Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет21/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   93

күрделі жүйе ретінде педагогикадағы орнын анықтау мақсатында 
жобалау қызметінің маңызды негіздерін зерттеу және оған педагогтерді даярлау; 
– 
педагогтердің жобалау қызметінің құрылымы мен мазмұндық өрісін 
анықтау; 

өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі белсендіру қағидаттарына және қоршаған 
ортамен өзара әрекеттесуге негізделген педагогтерді даярлау тетіктерін 
нақтылау; 

дайындық мазмұнын игерудің ішкі тетіктерін ынталандыру мақсатында
педагогке «қолайлы» әсер ету технологиясын әзірлеу. 
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізінде тұғырлардың жүзеге 
асыруылуы – әдіснамалық тұрғыдан болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы 
дамытудың 
негізін 
айқындау 
барысында 
философия, 
психология, 
педагогикалық, әлеуметтанушы, т.б. ғалымдардың ғылыми тұжырымдары біздің 
зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық бөлігін көрсету үшін негізгі еңбектер 
болды. 
Әдіснама - бұл объективті шындықты түрлендіру туралы ғылым және бұл 
білімнің жалпы принципі ғылыми жетістікке жету тәсілі мен әдісі. 
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде «әдіснамалық негіз» ұғымы бар. 
«Тұғыр» түсінігі оқытуда арнайы әдіс ретінде қолданылады және ғылымда 
қолданылатын элемент. Әдіснамалық тұғырлар ғылыми-педагогикалық 
қызметтің белгілі бір үдерістерінің элементі және жеке қызмет түрі. Егер, «әдіс» 
түсінігі ғылыми және педагогикалық қызмет әдістерінің жиынтығын білдірсе, 
онда «әдіснамалық негіз» ұғымы зерттеушінің барлық ғылыми және 
педагогикалық қызметінде қолданылатындығын көрсетеді. Зерттеу әдістерінің 
тұтастығы, қолданудың дәйектілігі мен логикасы оқыту мен зерттеу 
технологиясын зерделейді. Осылайша, «технология» түсінігі әдістемені 
білдіреді, себебі технология ғылыми және педагогикалық қызметтің сипатын 
толығымен анықтайды және зерттеу әдістерін таңдау бойынша нұсқаулық 
береді. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытуда әдіснамалық тұғырлардың рөлі 
орасан зор. 
М.А.Данилов педагогиканың әдіснамасын алғашқылардың бірі болып 
зерттеген.
 
Ол «Педагогиканың әдіснамасы падагогикалық теориялардың 
құрылымын және білім алу тәсілдерінің, әдістерінің қағидалары туралы білім 
жүйесі», – дейді [195].
В.В.Краевский «Оқыту әдісі – бұл педагогикалық қызметтің теориялық 
инфрақұрылымы жөнінде оқытудың түрлері мен тәсілдері туралы білім жүйесі, 
осылайша зерттеулерді оқытудың қажеттілігін, қисынын және арнайы әдістерін 
бағалауға, білім алуға және жоспарды негіздеуге арналған қызмет жүйесі»,- 


53 
деген анықтама берген [21,с. 400]. Зерттеушілер әдістемелік нұсқаулық ретінде 
әдістерді немесе импровизацияланған құралдарды, логиканы, зерттеу 
процедураларын, парадигмаларды, теорияларды қолдануға мүмкіндік береді. 
Ол ғылыми-педагогикалық және жобалық қызметтің негізгі даму бағытын 
айқындайтын жалпы қағидалар. Педагогикалық жоба - бұл студенттер мен 
оқытушылардың жалпы қызметі. 
В.И.Загвязинский [25,с. 105] «Педагогиканың әдіснамасы – бұл 
педагогикалық білім туралы, оны меңгеру үдерісі, түсіндіру әдістері және оқыту 
мен тәрбиелеу жүйесін түрлендіру немесе жетілдіру үшін практикалық қолдану 
шарттары туралы білім», - деген анықтама берді.
Педагогикалық жобалау іс-әрекеті барысында төмендегі қызметтер жүзеге 
асырылады: тәжірибеге бағытталған қызмет; жаңа дамып келе жатқан білім 
саласы; педагогиканың қолданбалы ғылыми бағыты; нормалау әдісі; 
педагогикалық жобаны құру және іске асыру үдерісі; жеке тұлғаны дамыту 
тәсілі; оқыту технологиясы; оқыту әдісі; педагогикалық теория мен 
технологияны тәжірибеде дамыту механизмдері; педагогикалық үдерістің 
нәтижелерін болжау. 
Н.О.Яковлева педагогикалық жобалаудың ерекшеліктерін келесідей 
ұсынды: педагогикалық жоба ретімен іске асырылады; педагогикалық жобаның 
нысаны, мақсаты мен күтілетін нәтижесі нақтыланады; педагогикалық жобалар 
(техникалық жобалармен салыстырғанда) құрылымдық және функционалдық 
аспектісін жоғары деңгейде ұйымдастырылады; педагогикалық жобалар
икемділік пен қабілеттілікті қамтиды [129,с. 8-14].
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың мазмұны мен құрылымын 
және оның даму генезисін, оның ішінде жеке теорияларды қарастырған да 
әдіснамашы ғалымдардың зерттеулері жұмысымызға негіз болды.
Әдіснамалық тұғырдың міндеттерін ашатын және ақпарат жинау 
барысындағы тұғырлардың бірегейі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет