады, қызықтырады, 
ұйымдастырады, ал педагогтерге оқытып қана қоймай, сонымен қатар қосымша 
ғылыми әдебиеттерді іздеуді және оқуды, білім алушылардың сөздік қорын 
толықтыруды және кеңейтуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Педагогикалық технологияны жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік. 


25 
Бұл технологияларды ХХІ ғасырдың технологиясына бекер жатқызбайды, олар 
ең алдымен, адамның индустриалды қоғамдағы жедел өзгеретін жағдайларына 
бейімделу білігін қарастырады.
Е.С.Полат жобалап оқыту технологиясын қолдануға мынадай талаптарды 
қойды:
– кез келген жобаның негізгі маңызы, қызықты немесе аз зерттелген 
проблема болуы тиіс;
– жоба тақырыбындағы жұмыс нәтижелерінің теориялық, практикалық, 
танымдық маңыздылығы болуы тиіс;
– білім алушылардың дербес (жеке немесе жұптық немесе топтық) 
қызметінің үстемдігі;
– міндетті ойластырылған жұмыс құрылымының болуы;
– бастапқыда іс-қимыл кезеңдерінің реттілігін көздейтін зерттеу әдістерін 
пайдалану [143]. Жобалап оқыту технологиясын білім алушылардың сабағына 
да, сабақтан тыс жұмыстарына да белсенді түрде енгізуге болады. 
Ғалым А.Р.Ерментаева жобалап оқыту технологиясы арқылы сабақтан тыс 
уақытта әлеуметтік ортаны құру, іс-әрекеттік қарым-қатынастағы формаларды 
жоспарлы жүзеге асыру жобаланатын обектіні дамыту мақсатында болашақ 
білім алушыға теориялық білімді жүзеге асыру тәсілі мен технологиясын 
меңгеруді қарастырған [111,с. 135]. Жобалар әдісінің негізінде, білім 
алушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз бетімен білімін құрастыру 
білігі, ақпараттық кеңістікте бағдарлану білігі, сыни ойлауының дамуы жүзеге 
асады.
Н.В. Иванова және Д.И. Демина оқу үдерісінде жобалап оқыту 
технологиясын қолдану ғылыми теориялар мен тұжырымдамаларды түсіндіру 
үшін пайдаланылуға, жоғары білім алушыларға softskills қалыптастыруға 
мүмкіндік беретінін түсіндірді [144]. Жобалап оқыту бойынша жұмыс істей 
отырып, білім алушылардың қызығушылық қасиеттерін дамытады, яғни 
зерттелетін тақырыпқа деген шынайы қызығушылық, тәуелсіздік, «шындыққа 
жетуге», белгісізді білуге деген ұмтылыс пайда болады, сонымен қатар 
басталған іс -әрекеттер үшін жауапкершілік қалыптасады. 
Е.Г.Кагаров «Жобалап оқыту технологиясы» атты зерттеуінде білім 
алушылардың қызығушылық қасиеттерінің айрықша ерекшеліктерін атап өтті, 
«Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балалардың мүдделеріне сүйену, әртүрлі 
аспектілерімен байланыс, мектеп жасына дейінгі балалардың дербестігі мен 
шығармашылығы, теория мен практиканың бірігуі», – деген тұжырым келтірген 
[145]. Автордың пікіріне сүйене отырып, жобаларды орындаудың үш кезеңін 
анықтадық: жоспар құру; жобаны орындау; жұмысты қорытындылау, ұжымдық 
талқылау, оны бағалау және есеп жасау. Жобалап оқыту технологиясы – білім 
алушыларға біртіндеп күрделене түсетін практикалық тапсырмаларды, 
жобаларды жоспарлау және орындау барысында білім мен дағдыларды 
дамытатын оқыту жүйесі. Жобалап оқыту технологиясы білім алушылардың 
белгілі бір уақыт аралығында орындайтын белсенді өзіндік жұмысына (жеке, 


26 
жұптық және топтық) бағытталған. 
Р.К.Аралбаеваның болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған 
«Мектепке дейінгі педагогика» атты еңбегінде «Мектепке дейінгі 
педагогиканың ғылым ретіндегі функциялары жобаны құрастырушы 
педагогикалық қызметтегі технологияларды әзірлеуді, білім беру үдерісінде 
педагогикалық қарым-қатынас жобаларының түрлері мен әдістерін әзірлеуді 
білдіреді», – деген идея бар [146].
Тек жобалар әдісі бойынша жұмыс істеген профессор Э.У.Коллингстің 
тәжірибелік мектебінде, жұмыстың бірінші жылында, мектептің жалғыз 
оқытушысының басшылығымен білім алушылардың 6008 жобасының 
жоспарланған нәтижесі алынды [147]. Осы мектепте, әлемде алғаш рет оқу 
жобаларының жіктелуі ұсынылды және апробациядан өткізілді. 
АҚШ педагогтарымен қатар, Ресейде 1905 жылы С.Т.Шацкийдің 
басшылығымен оқыту тәжірибесінде жобалау әдісін қолданған шағын 
қызметкерлер тобы ұйымдастырылды [148]. 
Осы уақытқа дейін автордың позициясы маңызды болып саналды, оның 
ойынша, жобалау іс-әрекетіндегі білім беру үдерісін мұқият түрде педагог 
жоспарлауы керек. Оқытушының аталған іс-әрекетін ол «жобаларды 
орындаудағы алдын ала басқару», – деп атады және жоспарлаудың жалпы 
сызбасының құрамын: жобаның мақсаты, құралдары, оқу материалы, бақылау 
және есепке алу, жұмыстың нәтижелері деп анықтады. 
П.Д.Бьюкененнің пікірінше жобалау идеясының тамыры қайта өрлеу 
дәуірінен және Пико делла Мирандола, Бэкон Фрэнсис және Галилео Галилей 
сияқты тұлғалардың шығармашылығынан басталады деген тұжырымын жасай 
отырып, жобалау ХХ ғасырда екі практикалық әдіспен пайда болғандын 
зерттеулерінде көрсете білді [149].
Аристотельдің, Т.Мордың, Т.Кампанелланың, Р.Оуэннің жұмыстарынан біз 
«Адамдардың жаңа ұрпағы», идеалды бейнесін көреміз. Идеал – осы жағдайда 
жобалаудың мақсаты ретінде қарастырылған [150].
М.Кнолльдің пікірінше жобалау идеясының жүзеге асуына әсер еткен 1702 
жылы Франциядағы Корольдік академиялық архитектура студенттері арасында 
сәулеттік сызбалар жоба дайындау байқауы ұйымдастырылады. 1879 жылы 
Еуропадан Вашингтон қаласындағы Sаint Louis университетінде техникалық 
бұйымдар ойлап табатын жобалық тапсырмалар орындалған [151]. 
Неміс педагогтері жоба әдісінің авторлары университет профессорлары 
Ч.Р. Ричардс пен Дж.Дьюи қолөнер мектептері мен қол еңбегі мектептерінің 
бағдарламаларына автор болған (1900) [134,с. 45]. 
«Жоба» термині (итальян тілінде «progetto», француз тілінде «projet», неміс 
тілінде «projekt» және ағылшын тілінде «project») білім беру қабылдауын 
белгілеу үшін қолданылған. 1577 жылы Рим Папасы XIII Георгий 
қамқорлығымен Римдегі «Ди Сан-Люк академиясы» болды. Көркемдік 
академияның білім берудегі мақсаты студенттерге білім беру және 
шығармашылығын дамыту еді, сондықтан оқу жарыс қағидаттарына негізделіп 


27 
жұмыс істеді, себебі жобалау әдістемесіндегі жаңа тәсілге негізделді. 
Студенттер жоба бойынша жұмыс істегенде студенттердің қиялын дамытып, 
классикалық дәстүр аясында бастапқы шешімдерге келуі керек болатын. 
Дж.Дьюи жоба әдісінің әдіснамалық негізін қалай отырып студенттің 
тәжірибесіне назар аударып, ойлауын дамыту, қарым-қатынас жасау барысында 
студенттің бойынан шығармашылықты анықтады. В.Х.Килпатрик жоба әдісінде 
Дж.Дьюи мен бірлесе (студенттердің өмірлік жағдайларда практикалық 
мәселелерді шешу арқылы тәжірибе мен білім алуға мәжбүр болатындығын) 
анықтады [134,с. 46]. «the stir the best in them» «олардың ішіндегі ең жақсысын 
ояту»).
1910 жылы Миссури (АҚШ) ауылдық мектептерінің бірінде Э.Коллингстің 
басшылығымен жобалардың жіктелуі және эксперимент өткізілді сондай-ақ, 
оқытуда жобалардың төрт тобы кеңінен қолданылды: 
- ойын жобалары (Plаy projects), мақсаты – білім алушылардың топтық 
қызметке қатысуы); 
- экскурсиялық жобалар (Excursion projects) (қоршаған табиғи және 
әлеуметтік ортаның проблемаларын зерттеуді көзделді); 
- баяндау жобалары (Story projects) (мақсаты әр түрлі формада әңгіме); 
- сындарлы жобалар (Hаnd projects) (олардың мақсаты нақты пайдалы өнім 
жасау болды) [147,с. 48]. 
Дегенмен, жоба әдісіне көптеген ғалымдардың ойлары ықпал етті және 
1930 жылдан бастап оны сирек қолдана бастады. Бұл оқудың жүйелілігінің 
бұзылуына және білім алушылардың білім деңгейінің күрт төмендеуіне 
байланысты болды. Сондықтан, АҚШ пен Еуропа мектептеріндегі жобалар 
әдісі қосымша және балама білім беру жүйесінде қолданылды. 1987 жылы 
АҚШ – та «қабырғасыз мектептер» (wools without School) деп аталатын базада 
білім берудің жаңа бағыты – «өнімді оқыту» пайда болды (жобалау әдісіне 
негізделген) [147,с. 49]. 
ХХІ ғасырдағы білім беруде жобалық әдісті қолдану білім беру ұйымында
туындаған көптеген жағдайлармен күрделене түседі деп саналады 
(кабинеттердің болуы, оқу-жаттығу жүйесі, оқу мен оқыту үдерісін 
технологияландыру, білім беру ұйымы және одан тыс қызметті бөлу, қойылатын 
талаптардың өте төмен деңгейі және т. б.), сондықтан білім беру ұйымдарында 
жоба әдісінің кейбір сипаттамаларын қамтитын жобаға бағытталған оқыту 
туралы ғана айту (яғни, оқытудың көбірек түріне ұқсайтын оның қысқартылған 
түрі туралы) үдеріске айналған еді [147,с. 50]. 
А.А.Шкунова мен К.А.Плешанов ЖОО-да студенттердің жобалық 
қызметін ұйымдастырудың ғылыми зерттеу нәтижелері және даму 
перспективаларын ғылыми еңбектерінде қарастырған [152].
Д.В.Гергерт пен Д.Г.Артемьев ЖОО-на жобалық бағдарланған оқытуды 
енгізу тәжірибесін қарастырған [153].
Жан Пиаже еңбектерінде жобалау идеясы, жобалау әдісі
 
ең алдымен 
жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі 


28 
оқытуға қарсы бағытталған бағдарлама ретінде қарастырылды [154].
Ғалымдар А.Н.Леонтьев [29,с. 71], П.Я.Гальперин [155] еңбектерінің 
зерттеулерінен бастау алған және т.б. ғалымдардың идеялары жобалау әдісінің 
негізін салуға себепші болды.
Е.В.Кадола мектеп жасына дейінгі балалармен бірге орындалатын жобалық 
жұмыстарды талдап, ерекшеліктерін көрсеткен [156]. 
Философ Н.Ф.Феодоров (1828–1903) іс-әрекет әдісін жобалау жұмысында 
«тануды» жұмыстың жобасы деп қарастырды. Оның ойынша, идея субъективті 
немесе объективті ретінде қарастырылады. Философиялық деңгейде жобалау – 
рухани дамыған іс-әрекет ретінде қарастырылып, іс-әрекетте жобалаудың 
нәтижесі іспетті болады. Техникалық жобалау, жобалау іс-әрекетінің маңызды 
бір бағыты қоғамдағы көріністердің модельдері мен институттарын құру болып 
табылады [157].
Жобалап оқыту технологиясы әрқашан бір жағынан оқытудың әртүрлі 
әдістері мен құралдарын пайдалануды, екінші жағынан ғылымның, техниканың, 
технологияның және шығармашылық салалардың әртүрлі салаларынан 
интеграцияланған білімді, дағдыларды қолдануда қандай да бір мәселені 
шешуді көздейді. 
И.Г.Песталоцци «Адамның ойы іскерлік жұмыстарда дамиды» деп 
есептеді. Өйткені адамдардың сол кезде қателесуі көп кездесті [126,с. 25].
О.И. Генисаретскийдің «Жобалау қызметі және жобалау мәдениеті» 
еңбегінде «Функционалдық, техникалық-экономикалық, экологиялық және 
тұтынушылық қасиеттері бар нақты объектілерді құруға бағытталған зияткерлік 
және әлеуметтік-мәдени қатынастардағы әмбебап және тәуелсіз қызмет түрі деп 
жобалау қызметін» есептеген. Оларға мыналарды жатқызады: 
1. Жобаның критерийлерін қанағаттандыратын қандай да бір кәсіби тілде 
құжатталған жобаны (сипаттама, сурет, формулалар жүйесі, компьютерлік 
бағдарлама, жалпы мәтінін) әзірлеу.
2. Жобаны қабылдау туралы шешіммен аяқталатын мүдделі тараптар 
(ресми немесе қоғамдық ұйымдар, тұтыну топтары немесе жеке тұлғалар) 
арасындағы жобаны ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени негіздеу, 
бағалау және келісім жасау.
3. 
Жобаны 
дайындаушы 
үшін 
қол 
жетімді 
технологиялық, 
ұйымдастырушылық, инвестициялық және басқа құралдармен жүзеге асыру. 
[158].
Я.А.Коменский «Адамдарды ең басты нәрсеге үйрету керек, олар білімді 
кітаптан емес, өздері аспан мен жерді т.б., зерттеп, заттарды өздері танып білуі 
қажет. Біреудің қарастырғаны мен түсініктерін есте сақтамау керек», – деген 
ұсыныс берді. Бұл идея осыдан кейін көптеген философтар мен педагогтардың 
жұмыстарында дамыды [124,с. 65].
В.И.Слободчиков педагогикалық жобалаудың екі түрін ажыратады, олар: 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет