М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет13/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

қабылдады», «дауыс берді», «белгіленген тәртіпте»,т.б.) осын-
дай қолданыстың нәтижесі. 
Қазақ тілінің стилистикалық құралдары деген ұғымға 
тілдің стилистикалық бояуға ие тұлға-бірліктерінің жиынтығы 
негізге алынады. Бірақ стиль тілдің стилистикалық бояуға ие 
емес, бейтарап элементтері арқылы да жасалатынын ескерсек
бұл мәселенің әлдеқайда күрделі екендігін түсінеміз. Сондықтан 
кез келген тілдік тұлға-бірлік (әсіресе, көп мағыналы түрлері) 
қолданыс аясында стилистикалық құрал болуы мүмкін. 
Стилистикалық мағына – стилистиканың негізгі ұғым-
дарының бірі. Сөздің мағынасы оның тек заттық ұғымын не 
болмаса сол зат-құбылыстың сын-сапасын ғана белгілеп қой-
майды. Сонымен қатар сөздің стилистикалық қызметіне қатыс-
ты мағыналық реңктері де болады. 
Стилистикалық мағына – тілдік тұлға-бірліктердің мағы-
налық құрылымындағы оның лексикалық, заттық, граммати-
калық мағыналарынан тысқары қосымша мағынасы. Бұл қо-
сымша мағына тұрақты болып, тілдік қолданыстың белгілі жағ-
дайларында туындап отырады. Сөздің стилистикалық мағынасы 
оның ұғымдық мағынасына әсер етіп, сөз мағынасын белгілі бір 
бояуларымен қоса қабылдауға көмектеседі. 
Сөйтіп, стилистикалық мағына тілдік тұлға-бірліктің ма-
ғыналық құрылымының белгілі бір бөлігін құрайды. Бірақ ол 
тілдік тұлға-бірліктердің әрқайсысында әртүрлі дәрежеде көрі-
неді. Экспрессивті бояуға ие құралдарда айқын байқалса, кей-
біреулерінде тек белгілі контекстік жағдайда ғана анық көрінеді. 
Стилистикалық мағына мен стилистикалық бояу ұғым-
дары бір-біріне жақын. Стилистикалық мағына стилистикалық 
бояуға қарағанда тұрақты да жалпы. Стилистикалық мағына мен 
стилистикалық бояу тілдік қолданыста стилистикалық конно-
тация деген ортақ терминмен аталып жүр. 


Стилистикалық коннотация стилистикалық мән-мағына, 
бояу ұғымдарын бере отырып, тілдік бірліктердің қосымша 
мағына берушілік қасиетін ашып көрсетеді, яғни экспрессивті-
эмоционалдық және функционалды-баға берушілік мағыналары 
қарым-қатынастың нақтылы қолданыс аясы мен шарттарына 
байланысты туындайды. Әсіресе функционалды стильдің белгілі 
бір түрінде стилистикалық коннотацияның тұрақты белгілері 
пайда болады: прагматика, инерция, молекула (ғылыми стиль), 
заңды тұлға, келісімшарт, өкім, мәлімдеме (ресми стиль), ре-
портаж, бас мақала, хабарлама (публицистикалық стиль), 
жанр, стиль, идея, сөз-образ (көркем стиль) т.б. 
Стилистикалық коннотация белгі-қасиеті тілдік бірлік-
тердің барлық түрінде (лексикалық сөздерде, тұрақты сөз 
тіркестерінде, сөзжасамдық тұлға-бірліктерде, синтаксистік құ-
рылымдарда) көрініп, стилистикалық әсер тудыруға көмек-
теседі. Заман мен замана, тату мен тонның ішкі бауындай, 
тыңдамау мен сөзін құлаққа ілмеу, пысық пен пысықай, оқыды 
мен оқып тастады, айта бастады мен айта жөнелді сөзде-
рінің соңғы сыңарларының экспрессивті-эмоционалдық қасиеті, 
стилистикалық мәні оларға жалғанған қосымшалар не тіркескен 
көмекші етістіктер, фразеологиялық байлаулы тіркестер арқылы 
айқынырақ көрінеді. Стилистикалық мәнде жұмсалатын тіл 
бірліктері, бояулы сөз өрнектері коннотация ұғымын қалыптас-
тыра түседі. Сөйтіп, коннотация – стилистикалық экспрессивтік-
бағалауыштық категория ретінде танылып, «стилистикалық 
норманы құрудың негізгі тәсілі» болып саналады. Қазіргі тіл 
ғылымында стилистикалық коннотацияның негізгі арқауы 
болатын мынадай түрлері (аспектілері) көрсетіліп жүр: стилис-
тикалық тапсырма, стилистикалық мағына, стилистикалық әсер. 
Стилистикалық тапсырма тікелей авторға тәуелді, автор таны-
мынан туындайды, ал стилистикалық әсер адресатқа (қабыл-
даушыға) бағытталып, оның ақпаратты қабылдау реакциясын, 
ой-сезімін тудыруға негіз болады. Бұлар сөйлеушілердің қарым-
қатынасында көбінесе сұрақ-жауап формасы арқылы жүзеге 
асады. Сонымен стилистикалық коннотация – заттық-логикалық 
және грамматикалық мағыналарға қосымша жүктелетін экспрес-
сивтік және стилистикалық қасиеттер.


Негізгі стиль құраушы факторлар функционалды стиль-
дердің жүйелілігін қамтамасыз етеді. Стиль жүйелілігінің негі-
зіне оны құрайтын тілдік бірліктердің бір мақсат негізінде өзара 
тығыз байланысып бірігуі жатады. Мысалы, ғылыми стильде 
жалпылама, дерексіз мәнге ие бірліктер белсенді рөл атқарса, 
көркем стильде керісінше, көркем-бейнелі тілдік нақтылыққа ие 
бірліктер маңызды болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет