Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет11/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   93
Бірінші кезеңде
(2019-2020 ж.ж.) зерттеу мәселеcі бойынша шетелдік 
және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері мен ғылыми басылымдардағы 
материалдары жинақталды, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
зерттеушілік іс-әрекеті туралы мәліметтер алынып, ұғымдық сөздер 
нақтыланды, зерттеу жұмысының ғылыми аппараты құрылды. Тәжірибелік-
эксперименттің жұмыс мазмұны, әдістері мен технологиялары қарастырылды
алғашқы анықтау эксперименті жүргізілді. 
Екінші кезеңде 
(2020-2021 ж.ж.) қалыптастыру жұмысында зерттеу 
жұмысының алғышарттары, кезеңдері, теориялық және әдіснамалық негіздері, 
зерттелу жағдайы, отандық және шетелдік тәжірибелер қарастырылды. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту жолдары мен құрылымдық- 


14 
мазмұндық моделі құрастырылып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың 
анықтаушы кезеңі жүргізілді. «Жобалап оқыту технологиялары негізінде 
зерттеушілік іс-әрекетті дамыту» элективті курсының силлабусы дайындалды. 
Нәтижесі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұнына ендірілді. 
Үшінші кезеңде
(2021-2022 ж.ж.) болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы 
дамыту мақсатындағы жүргізілген жұмыстар нәтижесі қорытындыланды. 
Зерттеу материалдары жүйеленіп, нәтижелері нақтыланды, пайдаланылған 
әдебиеттер тізімі түзіліп, диссертациялық жұмыс талабына сәйкес рәсімделді. 
Қорғауға ұсынылатын қағидалар
1. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту – зерттеушілік іс-әрекетті 
педагогтің жалпы кәсіптік даярлығының ажырамас бөлігі ретінде түйсіну, 
сондай-ақ оқыту үдерісіндегі қызмет түрлерін білу, педагогтің зерттеушілік іс-
әрекетін ұйымдастыра алу, жобалық технологияны әзірлеу әдісі, педагогтердің 
инновацияларға бейімделуін реттеу, жаңа идеяларды жүзеге асыру сияқты бір-
бірімен тығыз байланысты компоненттерден тұратын күрделі жеке қасиеттер. 
2. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың әлеуеті – болашақ педагогтің 
кәсіби деңгейде өз міндеттерін орындау қабілетін анықтайтын кіріктірілген 
табиғи және жүре пайда болған қасиеттердің жиынтығы. Зерттеушілік іс-
әрекетті жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту әлеуеті – тұлғалық, 
зияткерлік, шығармашылық қасиеттерді пайдалана алу мүмкіндігі.
3. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың құрылымдық-мазмұндық 
моделін әзірлеу негізінде мотивациялық, когнитивті, іс-әрекеттік және 
рефлексивтік компоненттерінің бірыңғай құрамы қалыптасады.
4. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың әдістемесі: «Жобалап оқыту 
технологиялары негізінде зерттеушілік іс-әрекетті дамыту» элективті курсы
«Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетіндегі жобалау 
технологиясы» әдістемелік құралынан тұрады. 
Зерттеу базасы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 
Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық университеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет