Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет19/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   93
Тұжырымдамалық – 
білім беру стандарты, бағдарлама негізінде жобаға 
болжамдар жасалып, тұжырымдалады.
Мазмұндық 
– өнімге теориялық, әдіснамалық, тәжірибелік сипаттама 
беріледі. Жобаның нысанын, болжамын, моделін құру (білім беру стандарты, 
бағдарлама, тұжырымдама, оқу жоспары және т.б.); 
Технологиялық
- оқу материалын игеру, құрылымын құрастыру, тұлғаға 
бағытталған оқыту жағдайында топтық, шығармашылық іс – әрекеттер 
ұйымдастыру.
Сурет 5 - Жобалаудың негізгі нысандары 
 
Л.Д. Морозовтың жобалау жұмысың өлшемдері мен көрсеткіштеріне 
сүйене отырып, біз жобалау іс-әрекетінің (сурет 6) өлшемдері мен деңгейлерін 
ұсынамыз. 
Жобалаудың 
негізгі 
нысандары 
Әлеуметтік 
педагогика 
Педагогикалық 
қызмет құралы 
Білім беруі 
Педагогикалық-
психология 
Білім беру 
жүйесі және 
оның 
компоненті 


50 
Сурет 6 - Жобалаудың өлшемдері мен деңгейлері 
 
Жоғарыда келтірілген отандық және шетелдік тәжірибелерді сараптай келе, 
біз болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиялары арқылы дамытудың алгоритмін құрастырдық. 
Бұл алгоритім болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің балалардың 
зерттеушілік, жобалау дағдыларын анықтауға мүмкіндік береді. 
Кесте 7 - Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-
әрекетін жобалап оқыту технологиялары арқылы дамытудың алгоритмі 
Мақсаты 
Алгоритмдік сипаты 
Білім беру және 
тәрбиелеу 
жұмысының
мақсат, міндеттері 
Педагогикалық үдерісте өзгерісті қажет ететін бағыттарды анықтау, 
тақырып таңдау; жобалау іс-әрекетінің нақты жай-күйін талдау; 
жобалау қажеттілігінің негіздемесі; жобаның мақсаты мен 
міндеттерін қою; жобалау нәтижесін болжау. 
Анықтама 
Ақпараттар таңдау; жобалау іс-әрекеті негізінде қажетті дағдыларды 
қалыптастыру; балалардың меңгеру керек дағдыларын анықтау; 
балалардың мүмкіндіктеріне қарай зерттеушілік іс-әрекет 
қалыптастыру; ата-ана мен баланың біріккен іс-әрекетін 
қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жинағын құрастыру. 
Жобалап оқыту 
технологиялары 
Жобалау әдістері мен құралдарын анықтау, қойылған міндеттерді 
шешу; жобалап оқыту технологияларын таңдау және ұсыну (уақыты, 
нәтижесі, өнімі. 
Ұйымдастыру 
Мазмұнына сәйкес ұйымдастырушылық формаларын таңдау; 
Жобаның құрылымын, шарттарын құру. 
Қаражатпен қамту 
Дидактикалық, техникалық құралдарды таңдау, қолдану. 
Нәтиже 
Жобаны жүзеге асыру, өнімді жариялау. 


51 
Жобалап оқыту арқылы болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың отандық және шетелдік тәжірибесінен 
көргеніміздей зерттеліп, әлі де зерделейтін мәселелер өте көп.
Қорытындылай келе, болашақ педагогтердің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың отандық және шетелдік 
тәжірибесін талдауда келесідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді: 
- Жобалап оқыту технологиясы – отандық білім беру ұйымдарында кеңінен 
қолданыс тапқан, өйткені педагогтер көптеп біліктілік курстарынан өтуде; 
-Жобалап оқыту технологиясын болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің отандық тәжірибеде қолдану - жаһандық ақпараттық кеңістікте 
жалпы ақпаратпен жұмыс істей білу қажеттігін ғана емес, сонымен қатар қазіргі 
заманғы дүниетанымды қалыптастыру, зерттеу, жобалау дағдысын игеру 
құзыреттерін, сондай-ақ өзінің авторлық тәжірибесін жинақтап, тарата алатын 
оқытушылар құрамының дайындығы мен қызметіне де ерекше талап қояды.
Келесі параграфта мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-
әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту мәселесін зерттеудегі 
әдіснамалық тұғырлар қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет