Мамытбаева жанат абдиманаповна


 Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін



Pdf көрінісі
бет20/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   93
1.3 Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиялары арқылы дамытудың әдіснамалық 
тұғырлары
Қазақстанда және әлем елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер 
жоғары болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың жаңа тұғырлары мен 
қағидаттарын зерттеу мәселелерінің өзектілігін арттыра түседі. Ғылыми 
әдебиеттерді сараптауда болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту 
мәселесін шешудің теориялық алғышарттары зерделенді. 
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпыға міндетті стандарты 
және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, үлгілік 
оқу жоспары негізінде жүзеге асырылуда. Аталған стандарт пен бағдарламада 
мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын педагогтердің 
мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуға жағдай жасау үшін де қажетті 
негізгі дағдылары болуы керек. Демек, мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
зерттеушілік іс-әрекетін дамытуда жобалап оқыту технологиясын кеңінен 
пайдалану да тиімді болмақ.
Әртүрлі қызмет түрлерінде дербес болу (ойын, зерттеу, жобалау, танымдық 
және т.б.) баланың дағдыларын дамытуда болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогінің бойынан білім берудің әдіснамасы мен теориясы, оқыту мен 
тәрбиелеудің ғылыми-зерттеушілік жолдары, қазіргі заманғы проблемалар мен 
даму үрдістері саласындағы кәсіби білімді байыту. Білім беру үдерісін жобалау 
адамның өмір сүру моделіне, оның ішінде оның мамандығы бойынша 
жұмысына негізделуі керек. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 


52 
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытуға 
әдіснамалық тұғырларды анықтау кезінде - біз әдіснамалық базаны әзірлеу 
қажеттілігін негізге алдық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет