М.Қанабекова


-тапсырма. Прагмастилистиканың пайда болуына



Pdf көрінісі
бет78/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

10-тапсырма. Прагмастилистиканың пайда болуына 
ықпал еткен факторларды анықтап, ондағы дискурс, мәтін 
категорияларына сипаттама беріңіз. Ол жайындағы ғалым-
дар пікірлерін сызба кестеге түсіріп, ғылыми таным-түсінік-
теріне өзіндік талдау жасаңыз. 
II ФУНКЦИОНАЛДЫ СТИЛИСТИКА СИПАТЫ 
 
1-тапсырма.Төмендегі 
мәтіндердің 
функционалды 
стильдердің қай түріне жататындығын анықтаңыз. Тілдік-
стильдік ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз. 
Анталияда айтылмаған мәселе қалмады. Ендігісі – істе!
Бүкіл әлем халықтарының жаһандану ағынынан аман қалуы 
үшін ықпалдастық тіршілік етуге көшпелі көк түріктің төрткүл 
дүниеге тарап кеткен ұрпақтары да бір-бірін іздей бастады. Бұл 
құбылыс әсіресе бұрынғы Кеңес одағы ыдырап, әлемнің саяси 
картасында Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан 
және Өзбекстан секілді тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттер пайда 
болғаннан кейінгі кезеңде анық бой көрсетіп, оның негізгі ұйыт-
қысы да Түркия болған еді. 1992 жылы түркі тілдес мемлекеттер 
басшыларының алғашқы саммитін өткізген Түркия содан бері 
шама-шарқынша түркі әлемінің басын біріктіруші факторын ат-
қаруға тырысып келеді (Газеттен). 
Тал-теректің сарғая бастаған жапырақтарын тозаң тұтқан. 
Күз де болса күн ыссы. Көбелектердің өзі ыстықтан ыңқылдап, 
шөп басында әрең отыр. Жолда келе жатқан адамдардан сес-
кеніп жалбаң етіп үркіп ұшса да, лезде жалп етіп барып қайта 
қонады. Тек қарлығаштар ғана ащы күнді елең қылмай көне-
тоздау бола бастаған көгілдір аспанда қайқаңдап ұшып, қалық-
тап жүр. 
...Аспанда ұзақ қарғалар күннің көзін көрсетпей, қара-
құрымдай қаптап, жылы жаққа көшіп барады. Суық күз түсіп 
келе жатыр. Аспараның басын сіреспе сұрғылт бұлттар жиі-жиі 
торлайтын болды...(Ш.Мұртаза). 
Сөздің коммуникативтік сапасына баға беру тілдік норма 
жағынан қарастырылса, ендігі тұста тілдік және тілдік емес 
мәнділіктерді тек нормативті аспектіде қарастырмай, функцио-
налдық, коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік, лингво-


мәдени аспектіде зерттеу; тілдік тұлғаны сөз мәдениеті пәнінің 
түпқазық ұғымы ретінде алу; сөз мәдениеті бұған дейін сөй-
леуші (автор, коммуникатор, адресант, сөз субъектісі) пози-
циясы тұрғысынан қарастырылса, ендігі тұста тыңдаушы (адре-
сат, коммуникант, реципиент) тұрғысынан қарау, соның негі-
зінде сөздің сапасына баға беру зерттеудің коммуникативтік ас-
пектідегі жаңалықтары болып саналады (Н.Уәли). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет