МҰҚан иманжанов баубек бұЛҚышев (Қысқаша өмірбаяны)



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата06.03.2017
өлшемі0,52 Mb.
#8019
1   2   3   4   5   6   7   8   9

MҰҚАН ИМАНЖАНОВ

ДОС ҚАЙҒЫСЫ

(Қазақ қызының күнделік дəптерінен)

ƏҢГІМЕ

I

Не деп жазсам екен бүгінді? Аузыма сөз түспейді. Ойлансам болды, өне бойым дірілдеп,

көзіме  жас  толады...  Жоқ  жазуым  керек.  Дос  үшін  қайғырған  жүректің  суреті  ақ  қағазға

түссін.


Тым  уайымшыл  болғаным  ба?  Атамаңыз.  Басқа  құрбыларым  сияқты  мен  де  қуаныш

кешкен жанмын. Бірақ ойсыз қуаныштан аулақпын. Қуансам, шын қуанып, қайғырсам, шым

қайғырамын. Шын қайғыра білмеген жүрек — шын қуана да білмейді деп түсінетін адаммын

мен.  Əңгіме  дос  қайғысы  жөнінде  болғандықтан  дəптеріме  бүгінгі  жазатын  сөздерім  де

күндегіден өзгеше болмақ. Егер бұл жазғаным əлдеқалай бір құрбымның қолына түсе қалса,

үстірт қарамас, жан сырын ұғар, достықты бағалар деп сенемін.

Ойға  түсіріп  көрейінші  əуелі.  Түнгі  сағат  12-де  институттан  кайтып,  үйге  келгеннен

басталды  бүл  қайғы.  Үйге  кіре  су  ете  түсті  жүрегім.  Мен  сабаққа  кетерде  ғана  жайраңдап

тұрған  Шолпан  апайдың  шашын  жайып,  егіліп  отырғанын  көргенде  не  болғанымды

білмедім. Аза бойым қаза болып:

- Не болып қалды? — деп келіп құшақтай алдым. Тіл қатпады ол. Сəл селт етті де, өксігін

баса  алмай,  жағын  таянған  күйі  үнсіз  отыра  берді.  Көзім  стол  үстінде  жатқан  бір  жапырақ

қағазға түсті. «...Қаза тапты» деген екі сез баян етті бар сырды. Жақсы ағаның қазасы қатты

батты жаныма. Ыстық жас бұршақтап ыршып кетті көзімнен. Əйтсе де, шыдауым керек. Жан

жарынан айрылған қаралы жұбайды жұбатудың орнына қоса егілсем,  не  болғаны!  Бірақ,  өз

жүрегін  қоса  тулап,  егіліп  тұрғанда  сөзуарлық  қайда!  Жан  күйер  жақынына  жылама  деп

ділмəрсу  оңай  болып  па!  Не  демекпін,  не  деп  жұбатпақпын?  Оған  қымбат  Хасен  маған  да

қымбат  еді,  бірге  туған  бауырымдай  еді,  Тəрбиесінде  өсіп  едім  мен.  Сол  аяулы  ағадан

айрылыппыз!

Екі  көзім  Шолпан  апайда.  Тіл  қатып,  тоқтау  айтқым  келді.  Əттен  дүние,  сөз  түспейді

аузыма! Бар тапқаным:

- Жыламашы, егілмеші! — дей беремін.

Уақыт жылжып өтіп жатыр. Жеті түнде, оңаша үйде күңіреніп біз отырмыз. Қашан атады


тан?.. Міне, ол мөлт-мөлт тамған көз жасын сүртті де маған бұрылды.

- Жаным, Жанна! Шынымен-ақ аңырап қалғаным ба? — деді көз жасын парлатып.

Жүрегімді солқ еткізді Жанна деген жалғыз сез. Жанат демей, Жанна деді - ау ол мені.

Жайшылықта айтпайтын бұл есім аузына қайдан түсті екен? Əлде Баубегім сүйіп қойған ат

жүрегіне жақын сезілді ме қазір?.. Қайран Баубек!..

Менің  ауыр  ойға  шомғанымды  аңғарды  ма,  əлде  жүрегін  қарс  айырған  қайғыны  сыртқа

шығармақ болды ма?

- Шынымен-ақ аңырап қалғаным ба? — дегенді тағы айтты. Бұл сөзді неге айта беретіні

маған аян. Зілдей ауыр қайғы бар жүрегін қайғыдан да ауыр ой басқан. Достық қарыз туралы

ойланып көргендеріңіз бар ма? Ойлап көрген кісі мұның жайын жақсы біледі.

Дос  өлді.  Енді  ол  жоқ.  Ендеше  достықтың  да  өлгені  ғой.  Жоқ,  жоқ,  достық  өлмейді!

Қалайша?!  Бұл  əншейін  қимағандықтан  айтылған  сөз  емес  пе?  Егер  олай  болмаса,  сол

достықты  əрдайым  айқын  бейнелеп  отыратын  өмірде  бір  белгі  болса  керек  қой.  Ол  қандай

белгі?..


Оның жасқа толған қара көзі маған осы ойды аңғартады.

-  Жаным  Жанна,  —  деді  ол  кенет  сергіп  кеткендей  болып,  —  Баубек  марқұмның  елім

туралы жазған бір өлеңі болушы еді ғой, қалай басталатын еді?

Мен оның қай өлеңді ойлап отырғанын біле қойдым да, айтып бердім:

Не қайғы дүниеде: өлім қайғы —

Сүйген жар кейін қалса, жас жұбайы,

Қайткенде ғазиз жаның егіледі,

Жас жүрек шыдамайды, шыдамайды!

Шолпан апай өлеңді тыңдап болды да:

- Жас жүрек шыдамайды, шыдамайды! — деп күбірледі. Мен де осы жолды ішімнен бір

қайталап шықтым да, көңілім бұзылып, теріс айналдым. Дəл сол кезде, Баубектің қабырғада

ілулі тұрған суретіне көзім түсті.

-  Жас  жүрек  шыдамайды,  шыдамайды!  —  дегенді  қазір  айтып  тұрған  сияқтанды  ол.

Екінші жаққа бұрылып едім, қарсы алдымнан Хасеннің суреті де:

- Жас жүрек шыдамайды, шыдамайды! — деп тұрғандай болды.

Қайран  достар,  аяулы  ағалар!  Сендермен  асыр  салып  бірге  өткізген  тəтті  күндер



ұмытылар ма?! Қайғы дегенді кім білген ол кезде!

Міне,  сондай  асыл  достын  екеуі  де  жоқ  енді.  Бірақ  достық  қалмай  ма?  Толғантады,

егілтеді, тебірентеді бұл сұрақ.

Ауыр  оймен  біз  отырмыз.  Таң  да  енді  жуық  болар.  Шолпан  апай  бұрынғысынан  да

мазасыздана бастады. Маған:

- Жаным Жанна! Ұйықта, демал! — дейді. Мен ұйқым келмейтіндігін айтсам да, «жат»

деп болмайды. Оған таңды жалғыз күзеттіріп, ұйықтамақпын ба мен? Қайдағы ұйқы!

- Өзің жатшы, біраз тынысташы! — деймін мен. Ол басын шайқайды.

- Сəулешім, жата бер, мен де қазір жатамын!

Адамды  ауыр  ой  басқанда,  кейде  жалғыз  отыруды  жарататынын  мен  жақсы  білемін.

Мүмкін,  дəл  осы  минутта  жанында  ешкім  болмағанын  ұнататын  шығар  Əлде  маған

демалсын дей ме екен?

- Жатшы, жаным! — деді тағы да. Мен оның жүзінен де, дірілдеген даусынан да, қиылып

сұраған  жалынышты  пішінінен  де  жалғыз  отырғысы  келетінін  аңғардым.  Көңілін  қимай,

амалсыз өз бөлмеме келіп, төсегіме қисайдым.

Ол  орнынан  тұрып,  ерсілі-қарсылы  жүре  бастады.  Мен  көзімді  алмай  телміре

қараудамын оған. Аздан кейін, сандықты ашты да, кеп хаттар алып, оқуға кірісті. Бұл хаттар

бір кездегі өмірді көз алдына тағы əкелді. Əсіресе бір хатқа көп тесілді де, көкірегіне басып:

-  Хасенім,  Хасенім,  ақтық  жазған  хатың  мынау.  «Көруге  асығамын  өзіңді»,  —  дейсің.

Мен  де  көруге  асықпадым  ба?..  Қайтып  шыдармын  енді?  —  деді  күбірлеп.  Өне  бойым

дірілдеп көзім қарауытқандай болып кетті.

Ол,  міне,  екінші  бір  сандықты  ашып,  ішінен  əлденелерді  іздей  бастады.  Көп  заттың

арасынан  қолына  кішкентай  бір  көйлек  ілінді.  Оның  солғын  жүзіне  аздаған  бір  қуанышты

шырай  пайда  болған  тəрізді.  Көйлекті  қайта-қайта  иіскеп,  көз  жасын  төгіп  -  төгіп  жіберді.

Шыдап жату қайда, мен де келдім қасына.

-  Көрдің  бе,  Жанна  жан,  кішкентай  Досболымның  көйлегін.  Тым  болмаса,  бұл  да  тірі

болмады,  жоқтатпас  еді  ғой  Хасенді.  —  Кенет,  көйлекті  иіскеді  де:  —  Қандай  əдемі!  Иісі

қандай жақсы! — деді.

Онысы рас, бір хош иіс менің де мұрнымды жарып тұр.

Таң да атты - ау, əйтеуір! Жаман хабар жата ма, дос - жарлар жиылады қазір. Мен оған

дейін Шолпан апайдың сабақ беретін мектебіне барып, оның бүгін келе алмайтынын айтып

шығуым керек. Я, отырмайын. Жүгіріп мектепке кеттім. Тез оралдым. Келсем, ол кісі жоқ.

Зəрем ұшып кетті. Суық хабарды естіген көршілер де көздеріне жас алып, қамығысып тұр.


- Байғұс, жақсы көруші еді ерін, кім біледі? — дейді бір шешейлер.

«Кім  біледі»  деген  сөз  мені  қатты  қобалжытады.  Достық  қарыздың  жауабы  осы  «кім

біледі» болғаны ма?.. Мүмкін емес!...

Қайда кетті Шолпан?..

Уһ, шаршап кеттім ғой! Бүгінге осы да жетер. Жалғасын кешке отырып жазармын...

Қайда кетті Шолпан?

Осылай бастасам ба екен күнделікті дəптеріме бүгінгі жазатын сөзді? Жоқ, достық мəңгі

өлмейді деп бастауым керек. Жұртқа қайдам, өзіме осы ұнайды.

Достық мəңгі өлмейді! Достық мəңгі өлмейді! Осы сөзді қайта-қайта жаза бергім келеді.

Жүрегімді кернеп тұрған да осы сез...

Жə,  оқиғадан  озбайын.  Сонымен,  қалада  өзім  білетін  жерден  бармағаным  жоқ.  Ешкім

білмейді.

Салым  суға  кетіп,  үйге  кайттым.  Келсем,  үйдің  іші  толған  адам.  Таныстардың  бəрі

жиылған. Көрші əйелдер бірі шай қойып, екіншісі ет асып, табанынан тік тұрып, қызмет етіп

жүр. Манағыдай емес, үй ішіне өң кіріп қалған сияқты. Келген бетте көзім Шолпан апайға

түсті. Қайда барды екен деген ой қонақтар кеткенше есімнен кетпеді. Қонақтар тарасымен:

- Қайда болдың, қайда болдың? — деп кұшақтай алдым.

- Жаным Жанна, Жаннатым! Осындамын! Ұзап қайда кетуші едім!

Ол  көзіне  жасын  ірікті  де,  менің  шашымды  сипады.  Дəл  осы  минуттағы  оның  пішіні

баласын уатқан ана сияқты болып көрінді маған. Мен қатты құшақтап алып сүйе бастадым

оны.  Ол  да  мені  құшағына  тартты.  Жанды  жеген  қайғыны  осылай  іштей  баяндап  едəуір

уақыт үнсіз тындық екеуміз де. Міне, ол құшағын жазды да:

- Сен маған жана қайда болдың дедің бе, Жаннат? Айтайын қайда болғанымды, — деді.

Содан  кейін  аз  кідірді  де:  —  Жаннат,  біз  бұрын  екеу  болсақ,  енді  төртеу  боламыз!  Естіп

отырсын ба, біз енді төртеу боламыз! — дегені ғой.

Өне бойым мұздап қоя берді.

- Не деп кеттің, ұқпай қалдым!

- Төртеу боламыз.

Бүл не ғажап, ұқпаймын! Ақылынан адасқан ба, байғұс?

Ол мені кішкентай балаша тағы да шашымнан сипап, аз отырды да:



- Сен ана дегеннің не екенін білесің бе, Жаннат? — деді көз қиығымен сүзіле қарап.

Бүл сұрақ тағы да орынсыз көрінді маған. Таңданған пішінмен:

- Оның несін сұрадың? Білемін! — дедім.

- Бекер айтасың, Жаннат, білмейсің! Сен əлі жассың, ана болып көрген жоқсың. Аналық

сезім  қандай  болатыны  саған  тұман.  Ал,  мен  білемін.  Досболымды  туған  күннен  бастап

маған  аналық  сезім  пайда  болған.  Естіп  отырмысың,  аналық  сезімді  сонда  ғана  білгенмін

мен!...

Не айтпақшы ол маған? Бұл қай сөзуарлық?



-  Мана,  —  деді  ол  қалын  ойдан  серпілгендей  болып,  —  кішкентай  Досболымның

көйлегін  көргенде  əжем  марқұмның  өлер  алдындағы  бір  сөзі  есіме  түсті,  Жаннат!  «Құдая

тоба,  арманым  жоқ,  езім  өлсем,  артымда  балаларым  қалды.  Бəленшенің  ұрпағы  деп  жүрсе,

кемпір-шалдың  атаусыз  қалмағаны».  Бұл  сөздің  мағынасына  мен  ол  кезде  жетпеген  едім.

Енді ойласам, қазақтың қарапайым кемпірінің осы бір сөзінде көп ой жатқан сияқты, Əттең,

сен аналық сезімді білсең - ау, Жаннат! Сонда жақсы түсінер едің мені... Мен жармын, мен

анамын, Жанна! Ауыр қайғы үстінде жалғыздыққа төзу қиын анаға. Жұбаныш, ермек керек

оған... Мен бүгін балалар үйінде болдым, Жанна! Талай тамаша сəбилерді көрдім, қайнаған

өмір көрдім балалар үйінен. Солардың ішінен апа деп етегіме оралған екі бөбекті тəрбиеме

алатын  болдым.  Естіп  отырмысың,  Жаннат,  ертең  оларды  үйге  əкелеміз.  Бала  —  өмірдің

көркі,  қызығы.  Ол  жүрген  жерде  қасіретке  орын  жоқ.  Жар  қайғысы  салған  жан  жарасын

осылайша емдеуге кіріспекпін.

Ол ойлы пішінмен едəуір уақыт үнсіз отырды да, кенет сəл жадырап:

- Біз енді төртеу боламыз, қос перзент — Баубек, Хасен өмірінің жалғасы. — Олар маған

бала, саған іні болады, Жанна! — деді.

- Қуанттың ғой, қуанттың ғой, апатай! Дəптерім қайда жазып қояйыншы, «достық мəңгі

өлмейді» деп бастайын...

1945 ж.


ЖОЛДАС ТАУҰЛЫ!

Кешіре  гөр,  сенің  кім  екеніңді  білмеймін.  Бірақ  танымайды  екен  деме,  езіңді  көрсем

тарпа  бас  салар  едім.  Ал  соңғы  атың  «Тауұлы»  маған  кім  еді  бұл?  деген  сұрақ  қояды.

Өйткені  бүл  атақ  мен  Алматыдан  кеткеннен  кейін  пайда  болған.  Əсіресе  Баубектің

қазалануымен  байланысты  кездестірдім  мен  «Тауұлын».  Тауып  қойылған  атақ.  Менің

алдымда  «С.  Қ»  -ның  122-саны  жатыр.  Қай  күні  шыққаны  белгісіз.  Алматыдағы  баспа

мамандары  əскерге  жөнелтілетін  газет  болғандықтан,  сақтыққа  салынып,  күнін  жөнді

түсірмеген  болу  керек.  Мəселе  онда  емес.  «Достық  қарызында».  Кешір,  қате  жаздым.  «Дос

қарызы» екен. Мен мұны қазір ғана оқып шықтым. Тек оқығаным жоқ, жан жүйем елжіреп

оқыдым.  Көзімнен  ыршып  кетті  ыстық  жас.  Демек,  сен  жан  сарайыма  ене  білдің.  Мүмкін

мұның  ішіндегі  адамдар  сенің  қандай  досын  болса,  менің  де  сондай  жақындарымның

атымен  байланысты  шығар.  Баубекті  де,  Хасенді  де  мен  жақсы  білемін.  Асыл  адамдар  еді.

Баубек бір жаз менің қарамағымда істеді. Карл Маркс көшесіндегі 20-үйде мен оның тұңғыш

дастанын  тыңдадым.  Оқып  болғаннан  кейін  оның  қара  көзі  жаутаңдап,  маған  қадалды.

«Кəне,  аға,  не  айтасың?»  деген  сұрақ  бар  еді  ол  көзде.  «Дастаныңды  аяқта,  қарағым.

Оқиғасы əлі өріс ала қоймағанымен өлеңдік мəні терең жатыр», — дедім мен. Баубек күліп

жіберді. (Кешір, сыймай қалды. Екінші қағазға жазу керек).

...Мүмкін ол менен мұндай жауап күтпеген - ақ шығар...

Мен майданға келгенде Баубекпен хат арқылы хабарласып тұрдым. «Бауырым» деп жазар

еді ол үнемі. Біздің редакцияға келу туралы кеңесті. Мен бастықтарға айттым. «Өзің бастық

болмаған  соң  өміріңнің  ішін  ұрайын»,  —  дер  еді  Күзенбай  деген  атамыз.  Сол  айтқандай

алдыру  қолдан  келмеді.  Сөйтіп  жүргенде  қазаланып  кетті.  Келешегі  бар  еді.  Сақтау  керек

еді. Қынжылдым. Ажалына өзім себепші болғандаймын. Қайран жас, ақырғы минутында не

деді екен. Білер ме едім!

Осымен  сенің  Баубек  жөніндегі  екі  əңгімеңді  оқыдым.  Ұнады  маған.  Адамның,

солдаттың қатаң жүрегін тербеп, аяныш сезімін оятады. Кекке шақырады. Осы алған стилің

өте ұнамды. Сенің бұл əңгімелерің Баубек еңбегінің жалғасы тəрізді. Шығыс ұлының орнын

Тауұлы жоқтатпас. Сенен атыңа лайықты асқар нəрсе күтемін, бауырым.

Ендігі  əңгіме  қалыңдықтар  туралы.  Əрине  сенің  алып  отырғаның  идеал  боларлық

əйелдер. Қарындастардың бəрінің махаббаты осы тəрізді таза болғай да. Тілек те сол, бірақ,

дос қарызы ерге шықпауда емес. Əрине, білетін достың қалыңдығы ерге шықса, оның досына

ауыр  -  ақ,.  Мен  өзім  де  қызғанар  едім,  өлік  үшін.  Алайда  оларға  бала  асыратып,  өмір,

тіршілік  заңына  кедергі  жасауға  қосылмас  та  едім  мен.  Мүмкін  қате  шығар  пікірім.  Сен

романтикалы  əйелдер  іздейсің.  Дұрыс  -  ақ.  Дегенмен,  Некрасовтың  айтқан  шындығы

шындық. Ұмытпайтын тек ана. Қасіретін қалдырмай көрге көтеріп жететін ана ғана. Бұл тек

анаға  тəн  қасиет.  Кешір,  інім,  кеп  жаздым.  Мұның  бəрі  сүйсініп  оқығандықтың  белгісі.

Топшың бірсыпыра қатая келген тəрізді, енді шарықтап, қияға көтерілуіңді тілеймін.

Қош, Əбу


Дала почтасы, 22107 А

3 август 1945 ж.



ҚАПАН CATЫБАЛДИН

АЯУЛЫ ДОС

Менің  қолымда  Ұлы  Отан  соғысынын  майданында  қаза  тапқан  жас  ақын  Баубек

Бұлқышевтың «Заман біздікі» атты əрі тұңғыш, əрі соңғы жинағы отыр. Жинақ екі бөлімнен

құрылған. Алғашқы бөлімге ақынның өлеңдері, соңғы бөлімге желдіртіп жазған қара сөздері

кipген. Өлеңдерінде Баубек əдебиетке жаңа ғана араласқан жас ақын болса, қара сөздерінде

белі бекіп, бұғанасы қатқан кəдімгі қабырғалы жазушы.

Құлын-тайдай  шұрқырасып  бірге  өскен  қатар  құрбымның  осы  бір  көлемі  не  бары  үш

баспа табақтай шап - шағын жинағы маған сондай ыстық, сондай қымбат.

Баубек анығында ренжу, торығу, ашулану дегенді білмейтін, жолдас-жорасына жұғымды,

тула  бойында  жастық,  күші  толқындай  бұрқыраған  албырт  мінезді,  қайратты  жігіт  еді,  ол

ылғи  қабағынан  күлкі  кешпей,  жарқын  жүретін.  Өмірдегі  есі-дерті  бір  ғана  өлең  болатын.

Жақсы  өлең,  қызықты  поэма  жазуды  арман  етіп,  күндіз-түні  толғану  үстінде  болатын.  Біз

оған  сенетінбіз,  көп  үміт  күтетінбіз.  Біздің  сол  үмітімізді  Баубек  ақыры  ақтап  шықты.

Жазушылық  өнеріне  деген  ыстық,  құмарлықты  армияға  ала  кеткен  Баубек  Ұлы  Отан

соғысынын  отты  жылдарында  жарқ  етіп  бой  көрсетті.  Ол  езінің  албырт  жастығына,  аяулы

арманына қол жұмсаған қаныпезер жауды қаруымен де, қаламымен де түйреді. Баубектің от

пен  оқтың  ортасында,  окопта  ай  жарығымен  жазған  солдат  сырына  толы  жалынды

публицистикасын  сол  жылдарда  біз  «Комсомольская  правдадан»  жиі-жиі  оқып  отырдық.

Бірақ Баубектің бұл жазғандарына біз риза болсақ та, оның өзі риза болған емес. Маған ен

соңғы  жазған  хатында  төрт  жылғы  өмірі  окопта  өтіп  келе  жатқан  Баубек  кең-байтақ

бейбітшіліктің құшағында, қатар-құрбыларының ортасында отырып, өзі болған соғыс туралы

құлашты поэма жазуды арман етеді. Көк жасыл жазғы Алматыны аңсайды.

Алайда, Баубек Ұлы Отан соғысы туралы поэмасын қаламымен емес, жүрегінің қанымен

жазды.  Ағыбаев  Қанағат  дейтін  солдат  маған  Баубектің  қаза  тапқанын  хабарлап  жазған

хатында:  «Аға  лейтенант  Баубек  Бұлқышев  Украина  жерінде,  Днепропетровск  облысының

Софиев ауданында, Ново - Юльевка селосының маңында жау тылына барлауға бара жатып,

қасындағы  екі  жолдасымен  бірге  мина  тиіп  елді.  Баубекті  өз  қолымнан  сол  селоға  жерлеп,

қабырының  басына  аты-жөнін  толық  жазып  кеттім,  Баубектің  жазған  сызғандары  менде

қалды»,  —  дейді.  Одан  кейін  маған  Қанағаттан  хат-хабар  болмай  кетті.  (Ұлы  Отан

соғысынан  аман-есен  қайтқан  болса  «Қазақ  əдебиетінің»  осы  номерін  оқысымен  Қанағат

хабар берер деймін). Баубек біздің əдебиеттің қыршын кеткен боздағы. Оны ертерек шыққан

шағын жинағын жаңғыртып, толықтырып, қайта шығаруға күш салсақ, біз Баубектің алдында

бір үлкен борыштан құтылған боламыз.

Таңдамалы шығармалары.



IV том. Алматы. 1976 ж.

XAЛЫҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҰЛЫ

(пікірлер, лебіздер)



ЮРИЙ ЖУКОВ. ВАЛЕНТИНА

САКОВА

«Жизнь солдата» жинағында (1946. Москва)

жарияланған Баубектің екі публицистикалық

мақаласына жазған кіріспе сөзі.

...1943 жылы жол түскен сəтінде Бұлқышев редакцияға соқты.

Қаншама əңгіме, сыр шертістік десеңізші!

-  Біздің  адамдарымыз  сияқты  адамдармен  жеңіп  шықпау  мүмкін  емес,  —  деді  ол  сөз

арасында. — Ұрысқа берілген сəтте өзімді ұмытып кетемін де бұйрықты қазақ тілінде беріп

қалатын кезім болады. Жауынгерлер соны бұлжытпай орындайды. Ал, ұрыс аяқталған кезде:

«Жолдас, аға лейтенант, бұйрығыңызды орысша айтсаңызшы, біз сіздің тіліңізді білмейміз»,

— дейді. Мінекей, тілімді білмесе де, ойымды жүрегімен ұғады. Өйткені біздің бəріміздің де

ой - мақсатымыз біртұтас...



ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ

ЕКІ АУЫЗ СӨЗ

Майдандағы  жазушы  жастарымыздың  бірі  Баубек  Бұлқышев  жолдас  өзін  жұртқа  Отан

соғысының үстінде таныстырды. Соғыстан бұрын ол əрнеге де тайынбай соқтығатын талабы

бар да қаламы ұшталмаған болатын. Ізденгіш ойға сұрау салып, жас қаламның тез ұшталып

кетуіне əсер еткен Ұлы Отан соғысы сияқты үлкен көріктің дем алысы.

Соғыс  алдындағы  соңғы  жылдарда  Баубектің  өлеңдері  көбінесе  «Октябрь  балалары»

газетінде  басылып  тұрғандықтан  «үлкендердің»  назарын  тарта  қоймаған  еді.  Ал,  мына  əр

құралдың  өткірлігін,  əр  күштің  əзірлігін  аяусыз  сынар  кезеңде  жас  талант  жақсы  сілтеп

кетті. Ойлы жастың құнарлы сөзі бүкіл совет елінің құлағына жайлы тиді, жиырма бес жыл

бірге, бір бағытта өсіп-өнген көп ұлтты елдің айнымас достығының үніндей естілді.

Баубек  заман  біздікі  дейді.  Баубек  майдандағы  қазақ  жастарының  атынан  сөйлейді.

Шынында,  мұның  екеуі  де  үлкен  жауаптылықпен  айтылатын  сөздер.  Ісіне  де,  күшіне  де

еркін  сенетін  совет  жасы  бұл  жауаптылықтан  тайынған  жоқ.  Өйткені  Баубектің  осы

кітапшада  басылып  отырған  мақалаларының  қайсысын  алсақ  та,  өте  бір  елеулі,  ерекше  бір

мағналы  мəселелерді  қозғайды.  Оны  қозғай  алған  жастың  заман  біздікі  деуге  де,  жалпы

жастар атынан сөйлеуге де əбден қақысы бар.

Баубектің  бір-екі  мақаласын  қазақшаға  мен  аудардым,  ұнатып  аудардым.  Ойланып

айтылатын  үлкен  ойларды  оқушы  жүрегіне  дəл  жеткізетін  əдемі  тілмен  бере  білу  —

жазушының  ерекше  бір  қасиеті.  Баубекте  осы  қасиет  бар.  Еліре  сөйлеген  көпірме  сөз  емес,

жас жүрегін жүз бұрап шыққан ойына орай əдемі тілі бар. «Өмір сүргім келеді», «Өмір мен

өлім  туралы»  деген  мақалалары  үлкен  шеберлікпен  жазылған.  Совет  журналист  -

жазушыларының  алдыңғы  қатардағыларының  -  ақ  айта  алатын  нəрселері.  Баубек  дүниелік

мəдениетпен, əр ағымды философиямен жақсы таныс жазушыға ұқсайды.

Баубек  қазір  Отан  солдаты,  майданда  жүр.  Қолында  мылтығы,  қалтасында  қаламы.

Елімізді қорлап, жерімізді ластап жүрген неміс фашистеріне екеуі  де  тас  шоқпардай  тиеді.

Қаламын Отан соғысының тілегіне бағындырып, Баубек қазір көркем очерк жазып жүр.

Жеңіс  күні  жақындап  келеді.  Майданнан  ширап  қайтқан  жазушы  жастардың  құлашын

кең жайып, қанатын еркін серпер күндері де жақын. Осы тілек, осы үмітпен тағы бір жақсы,

тағы бір жас жазушымыздың бетін ашқымыз келеді.


СЕЙДІЛДА ТӨЛЕШОВ

ЗАМАН БІЗДІКІ

Баубек  Бұлқышевтың  бүл  жинағында  оның  жиырма  екі  өлең,  алты  қара  сөзі  (əскери

очерктері, публицистикалық мақалалары) бар.

Баубек  бұл  жинағын  көре  алмай  кетті.  Оның  арманы  өмір  сүру,  туған  елінің  адал  ұлы

болу,  еңбек  ету,  оның  жемісін  көру  еді.  Осындай  тəтті  қиялдың  құшағында  жүргенде,  ұлы

Отанымызды қорғау жорықтарында ерлік істер көрсетіп жүргенде жау оғынан қаза тапты.

Ол  мүлде  аз  өмір  сүрді.  Ол  үнемі  өмір  сүру,  еңбек  ету  жайын  айтушы  еді.  Өмір  берген

заманын қызыға жырлайтын еді. «Менің жастығым адам баласының қызметіне берілді» деп

соғыста жүрген күндерінің əрбір минуты мен сағатын халық бақыты жолына жұмсаған еді.

Міне, өз еліне, адам баласының бақытына жас өмірін берген Баубектің мына жинағы оның

дəл езі сияқты жас лебімен, өмір сүру тілегімен, кең алған демімен, қайрат-жігерімен келген

еңбек.


Баубек былай деп əбден дұрыс болжап жазған екен: «Жақын арада мен бір жас ақынның

соғыста өлгенін көрдім. Ол соғыста батырларша алысты да, батырларша өлді. Өлер алдында

есіне  Байрон  түсіп  кетті  де,  жазу  дəптерін  баспаға  тапсыруға  бізге  берді.  Дүниемен

қоштасар  кезеңде  өлеңдерінің  өмір  сүруін  ойлады,  соны  үміт  етті:  оның  өлгеннен  кейін  де

өмір сүргісі келді. Ол өмірі — жұрт оқитын өлеңдері», — деп еді.

Осы  жинақтағы  өлеңдері  мен  қара  сөздерінен  Баубектің  əлгі  айтқан  үмітінің  үзілмес

ұзын арқауын көресің.

Ер жеткенде есейіп,

Ер болмасқа немене!

Ерке өсіп, білімді,

Кен болмасқа немене!

Өткір алмас болатқа,

Тең болмасқа немене!

Сары алтындай салмақты,

Сірə, саспас сабырлы.


Кен болмасқа немене! —

деп жазған жас Баубектің жігер-қайраты алмас болатқа тең еді, батыр соққан семсердей

берік, сары алтындай салмақты еді.

«Білімнің  кені  болмасқа  немене!»  деп  арман  еткен  ақынның  қажымас  күші,  кіршіксіз

таза ниеті, ұлы идеясы — ғылым мен білім еді, ұлы істің күресі еді.

Ақын идеясы жөнінде В. Г. Белинский өте бағалы пікір айтқан. Ақын қуатының қайнар

бұлағы  оның  құмарлық  күшінде.  «Ақын  тамаша,  сүйкімді  жанға  ғашық  болғандай,  идеяға

ғашық  болады,  соған  жан-тəнімен  құмартады».  Нағыз  ақында  болатын  осы  күш,  құмарлық,

қуат,  идеяға  ғашықтық  Баубек  өлеңдерінің,  əсіресе  қара  сөздерінің  үзілмес  желісі  болып,

айқын сезіліп тұрады.

Баубек  өмірге,  еңбек  етуге,  білімге,  Отанның  адал  ұлы  болуға  ғашық  еді.  Баубек  өмір

дегенді, адамның өмірдегі тіршілігі дегенді терең ұққан. Ол өзінің «Өмір мен өлім туралы»

деген  əңгімесінде  былай  деп  жазып  еді:  «Біздің  шығыс  елдері  адам  дүниеге  келген  қонақ,

біраз қонақтадың, енді аттануың керек» деседі. Бірақ адам дүниеге тек қана келіп, əншейін

ғана  аттана  бермейді:  ол  артына  ой  қалдырады,  мұра  қалдырады.  Ол  өмірге  адам  болып

келіп,  адам  күйінде  кайтады».  Осындай  асқар  идеяға  ғашық  болған  ақын  Баубек  өзіне  серт

еткен  осы  мұрат  мақсатына,берік  -  бекем  болып,  өмір  сүрген  аз  ғана  жылының  ішінде

артына күрделі еңбек қалдырды: өмірге адам болып келіп, адам күйінде қайтты.

Баубек  өмірдің  ең  биік  шыңына  өрмеледі.  Сол  биік  шыңға  қанат  қақтыратын,  ойын

өрлететін жан серігі де бар еді. Мұны Баубек «Ғашығым» деген өлеңінде тамаша жырлады.

Оның ғашық болғаны — сөздің патшасы, cөз сарасы — өлең еді. Дүниеге əнмен есік ашу еді.

Жас бала тəтті жырдың дəмін татқан,

Туған ұл Октябрьдей таңда атқан,

Арнаса ұстазына жаңа жырын,

Біржанша күйді толғап, түптеп тартқан, — дейтін.

Ақын  Баубек  Бұлқышев  қалам  қызметінде  енді  көріне  бастағанда  Ұлы  Отан  соғысына

аттанды. Өлеңдерінің бірсыпырасын, қара сөздерінің бəрін дерлік майданда, өмір мен өлім

тартысында  жүріп  жазды.  Қуанған,  шаттанған,  қайғырған  кездері  де  болды.  Баубек  осы

қайғы — трагедия мəселесін кеп ақын, жазушыдан өзгеше түсініп, тіпті дұрыс шеше білген.

«Үлкен  бір  қайғым  да  бар,  —  деп  жазды  Баубек,  —  болашақтағы  тексерушілер  біздің

арпалыста  жүргенімізде  қайғыра  да,  жылай  да,  қуана  да,  күле  де,  кектене  де  білгенімізді

ұғынса болғаны».

Баубектің  қайғысы  —  қимас  жастық  шағы  еді.  Бұл  мəселеде  ол  үнемі  өршіл,  үмітшіл

болатын. Ол өзі айтқандай, қайғыра да, шаттанып, қуана да білген, қайғыны ақынның үнемі

өршіл  ниеті,  шаттығы  жеңіп,  ақынды  рухтандырып,  алысқа  əкетіп  отырды.  Міне,  жас


азаматтың өмірге деген көзқарасы осындай.

«Жастық  шақ  маған  бір-ақ  рет  берілмеп  пе  еді»,  —  деп  оны  мейлінше  қадірлейтін,

«Жастық шағымыздың іші - тысы бірдей болсын, сол ай емес пе, құрбыларым?» — деп дем

беретін. 

«Сол 

жастық 


шағымды 

дүниенің 

басқа 

қандай 


қызығына 

болса 


да

айырбастамаспын»,  —  дейтін,  тамаша  өмірімізді  мақтан  ететін.  «Мен  шығыс  адамымын.

Менің  елім  жақтан  шығатын  алтын  күн  мені  ұзақ  күн  бойы  жылытады,  ол  қашан  да

қасымда», — деп сол жарқын күннің — азат өмірінің ыстық лебін: өз елінің басына ешбір

заманда қайғы-қасірет түсірмейтін шамшырағындай, рақатындай көреді.

«Өмір»  деген.  өлеңінде  Баубек  өліммен  жекпе-жек  күреседі,  қайғыны,  өлімді  өмір

нұрына жеңдіреді:

Кел, кəне, өлім, кел бері

Алысайық жекпе-жек!

Кім деп тұрсың сен мені

Сені де жеңем басқадай,

Айқассаң егер маған кеп

Көрерсің де айтарсың:

«Дүниеде өлім жоқ,

Түбіме жетті өмір» деп...

Қара  сөздерінің  тақырыбы:  өмір  сүру,  елінің  адал  ұлы  болу,  достықты  жырлау,  соның

барлық ұлылығын ашу болатын. «Жауыздық пен махаббат», «Өмір мен өлім», «Өмір сүргім

келеді»,  «Заман,  жастар,  біздікі»,  «Шығыс  ұлына  хат»,  «Тыңда,  Кавказ»  сияқты  өткір

əңгімелерінде  ақынның  нағыз  патриоттық  көзқарасы,  совет  жасының  жігері  мен  қайраты,

намысы, өмірді сүйе білген кіршіксіз таза ниеті терең оймен көркем суреттелген.

Баубектің  бірсыпыра  өлеңдері,  əңгімелері  əлі  толық  жиналған  жоқ.  Оның  достарымен

жазысқан тамаша хаттары да көп. Соларын толық жинау керек. Жас ақын, жазушыларымызға

көп-көп  үлгі  болатын,  тереңге  тартатын,  өмірді  сүюге  шақыратын,  «Заман  біздікі,

құрбылар!»  дейтін  жалынды  үні  бар  ақын  еді  ол.  Баубек  көркем  əдебиетпен  қоғамдық

өмірді,  мүддені  тығыз  байланыстыра  білген,  адам  қызметін  жоғары  бағалаған  ақын.  Оның

жастарымызға үлгі болатыны да осынысында.

«Социалистік Қазақстан»,

1949 ж. 17 июль




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет