М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет17/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

қарым-қатынас жасау
қызметі 
ауызекі сөйлеу стилі 
 
хабарлау қызметі 
ғылыми стиль;
ресми-іскери стиль 
 
әсер ету қызметі 
 көркем әдебиет стилі;
публицистикалық стиль 
Демек, әдеби тілдің қоғамдық қызметінің кеңеюімен бай-
ланысты оның жанрлық-стильдік тармақтары қалыптасып, дами 
түседі. Әдебиеттің әр түрлі жанрлық түрлерінің тууына лайық 
олардың өзіндік тіл өрнектері қалыптаса бастайды. Жалпы 
тілдік тұрғыдан келгенде, әдебиеттің жанрлық түрлерінде ешбір 
айырмашылық болмағанымен, оның да жұмсалу мақсатына 
қарай тілдік элементтердің қолданылуында өзіндік ерекшелік-
тері болып отырады. Әдебиет жанрының бір түрінде, мысалы, 
көркем шығармада көп мағыналы қасиеті бар, экспрессивті 
мәнді тілдік элементтер көбірек қолданылса, екінші түрінде 


(мыс., ғылыми әдебиетте), керісінше, нақтылы мағынасы бар 
тілдік элементтер жүйесі қолданылып отыруы мүмкін. Мұндай 
саралану әдебиеттің жанрлық түрінің лексикалық құрамынан да, 
грамматикалық құрылысынан да, сөз тудыру жүйесінен де көрі-
ніп отырады. Осыдан барып әдеби тілдегі бұрыннан бар стиль-
дік тармақтар айқындалып, саралана түседі не стилішілік шағын 
түрлері қалыптасып дамиды. Функционалды стильдердің шағын 
түрлері «белгілі бір мәтіндердің жиынтығы ретінде көрініс 
береді, ал сол мәтіннің әрқайсысын шағын стильдің құрамына 
енетін жанр деген жөн сияқты» деп есептейді ғалым 
М.Серғалиев
7
. Ғалымның пайымдауынша, іс қағаздары ресми 
стильдің бір түрі болып есептелсе, анықтама – сол шағын ресми 
кеңсе стилінің жанры болып табылады. Сондай-ақ радио-
телехабарлардың тілі публицистикалық шағын стиль екендігі 
белгілі, ал репортаж сол шағын стильдің жанры ретінде қабыл-
данады. Екеуара немесе үшеуара әр түрлі тақырыпта әңгіме-
дүкен құрып отырса, ол – бейресми ауызекі шағын сөйлеу стилі, 
ал олардың ауа райы жөніндегі әңгімелерінің мәтінінің тілі – сол 
шағын стильдің жанры. 
Олай болса, қазіргі стилистика ғылымында қазақ әдеби 
тілінің функционалды стильдері қатысымдық әрекеттің нақты-
лы жағдаят-міндеттеріне байланысты шағын түрлерге (стилі-
шілік жанрларға) жіктелетіндігі даусыз. Мәселен, көркем әде-
биет стилінде проза, поэзия, драматургия жанры; публицистика 
стилінде ақпараттық мақала, бас мақала, репортаж, газет, очерк 
жанрлары; ресми стильде іс-қағаздар жанры (өтініш, арыз, іс-
парақ, бұйрық, жарлық т.б.), құқықтық құжаттар жанры (консти-
туция, заң, нұсқаулық, ереже т.б.), дипломатиялық қатынас 
жанры (нота, хаттама, құттықтау т.б.); ғылыми стильде моно-
графия, ғылыми мақала, ғылыми анықтамалық жанр, ғылыми 
ақпараттық жанр (реферат, аннотация, резюме т.б.), оқулық 
жанры, ғылыми-көпшілік әдебиет жанрлары болады. 
Функционалды стиль түрлерінде стильаралық «ауыс-
түйістер» орын алады, яғни бір стильде басқа стильдің элемент-
7
Серғалиев М. Стилистика негіздері, 2006, 55-б. 


тері кездесе береді, функционалды стильдердің әр түрінің эле-
менттері қабаттаса қолданылып, көп қабатты стильдік құбы-
лыстар пайда болады.Тілдік құралдар қызмет ету барысында 
қарым-қатынастың жағдайы мен мақсатына сәйкес, олардың 
дәстүрлі қолданылу ерекшеліктеріне байланысты бір-бірімен 
сан алуан қарым-қатынасқа түседі. Соның барысында кейбір 
тілдік тұлға-бірліктер жиі, кейбірі сирек қолданылады. Осының 
нәтижесінде тілдік әрекеттің әр түрлі саласында тілдік ұйым-
дасу түрліше сипатқа ие болып келуі мүмкін. Осыдан барып 
стиль қалыптасады.
Әдеби тілдің, әсіресе оның жазба түрінің жетілген ша-
ғында қоғамдық қызметі артып, жұмсалу аясы кеңейе түседі. Ол 
өзі қызмет етіп отырған қоғамның ресми тіліне айналады. 
Соның негізінде ол мемлекет тарапынан жүргізілетін барлық 
ресми іс қағаздарының, әр түрлі әдебиеттің, баспасөздің, оқу-
ағарту жұмысының, білім-ғылымның тілі болып қалыптасады. 
Ғылымдағы біршама анықталған критерийлерге (ұстанымдарға) 
қарай тілдегі стильдік жүйені әуелі жұмсалу сипатына байла-
нысты ауызша және жазбаша деп ажыратушылық бар. Соған 
орай стильдік жүйенің екі түрі: ауызекі сөйлеу тілінің стилі 
және жазба стильдер болып қалыптасқан (әдеби тілдің екі фор-
мада қызмет ететіні белгілі). Жазба стильдердің өзі мынадай 
тармақтарға бөлінеді: ресми-іскери стиль, публицистикалық 
стиль, ғылыми стиль және көркем әдебиет стилі. Дегенмен де әр 
функционалды стильдің ауызша әдеби түрі айқындалып, тілі-
мізде орныққан (мәселен, елшілік кездесулерде, сот процесі ке-
зінде, мемлекет, мекеме қызметкерлерінің іскерлік қарым-қаты-
насында ресми стильдің ауызша түрі қолданылады). 
Функционалды стильдердің стильдік сипатын жан-жақты 
танып, талдау жүргізуде мынадай құрылымдық ерекшеліктері 
ескерілуі қажет: 
1. Қарым-қатынас аясы 
2. Қарым-қатынас мақсаты 
3. Қарым-қатынастың стильдік сипаты: 
а/ қарым-қатынас түрі (ауызша және жазбаша); 
ә/стильдік ерекшелігі (ресмилігі, бейресмилігі, образды-
лығы, логикалылығы, бағалауыштығы, т.б.); 
б/ баяндау тәсілдері; 


в/ адресат сипаты 
4. Тілдік ерекшеліктері: 
а/ фонетикалық-интонациялық;
ә/ лексика-фразеологиялық ; 
б/ морфологиялық; 
в/ синтаксистік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет