9. Әлкебаева Д. Қазақ тілінің прагмастилистикасы (оқу құралы).
Алматы, 2007.
10. Серғалиев М. Cтилистикалық ұғымдар мен категориялар //
ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы. 1977. № 8.
11. Серғалиев М. Лингвистикалық стилистиканың түрлері мен
бағыттары // ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы.
1999. № 31.
12. Қанабекова М. Қазақ тілінің стилистикасы. (Дәрістер жина-
ғы). Алматы, 2004.
13. Матезиус В. Язык и стиль // Парижский лингвистический
урок. М.,1967.
14. Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи.
Поэтика. М., 1963.
15. Виноградов В.В. Итоги обсуждения
вопросов стилистики //
Вопросы языкознания, 1954. № 1.
16. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1983.
17. Cтилистика русского языка. Под ред. Н.М.Шанского. Л.,
1989.
ФУНКЦИОНАЛДЫ СТИЛИСТИКА СИПАТЫ
2.1. Функционалды стильдерді
қалыптастырушы факторлар
Функционалды стилистика (стилистика речи) – лингвис-
тикалық стилистиканың үлкен
бір саласы, негізгі зерттеу ны-
саны – функционалды стильдер. Қоғамдық өмірдің маңызды
саласында пайдаланылып, өзінің айрықша тілдік белгілерімен
ерекшеленетін, тілдік ұжымның қарым-қатынас қажетін өтейтін
әдеби сөйлеу түрі – функционалды стилистика деп танылады.
Функционалды стилистика ғылымда айқындалған маңыз-
ды екі қырымен сипатталады: бірі – таза
лингвистикалық фактор
(тілдік-стильдік белгілері) болса, екіншісі – экстралингвистика-
лық фактор (қолданыс аясы, әлеуметтік қызмет түрлері, қоғам-
дық сана формалары). Функционалды стильдерді қалыптасты-
руда маңызды рөл атқаратын, оның табиғатын тереңірек тануға
мүмкіндік беретін – тілден тыс, яғни экстралингвистикалық фак-
торлар екені даусыз. Бұл факторларға орыс тілі стилистикасын
зерттеушілер мыналарды жатқызады:
- қолданыс тілінің мазмұны (тақырыбы);
- қолданыс тілінің мақсаты;
- қарым-қатынас жағдайы (қолданыс аясы);
- сөйлеушінің не жазушының сипаты;
- қолданыс тілінің жүйелері, т.б.
1
Қандай да бір мәтіннің не
айтылымның белгілі бір мә-
селеге арналғандығы қолданыс тілінің мазмұнын сипаттайды, ол
көбінесе тақырыптық атаудан көрінеді. Мәселен, қазақ тіл ғылы-
мына байланысты «Шешендік сөздердің прагматикасы» деген
тақырып осы ғылыми зерттеудің негізгі мазмұнын ашып, оның
шешендік сөздердің прагматикалық мәселесіне арналғанын бір-
ден айқындап тұрады. Ғылыми стильдің тақырыбының өзі-ақ
зерттелгелі отырған сол ғылым саласының негізгі мазмұнын
қамтитын терминдік атау арқылы беріледі. Өзге бір мәтіндерде
қоғамның өткір мәселелері не белгілі бір ғылым саласының
өзекті проблемалары қамтылуы мүмкін. Ал әлеуметтік-тұрмыс-
тық қатынастағы тілдесу кезінде күнделікті өмірдегі әр түрлі
жағдаяттар әңгіме өзегіне айналады. Басқа жағдаяттарда радио-
теледидардан тыңдарман, көрермен қауым саяси ақпараттардан
хабардар болып не әдеби қойылымнан көркем дүниелерді қа-
былдайды, тыңдайды. Соған орай
берілген мәтіндер мен айты-
лымдардың мазмұны, тілдік ұйымдасу ерекшелігі әр түрлі бо-
лады, қалайда қарым-қатынастың бір түрі айқындалады.
Қолданыс тілінің мақсаты қатысымдық тұлғалардың бел-
гілі бір мәтінге немесе айтылымның сипатына байланысты мін-
детінен туындайды. Зат-құбылыстың, ақиқат дүниенің мәнді
белгісін көрсетіп, шындықты ұғым түрінде бейнелеу ме, әлде
белгілі бір мақсатқа үндеу ме, не
зат-құбылысты бейнелеу ар-
қылы оқырман сезіміне әсер ету ме, нақты мәліметтер беріп, ха-
барлау ма, өзара тілдесу ме – осындай мақсаттық ерекшелікте-
ріне қарай белгілі бір мәтін түзіледі, ол қандай да бір стильдің
көрінісі болып табылады.
1
Стилистика русского языка, Л., 1989, с.141
Қарым-қатынас жағдайы қолданыс аясының ресми не бей-
ресми сипатына қарай анықталады. Ресми аяда сөйлеу үлкен
жауапкершілікті, зор дайындықты талап етеді. Қолданыс тілінің
барынша жазба әдеби тіл нормаларына сай сөз саптауда айқын-
дылық, дәлдік, икемділік талаптарының болуы шарт. Ал бей-
ресми аядағы жағдай тікелей қарым-қатынас жасау барысында
жүзеге асады. Негізгі мақсаты өзара тілдесу не тікелей хабар
беріп, хабар алу болғандықтан, норма талабы сақтала бермейді.
Тілдік құралдардың ықшамдылығы,
сөз таңдаудың еркіндігі,
оның эмоциялық мәні басым болатындығы, паралингвистика-
лық факторлардың, бейвербалды элементтердің қатысуы, бей-
әдеби бірліктердің қолданысы жиі байқалады. Дегенмен де,
қарым-қатынастың
қандай аясында болмасын, тілді жұмсауда
мәдениеттіліктің болуы, этикалық норманың бұзылмауы шарт.
Сайып келгенде, қарым-қатынас жағдайында сөйлеушінің өзін-
дік сипаты, сөз қолдану мәнері оның жеке интеллектуалдық қа-
білетіне, рухани дәрежесіне, білім деңгейі мен мәдени болмы-
сына,
адамгершілік, сыпайылық, т.б. қасиеттеріне қарай таны-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: