М.Қанабекова


Стилистикалық айшықтаулар



Pdf көрінісі
бет71/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   131
 
5.2. Стилистикалық айшықтаулар 
 
Ассонанс (үн қату) – дауысты дыбыстардың үндесе қайта-
лануынан тұратын стилистикалық айшықтаудың түрі. Ассонанс 
шешендік сөздерде, мақал-мәтелдерде, көркем шығармаларда 
жиі ұшырасады. Мысалы, Өзім дегенде өгіз қара күшім бар 


(Мақал). Поэзиялық шығармаларда стильдік мақсатта жиі жұм-
салады: 
Алатауды айналсам, 
Алғадайым табам ба?! 
Сарыарқаны сандалсам, 
Саңлағымды табам ба?! (Жамбыл) – әке зарын күшейтуге 
қызмет етіп тұрған тәсіл – ассонанстық қайталаулар. 
Ассонанс сөздің интонациялық мәнін, экспрессивтік 
эмоциялық бояуын күшейтіп, ойдың әсерлілігін арттырады. 
Ашық жүз, ақ жарқын көнілден асар құрмет болады деймісің? 
– деп Еркебұлан көзін әйелге қарай аудара беріп еді, өзінің көзіне 
шақырая қадалған қитардың бір көзін көрді (Ғ.Мүсірепов). Ды-
быстық қайталаулар ой мазмұнының үнділігін күшейтумен 
қатар, тілдің синтаксистік құрылымын түрлендіріп жетілдіруде 
де маңызды рөл атқарады. 
Аллитерация – дауыссыз дыбыстардың бірыңғай қайта-
лануы. Әлем поэзиясында ертеден келе жатқан стилистикалық 
айшықтау түрі. Әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіретін 
көркемдік тәсіл. Аллитерация – қазақ мақал-мәтелдерінің ұтым-
ды тәсілдерінің бірі: Бейнет, бейнет түбі – зейнет. Аллите-
рация прозалық, драмалық шығармаларда да, шешендік сөздер-
де де қолданылады: Арғы атаңа орнықты орда болған, бергі 
атаңа қайыспас қара қанжар болған, берік түйінді берен сауыт 
болған – мына біз едік... (Томан би). 
Проза тілінде де қолданылып, айтар ойға нұқсан келтір-
мей, прозаның ырғақтылығын, әуезділігін тудырып, оқырманға 
ойдың әсерлілігін күшейте түседі. Ол да жазушы шеберлігіне 
байланысты құбылыс: Екі көзінен жалп-жалп етіп, жанып бара 
жатқан зеңгір көк жапырақтар жерге түсіп жатқанын 
көрді… Алшақ жайласып, араласпай араз отыратын екі бай уә-
делесіп қойғандай, Майқұдық басына бүгін кешке жақын қатар 
келіп құлады. 
Иә, айта беріңіз,деп манадан таңдайын қағып, таң-
данып отырған Күреңкөз қожаға бұрылды. Игілік ыңғайымен 
өруге үйреніп қалған топ, ол елең қылмағанға елеңдесіп қал-
ғандарына ұялғандай болып…(Ғ.Мүсірепов). Демек, аллитера-
ция шығарманың мазмұнын көркемдеп, оның эстетикалық қуа-
тын арттыра түсері сөзсіз. 


Анафора – (грек — жоғары шығару) – бір сөздің не сөз 
орамының, өлең жолдарының сөйлемнің басында қайталануы 
болып табылатын стилистикалық айшықтау түрі. Анафораның 
лексикалық, синтаксистік түрлері болады. Лексикалық түріне 
бір сөздің қайталануы жатады:
Үлкен адам болу үшін ғаламда, 
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, 
Үлкен болып қалу үшін ғаламда, 
Үлкен арман керек екен адамға! (М.Шаханов) 
Бұл жерде үлкен сөзінің әрбір жол сайын қайталануы – 
стильдік мақсаттан туған құбылыс. Ақын өмірде өз қабілетіңді 
дұрыс танып, қоғамның, халқыңның қажетіне жарау үшін ар-
манды дұрыс таңдай білу керектігін уағыздайды. 
Синтаксистік анафорада сөз тіркесі не сөйлем түріндегі 
құрылымдардың қайталануы болады: Алаң да, алаң, алаң 
жұрт… (Қазтуған). Бұлқынып жатыр, келмейді-ау құрғыр ша-
масы. Бұлқынып жатыр, таусылды-ау айла-шарасы. Сәулемнің 
менің аяқ пен қолын матамай, Бостандық берші, бостандық 
берші, мамасы (М.Мақатаев). 
Эпифора – өлең жолдарының соңында бір сөздің не сөз 
тіркесінің қайталанып келуі. Бұл қажетті бір ойға, құбылысқа 
ерекше назар аударып, сөз әсерін арттыру үшін қолданылады. 
Әр түрлі мақсатта қайталау болады. 
Қыз бала көркем көрінер, 
Беттегі нұрлы қанменен… 
Еділ көркем көрінер, 
Жағалай біткен талменен (А. Керейұлы) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет