М.Қанабекова


Стилистиканың тіл мәдениеті ғылымымен



Pdf көрінісі
бет7/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

1.3. Стилистиканың тіл мәдениеті ғылымымен 
арақатынасы 
 
Стилистика мен тіл мәдениетінің арақатынасын сөз етудің 
де өзіндік мәні бар. Мұндай жағдайда әдеби норма және сти-
листикалық норманың өзіне тән ерекшеліктері айқындала 
түседі. Стилистика мен тіл мәдениетінің арақатынасы жөнінде 
ғылымда әлі күнге дейін түбегейлі шешім болған жоқ, әрқилы 
пікір-көзқарастар бар. Бірқатар авторлар сөз мәдениетін стилис-
тикадан кең мағынада ұғындырады да, «шын мәніндегі қол-
даныс тілі мәдениеті қарым-қатынастың мақсат-міндеттеріне 
сәйкес қазіргі әдеби тілдің стильдері мен формаларын меңгеруді 
мақсат етіп қояды»
8
деп көрсетеді. Бұл екі ғылым саласының 
өзіндік өзгешелік-ерекшеліктері бар екендігін, екеуі бір ғылым 
еместігін кезінде академик В.Виноградов айтқан болатын
9
. Ал 
профессор Б.Н.Головин стилистика мен тіл мәдениетінің ара-
сында ұқсастықтың көп екенін айта отырып, олардың айыр-
машылықтарын да баса көрсетеді: «Стилистиканың нысандары
8
Скворцов Л.И. Норма. Литературный язык. Культура речи // Актуальные 
проблемы культуры речи. М., 1972, с.97 
9
Виноградов В.В. Проблемы культуры речи и некоторые задачи русского 
языкознания // Вопросы языкознания. М., 1964, с.133 


– тіл мен қолданыс тілінің стильдері, олардың ұқсастықтары, 
айырмашылықтары. Қолданыс тілі мәдениетінің нысандары – 
қолданыс тілінің қатысымдық (коммуникативтік) сапалары, ол 
сапалардың даму жағдайлары, ал ол жағдайлардың ішіне тіл 
және қолданыс тілі стильдері кіреді»
10

Демек, стилистика – тіл құралдарын (тұлға-бірліктерді) 
талғап, орнымен дұрыс қолданудың заңдылықтарын үйрететін-
діктен, тіл мәдениеті ғылымымен өте тығыз байланысты екен-
дігі байқалды. Сондықтан қай тұрғыдан болса да сөз болатын тіл 
мәселесі тілдік нормаға барып тіреледі. Әдеби тілде сөйлеуші 
адам ойын дұрыс жеткізуді ғана емес, қалай айтып жеткізуді 
көздейді, тілдегі дұрыстықты ұстауға тырысады, демек, әдеби 
тілдік нормада екі мақсат қатар көзделуі керек: ойды білдіру 
және оны мәдениетті түрде, яғни белгілі дұрыстық, көркемдік 
нормаларын сақтап білдіру. 
Қазіргі қазақ әдеби тілінің нормаларына келгенде, олар-
дың жалпыға ортақтығын, міндеттілігін айтумен қатар, функ-
ционалды стильдерге бөліп қарау керектігі де назар аударады. 
Тілдік норманы міндетті түрде қолдану бар да, ыңғайына 
қарай қолдану бар. Айталық, орыс тілі мамандарының 
(Б.Н.Головин т.б.) тануынша, грамматикалық, орфоэпиялық, ор-
фографиялық, пунктуациялық нормаларды қатаң, міндетті түрде 
сақтау керек, ал стилистикаға келгенде ыңғайына қарай босаң 
нормаларға да иек артуға болады дейді. Тілдің функционалды 
стильдерге қарай ажыратылатын нормалары стилистикалық 
нормалар болып табылады, яғни сөз қолдану нормалары, олар 
әдеби тіл нормасына сәйкес қалыптасады. Әсіресе, функцио-
налды стилистикаға байланысты сөз қолданудың тұрақтылығы 
бар. Атап айтқанда, ауызекі сөйлеу стилінде қарапайым сөздер, 
диалектизмдер, жаргондар, бөтен тілдік элементтер, «барға-
сын, кеп, боп» т.б. тәрізді морфологиялық тұлғалардың қолда-
нылуы мүмкін болса, жазба стильдерде олар нормадан тыс деп 
есептелінеді. Тілдің стильдік айшықтаулары, көркемдік құрал-
дары көркем әдебиет стиліне тән, олар іс қағаздары мен ғылыми 
стильдерде қолданылмайды. Бұдан шығатын қорытынды: сти-
листикалық нормалар да тілде қалыптасады, олар әр стиль 
10
Головин Б.Н.Основы культуры речи. М., 980, c 323 


түрлеріне сай келуі қажет. Мәселен, өткен шақ есімшенің 
жұрнағы -тын (-тін) және тұғын болып екі вариантта кездеседі. 
Мұның алдыңғысы қатаң норма, яғни функционалды стильдер-
дің барлығында қолданылады, ал -тұғын нұсқасы, негізінен, 
көркем әдебиет, оның ішінде поэзия үшін норма. Тағы да бір 
мысал, ресми хабарларда, құжаттарда президент деген сөз ел-
басы деген суреттеме сыңарымен ауыстырылмайды. Соңғы 
нұсқа көтеріңкі (пафостық) тонмен жазылған газет-журналдар 
тілінде, көркем әдебиетте, оның ішінде поэзияда қолданыла 
береді. 
Жоғарыда айтылған ауызекі сөйлеудің элементтері (қара-
пайым, диалект, дөрекі сөздер…) әдеби тілдің лексикалық нор-
масынан тыс тұрады. Бірақ көркем әдебиет тілінде, көбінесе 
кейіпкерлер тілінде, шығарманың жанрлық сипатына қарай 
автордың өз баяндауында да қолданылуы норма болып табы-
лады. Соңғысы – стилистикалық нормалар ретінде танылады. 
Сондай-ақ қолданыс тілінің шарттары (дұрыстық, дәлдік, эсте-
тикалық) тұрғысынан әр функционалды стильдің өзіне тән сти-
листикалық нормалары айқындалады. Айталық, «ресми стиль-
дегі дұрыстық – стандартты сақтау, дәлдігі – лексикалық бірлік-
тер мен фразеологизмдерді тура мағынасында жұмсау, эсте-
тикасы – оның нақтылығында (обьективтілігінде). Сол сияқты, 
ғылыми стильдің дұрыстығы – баяндаудың логикалылығы мен 
жүйелілігінен көрінсе, дәлдігі – ойды білдіру түрінің ғылыми 
ұғымдар мен терминологияның айқындығына сәйкес келуінен 
байқалады, ал эстетикалылығы – терең мазмұнның түсінікті 
және қарапайым берілуінде жатыр. Публицистикалық стиль мен 
көркем әдебиет стильдеріндегі дұрыстық деп отырғанымыз, 
оқырман мен тыңдарманның назарын тез аудару үшін қажетті, 
бейнелегіш мәні бар сөздерді таңдап, сұрыптауға тікелей байла-
нысты болады. Дәлдік көпшіліктің тез қабылдап, қанатты сөзге 
айналып кететіндей сөздерді тауып, нақтылы бейне жасау мақ-
сатында туындайды. Тыңдарман мен оқырмандарды тебірен-
терлік сөздер мен сөз оралымдарын қолдану бұл стильдердің 
эстетикалық қуатын арттыра түседі. Бұларға қарағанда, ауызекі 
сөйлеу тілінің өзіндік ерекшеліктері бар. Әдеби тіл норма-
сының, саналы түрде болсын, кездейсоқ болсын стилистикалық 
норманың көрсеткіші бола береді. Әсіресе эстетикалық тікелей 


қарым-қатынас кезіндегі интонациядан, эмоционалдылықтан, 
бет-пішіннің құбылуынан айқын аңғарылады. Әрине, жазба 
тілдегі авторлардың шеберлігі сияқты, ауызекі сөйлеу тілінде де 
тілдік қарым-қатынасқа түскен адамдардың сөйлеу шешендігі 
мен шеберлігінің мәні өте зор»
11
. Олай болса, стилистикалық 
норма – қарым-қатынас аясындағы қолданыс тілінің мақсат-мін-
деттеріне сәйкес тілдік бірліктердің стильдік ұстаныммен жү-
зеге асуы болып табылады. 
Демек, стилистика мен тіл мәдениетінің арақатынасын 
айқындау маңызды мәселеге жатады. Стилистиканың қарасты-
ратын негізгі мәселелері ілгеріде айтылған жайлар болса, тіл 
мәдениетінің арқауы – тілдік құрылымның жарасымдылығы. 
Проф. Б.Н.Головинның дәл танып, атап көрсеткеніндей, тіл 
мәдениетінің өзіне тән дәлдік, дұрыстық, тазалық, байлық, 
мәнерлегіштік, қисындылық, әдептілік тәрізді сапалары болады, 
өзіндік категорияларға ие. Ал зерттелу хронологиясы жағынан 
стилистика мәселелерінің тіл мәдениеті мәселелерінен әлде-
қайда ерте қолға алынғаны белгілі. Айталық, стилистиканың 
алғашқы элементтері ертедегі Грекия мен Римнен, одан кейін 
Еуропа елдерінен бастау алғаны тіл тарихынан мәлім, ал тіл 
мәдениеті мәселелерінің қарастырылуы кейінгі ондаған жыл-
дардың жемісі. 
Қысқасы, өзіндік теориялық ұғым-категориялары бар тіл 
мәдениеті ғылымы стилистикамен тығыз байланыста ғана дами 
алатын, стилистиканың жетістіктерін пайдалану нәтижесінде 
өркендейтін ғылым саласы. Тілдік тұлға-бірліктерді стильдік 
мақсатқа сай орынды жұмсай білу – сөз мәдениетінің қатысым-
дық сапаларын арттыратыны сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет