М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет75/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

Қосымшалар 
 
ТАПСЫРМАЛАР 
 
I. СТИЛИСТИКАНЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ 
1-тапсырма. Белгілі тұлғалардың ана тілі жайлы ой-
толғамдары мен нақыл сөздерінің мазмұнына назар аудары-
ңыз. «Қазақ тілі – кемел тіл» деген ұғымға қатысты өз пі-
кіріңізді білдіріңіз. 
Н.Назарбаев: 
Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қал-
қыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген 
орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты 
да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не 
бар екен!
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтас-
тығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі. 
Бізге ана тілімізден асқан тарихи мұра жоқ. Ендеше оны 
жан аямай қастерлеуден асқан биік парыз да жоқ. 
Ә.Қайдар: 
Көркем сөз өнерінің негізгі тетігін сөз қолданыста деп 
білсек, оның екі түрі бар екен: біріншісі – сөзді орнымен, сөз 
жүйесімен дұрыс қолдану да, екіншісі – сөзді дұрыс қолдану 
үстіне әсем де әсерлі етіп қолдану. Біріншісі – елдің бәріне 
қойылатын жалпы талап болса, екіншісі – ақын-жазушылар 
үшін міндетті де ерекше талап. 
Әрбір халықтың ой-өрісін, парасат-парқын, сезім-түйсігін, 
дүниетанымы мен болмыс-тірлігін танытатын – оның тілі.
Қ.Жұмаділов
Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, бедерлі де, бейнелі 
тілдердің бірі. Ол күні кешегі «өнер алды – қызыл тіл» деп 
ұққан көшпенділердің, ердің құнын екі ауыз сөзбен тындырған 
көшелі билердің тілі. 
2-тапсырма. Стилистика – тілді зерттеудің биік шыңы, 
ұлттық тілдік мәдениетті арттырудың теориялық негізі де-
генді қалай түсінесіз? Осыған орай төменде келтірілген көп 


нүктенің орнына тиісті сөз бен сөз тіркестерін қойып, ай-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет