Мамытбаева жанат абдиманаповна


Сурет 2 – Жобалап оқыту технологиясының мәні



Pdf көрінісі
бет15/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   93
 
Сурет 2 – Жобалап оқыту технологиясының мәні 
 
Е.И.Тихееваның зерттеулерінде мектеп жасына дейінгі балалар үшін 
дамыту ортасын жобалау және құру кезінде мектепке дейінгі ұйым педагогтері 
балалардың өмір сүретін қоршаған ортасы үлкен рөл атқаратының жақсы білуі 
қажет екендігі айтылған [168].
Жобалап оқыту технологиясы білім берудің барлық сатыларында, оның 
ішінде бірінші сатыда – мектепке дейінгі білім беруде белсенді түрде енгізіліп 
жатқанын атап өтеміз. Бұл факт педагогтің қарастырылып отырған қызмет 
шеңберінде тиісті кәсіби құзыреттілігінің болуын болжайды. Жобалап оқытуды 
ұйымдастырудың әртүрлі технологияларын меңгерген мектепке дейінгі білім 
беру ұйымының педагогі білім беру үдерісін байытады (оны бір жерде 
түбегейлі өзгертеді) және оның өзекті міндеттерін шешеді.
«Зерттеушілік іс-әрекет», «Жобалап оқыту технологиясы» ұғымдарын 
зерттеген ғалымдардың ғылыми еңбектерін қорытындылай келе, біз 
төмендегідей анықтаманы ұсындық. 
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекеті дегеніміз - 
шығармашылық, ізденушілік, ұйымдастушылық қабілеттері арқылы жаңа 
идея қалыптастыру, білім, білік, дағдыларын дамыту, кәсіби біліктілігін 
жетілдіру сапасы. 
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жобалау әрекеті дегеніміз -білім 
алушылар мен педагогтердің іс-әрекетінің негізгі білімдерін алдын ала өңдеу.
Келесі параграфта болашақ педагогтердің зерттеушілік іс-әрекетін
жобалау технологиясы арқылы дамытудың шетелдік және отандық тәжірибесін 
талдайтын боламыз. 
 
 


33 
1.2 Болашақ педагогтердің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту
технологиясы арқылы дамытудың отандық және шетелдік тәжірибесі 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытуда отандық ғалымдардың 
зерттеулері талданды, негізгі идеялары зерттеуіміздің негізі болды. Мысалы, 
ЖОО-дағы болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогі зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясын белсенді қолдана алу сапаны арттыруға ықпал 
ететіндігін көрсетеді.
Мектепке дейінгі ұйымда жобалап оқыту технологиясын 
қолданудың тиімділігі – мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеушілік іс-
әрекетін және даму деңгейіндегі баланың еркін шығармашыл тұлғасын дамыту.
Отандық білім беруде, жобалап оқыту технологиясының атауынан көрініп 
тұрғандай ақ, жобалап оқыту үдерісі жобалар негізінде білім алушының 
мақсатына жетудегі және жауапкершілікті сезінудегі зерттеушілік іс-әрекетінен 
құрылады. Педагогикалық түсініктерге сәйкес жобалау болашақ педагогтерді 
жобалауға, мәселелерді шешуге, шешім қабылдауға, ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына икемдейтін күрделі сұрақтарға немесе мәселелерге негізделген 
кешенді тапсырмалар бойынша жүзеге асырылады. Зерттеушілік іс-әрекет 
негізінде жобалап оқыту технологиясы арқылы нақты өнімдерді немесе 
презентацияларды орындауда нәтиженің оң шешімін шығара алады. 
Бізің зерттеу жұмысымыздағы зерттеулерге сәйкес зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясында қолданудағы мақсаттарын қарастырдық: 
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің күрделі нақты жобаларды 
орындау қабілеттерін дамыту; болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтері өзін-
өзі оқыту тәжірибесін орындауы; жобалық ойлауды қалыптастыру; болашақ 
мектепке дейінгі ұйым педагогтерін білім алуға ынталандыру; алған білімдерін 
жаңа міндеттерді шешу үшін пайдалану қабілетін және осы білімді өмірлік 
жағдайларда қолдану қабілетін дамытуда; болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің, шығармашылық қабілеттерін, сондай-ақ талдамалық және сыни 
ойлау қабілеттерін дамыту; қажетті құзыреттерді дамытуда: өмір бойы оқыту, 
командада жұмыс істей білу, зерттеушілік іс-әрекеті, коммуникативті 
дағдыларын дамыту, жобаларды басқару дағдылары және т.б. болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогінің бойында дағдыларды дамыту және сіңіру. Отандық 
ғалымдардың зерттеулері жобалап оқыту технологиясын қолданудың 
артықшылығын анықтауда, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің оқу 
үдерісіне белсенді қатысуы, сыни және белсенді ойлауды дамытуды 
ынталандыру екенін көрсетеді. Жобалап оқытуға қатысатын болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогінің бойынан оқуға деген ынталы болуы жақсы қарым-
қатынас дағдыларын көрсете біледі. Сонымен, дамыған коммуникативті 
дағдылардан басқа, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің командалық 
жұмысты, жобаларды басқаруы, кәсіби этика нормаларын ұстанудың тиімді 
дағдылары дамиды. Осылайша, жоғары педагогикалық білім беруде жобалап 
оқыту технологиясын қолдану болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне 
ықпал етеді, олардың кәсіби қызметінде қажетті зерттеушілік іс-әрекетін 


34 
дамытады. 
Жобалап оқыту технологиясын ұйымдастыру барысында педагогикалық, 
заманауи әдістерді тиімді қолдану маңызды [144,с. 174]. Өзгермелі уақытта 
білім беру жүйесінде педагогикалық бағыттағы жастардың ғылыми-зерттеу 
және 
өнеркәсіптік-технологиялық 
үдерістерге 
тез 
және 
толық 
интеграциялануын қамтамасыз ету үшін зерттеушілік іс-әрекеттерді жобалап 
оқыту технологиясы негізінде жүзеге асыруда. Қазіргі кезеңде болашақ 
мектепке дейінгі ұйым педагогі жоба жасауда зерттеушілік іс-әрекет қызметін 
ұйымдастырудың әртүрлі технологияларын, сонымен бірге жобалық қызметін 
жүзеге асырудың әртүрлі форматтары мен шарттары үшін қолданылатын 
өзіндік ерекшеліктері мен құралдарын негізге алуда. Елімізде жобалап оқыту 
технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетті дамытудың қандай деңгейде 
жүзеге асатынына кеңінен тоқталдық. 
Еліміздегі жобалап оқыту технологиясының мәселелесінде соңғы уақытта 
отандық зерттеушілердің еңбектері басым бола бастады. Отандық және 
шетелдік ғалымдармен бірлесе отырып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет