М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет12/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   131
стилистикалық құралдар, стильдік амал-тәсілдер деген ұғым-
дар функционалды стилистикада бір-бірімен тығыз байланысты. 
Бірақ бұл ұғымдарды айқындау қажет. Қоғамдық санамен бай-
ланысты қызмет ететін тілдік амал-тәсілдердің стильдік реңдері 
де әртүрлі болатындығын аңғарамыз. Деңгейлік құрылымдар-
дағы тілдік бірліктердің, әсіресе лексикалық бірліктердің ұғым-
дық мазмұнынан басқа түрлі мағыналық-стильдік реңдері нақты 
қолданыста айқындалады. Осымен байланысты тілдік бірлік-
терді екі топқа бөліп қарастырамыз: 
1. Стильдік реңі бейтарап бірліктер (стильдік реңі жоқ); 
2. Стильдік реңі әртарап бірліктер (стильдік реңі бар 
тұлғалар). 
Стильдік реңі бейтарап құралдар дегеніміз – қарым-қа-
тынастың әр түрлі саласы мен әркелкі жағдайында қолданыла-
тын сөздер. Олардың ерекше стилистикалық белгісі болмайды. 
Мысалы, көк, ақ, ауыр, жеңіл, оқы, жаз т. т. Міне, осындай сөз-
дермен салыстыру арқылы стильдік реңге ие тұлғаларды айқын-
дауға болады. Стильдік реңі бар сөздерді: эмоционалды-экспрес-
сивті реңдегі сөздер және функционалды реңдегі сөздер деп 
ажыратамыз. 
Эмоционалды-экспрессивті реңдегі сөздер: ұстаз – оқыту-
шы, мұғалім, шопан – қойшы, шәкірт – оқушы, еңбеккер – жұ-


мысшы, паш ету – мәлімдеу – хабарлау – жариялау т.б. Осы 
реңдегі сөздердің стильдік мағынасы өз ішінен жағымды және 
жағымсыз деп сипатталады. 
Жағымды реңдегі сөздердің мазмұны көтеріңкі сипатта: 
қаламгер – суреткер – жазушы; ал жағымсыз реңдегі сөздердің 
мәні төмен болады: міңгірлеу, күмілжу, сөйлеу
Ал функционалды реңдегі сөздерге келетін болсақ, қо-
ғамдық өмірдің белгілі бір саласында қолданылуы мен жұмсалу 
сипатына байланысты тілдік бірліктер функционалды реңге ие 
болады. Мысалы, кіріс-шығыс, жолдаухат, түсініктеме, жөн-
деу жұмысы жүргізілді, іске қосылды, сүтқоректілер, ондық 
бөлшек, теңдеу, сірке қышқылы, фразеологиялық тіркес, жеңіс-
ке жетті, өзекті мәселе, көгілдір экран т. б. 
Ілгеріде аталған реңдік мәндегі сөздердің айырмасы 
мынада: белгілі бір функционалды реңі бар сөздердің эмоцио-
налды-экспрессивтік бояуы жоққа тән болады. Мысалы, түсі-
ніктеме, іске қосылды т.т. жағымды-жағымсыз реңктері бол-
майды. 
Сөйтіп, стилистикалық реңнің (бояудың) екі түрі айқын-
далады: эмоционалды-экспрессивті және функционалды. Бұл 
жағдайда, стилистикалық бояуға ие тілдік құралдарға өздерінің 
негізгі атауыштық, заттық-логикалық, грамматикалық мағына-
ларына үстемелей, белгілі бір экспрессивті немесе функцио-
налды мағыналарды қоса білдіретін тілдік құралдар жатады. 
Тілдің осындай қосымша сапа-қасиеттері белгілі бір құралдар-
дың қолданылу өрісін шектеп, қарым-қатынастың нақты бір 
саласында ғана жұмсауға мәжбүр етеді. Мысалы, жалмауыз, 
сүмелек, шүйке бас, дызықтау, селтию, сөлектеу, желкебай, 
тыраштану, т.б. бірліктер тұрмыстық салада жиі жұмсалады. 
Бұлар эмоционалды-экпрессивті бояуға ие тілдік құралдарға 
жатады. 
Функционалды бояуға ие тілдік құралдардың стильдік 
мәні, олардың ара-жігі эмоционалды-экспрессивті бояуға қара-
ғанда соншалықты айқын емес. Экспрессивті-эмоционалды бояу 
тілдік тұлғаның табиғи қасиеті болса, функционалды бояу тілдік 
тұлға-бірліктерді қарым-қатынас жасаудың белгілі бір сала-
сында жиі қолданудан барып пайда болды. Соңғы жағдайда 
тілдік дәстүрдің де рөлі бар. Тілдің тұлға-бірліктерінің мағы-


налық-стилистикалық жағы мен оларды белгілі салада көбірек 
қолдану дәстүрі арасында қатаң тәуелділік бар. Белгілі салада 
тұрақты қолданудың нәтижесінде тілдік құралдың мағынасы 
белгілі стилистикалық мәнге, бояуға ие бола бастайды да, кейін 
орнығып бекітіледі. Мысалы, ресми іскери стильде қалыпта-
сатын стандарт тілдік бірліктер («өзгерістер енгізілсін», «қаулы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет