жықтың өзі; Ат елең етіп, құлағын тікірейтіп, бұған тесіле
қарап танауын делбеңдетіп сәл оқыранды.
Демек, етістіктің көсемше
категориясының экспрессивті-
лікті тудыруда стильдік қызметі өте кең. Мәселен, ұлы Абай
ойды бейнелі жеткізуде, портрет жасауда, психологиялық хал-
ахуалды суреттеуде осы тұлғадағы образды етістіктерді
шоғырлап жиі қолданған. «Болыс болдым, мінекей» деген өле-
ңінде болыс, пысықтардың портретін жасауда
жалпылдап, бар-
қылдап, шаңқылдап, тарпылдап, дікілдеп, өкімдеп, күпілдеп,
шыбындап, жымыңдап т.б. – көсемше тұлғадағы етістіктер
орынды жұмсалған.
Ал мына мысалдарда:
Жел күшейсе, құм боран соғып,
беті-көзіңді осқылап тұратыны бар. Ол кез Битабар үшін
тіпті қиямет. Сондайда өзінің туған жері – Сарысу бойы,
шілдеде көгеріп жататын Иманақ тауы көз алдына келеді де,
әлде не жүрегін шымшып ауыртады (С.Шаймерденов)
соғып,
осқылап эпитетті етістіктері боранның бейнелі сипатын сурет-
тесе,
көгеріп, шымшып етістіктері кейіпкердің ішкі сағыныш
сезімін күшейте түсуге қызмет етіп тұр.
Олай болса, етістік, оның өзге де тұлғаларының қызметі,
түрлі
мағыналық реңктері, нақыш-бояулары, экспрессивтілігі
көркем шығарма тілінде анық көрінеді. Мәселен, шақ, рай, кө-
семше т.б. тұлғалы етістіктердің, болымсыздық формасының
стильдік жұмсалу мүмкіншіліктері кең. Етістік тұлғалардың
модальдылығын, экспрессивтілігін күшейте түсетін элементтер
де (демеулік шылаулар, одағай, қыстырма сөздер, есімдік, үстеу)
айрықша қызмет атқарады.
Етістіктің рай тұлғаларының да әртүрлі модальдық реңк-
терді (өкіну, ренжу, тілек, ұсыныс т.т.) жеткізудегі стильдік тә-
сілдер ретіндегі қызметі айрықша
(оған сәлем айтқайсың, бір-
ауыздан дауыс берейік). Немесе жақтық тұлғалардың да түрлі
стильдік мән-мағына берудегі мүмкіндігі мол
(мына өлеңге
назар аударайық – назар аударыңдар (ІІ жақ) деудің орнына
назар аударайық (І жақ) деп қолдануда да стильдік мән-мағына
бар екендігі аңғарылады.
Етістіктің шақ тұлғалары да ойдың бейнелілік қасиетін
арттыруда елеулі стильдік қызметте жұмсалады:
Сол шабыста
Қызыл Жебе Тұрарға жарқ ете қалған найзағай сияқты көрінді.
Қызыл Жебенің желбіреген жал-құйрығы найзағайдың тарам-
тарам бұталарындай жалындап бара жатты. Қызыл Жебе –
жалт етер найзағай сынды аяғы жерге тиер – тиместей ұшып
келеді. «О, Қызыл Жебе» - деген дауыс Шолақ Шабдардың үс-
тіне отырған Тұрардың аузынан еріксіз шығып кетіп еді
(Ш.Мұртаза). Бұл жерде жазушы аттың жүйріктігін, шалт
қимылын бейнелеу үшін негізінен осы шақ тұлғалары мен нақ
осы шақ тұлғаларын сәтті пайдаланған. Яғни баяндауыш тұл-
ғалары
бара жатты, кетіп еді, ұшып келеді сияқты етістік тұл-
ғаларымен бейнелеу арқылы оқиғаның нақ осы сәтте жедел
өткенін айқындай түседі.
Кейбір
етістік тұлғалары сұрыпталып, белгілі бір стиль
түрлерінде ғана жұмсалады, сол стильдің өзіндік белгілері бо-
лып табылады. Ырықсыз етіс тұлғасындағы өткен шақ етістіктер
– ресми-іскери стильге, құжаттар тіліне тән:
қол қойылды,
өтініш берілді, қаулы қабылданды, т.т., сондай-ақ -сын, -сін бұй-
рық рай тұлғасы ресми стильге тән стандарт тілдік бірліктердің
жасалуына негіз болады:
күші жойылды деп танылсын, көрсе-
тілген қаулымен бекітілсін, жөнінде ұсыныстар енгізілсін,
пайдалану құқығы берілсін. Істің нәтижелі болып орындалуын
білдіретін тұйық етістік тұлғасы да
ресми мәтіндерде көбірек
жұмсалады:
ұсыныс жасау, шара қолдану, шешім қабылдау,
нұсқау беру, кепілдік беру, келісімге келу, дауысқа салу. Ал
ғылыми стильде етістіктің ауыспалы осы шақ категориясы жиі
қолданылады:
болып табылады, өзектілігін көрсетеді, ғылыми
тұжырымдалады, жиі талдауға түседі, сипаттама беріледі,
қорытынды жасалады, бағытын белгілейді, ерекшелігі көрі-
неді; -уда, -уде тұлғалы бірліктер де ұшырасады:
тиянақты
зерттелуде, талқылануда, кеңінен қарастырылуда, мән беруде,
бағыттары айқындалуда, назар аударуда т.т. Публицистикалық
стильде көбіне етістіктің өткен шақ категориялары саяси шолу-
ларды, әр түрлі ақпараттарды хабарлап жеткізуде, тарихи маңы-
зы бар оқиғаларды бейнелеуде қолданылып, сол арқылы бұқа-
раға айрықша әсер ету қызметін атқарады:
еліміздің экономи-
калық әлеуетін әлемге паш еткен бірқатар шаралар өткізілді.
Бұл конкурс барлық кеңістіктегі музыка өнері дамуының жар-
қын көрсеткішіне айналды; Бұл да депутаттар назарынан тыс
қалмаған, парламент мәжілісінде өткір мәселе ретінде талқы-
ланған (Егемен Қазақстан). Қысқасы, етістік категориясының
функционалды стилистиканың барлық саласында да, тіл деңгей-
лерінің стилистикасында да қолданылу әлеуеті жоғары, стилис-
тикалық мүмкіндіктері мол.
Достарыңызбен бөлісу: