М.Қанабекова


Бейнелі тұрақты тіркестер



Pdf көрінісі
бет47/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

Бейнелі тұрақты тіркестер 
Мұндай топтағы сөз тіркестері тек ауыспалы мағынада 
жұмсалып қоймай, сонымен қатар ерекше образды-мәнерлегіш-
тік сипатта жұмсалады. Ондағы ой метафоралы сөз орамдары 
арқылы тұжырымды, өткір, әсерлі бейнеленеді. Сондықтан бей-
нелі сөз тіркестері деп аталады. Онда тұрақты эпитет, теңеу, 
тұрақты әсірелеу, тұрақты литота тәрізді поэтикалық тіл 
үлгілері бар. 
Тұрақты теңеу: үріп ауызға салғандай, тонның ішкі 
бауындай, инемен құдық қазғандай, көздің қарасындай, сөзі 
түйеден түскендей, бит шаққандай т.б. 
Тұрақты этитет: ай қабақ, ит жанды, жылқы мінезді 
т.б. 
Тұрақты әсірелеу: көзі шарасынан шығу, телегей-теңіз, 
көп түкірсе көл, қара қылды қақ жарған, күн десе көзі, ай десе 
аузы т.б. 
Тұрақты литота: дүниені бір уыс қылу, көз ілінбеу, кірпік 
қақпау, иненің жасуындай, темір етік теңгедей, темір таяқ 
тебендей т. б. 
Антитеза (шендестіру) жолымен құрылған сөз тіркес-
тері: бірде бие, бірде түйе, мың асуға бір тосу. 
Дамыту: тай құнанға жеткізер, құнан атқа жеткізер, 
ат мұратқа
 
жеткізер; оқу – білім бұлағы, білім– өмір шырағы
т.б. 
Параллелизм: қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің 
көркі; Киім кірі жуса кетер, көңіл кірі айтса кетер. 
Анафора: бояушы бояушы дегенге сақалын бояйды; қол 
қолды табады; көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен 
болады т. б. 


Эпифора: Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ, аласаны 
атқа санама, жақынды жатқа санама. 
Фразеологизмдерге бейнелілік, мәнерлілік сипат беретін 
дыбыс үйлесімі, ырғақ және ұйқас: сабыр түбі сары алтын; 
айтпа, айтқандарыңнан қайтпа; қысыла-қысыла қыз болдым 
т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет